Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Еркелейтін әлі мен, Әжем жақсы бәрінен

Мақсаты: 1) Балаларды әжеге деген сүйіспеншілікке баулу. Әже еңбегін ардақтап, мейірімділікке сый - құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой - өрісін тіл байлығын, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата - ана алдындағы парызы мен қарыздары туралы түсініктеме беру
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі әжелердің жауапкершілігі.
Әжелердің өмірге деген көзқарасын өзгерту.
Әжелердің немерелеріне жауапкершілікпен қарауға шақыру.
2. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Түрі: кездесу ток - шоу
Көрнекілігі: Слайд, бейнесюжет

Барысы:
I. Ұйымдастыру
Әженің өмірдегі, қоғамдағы, бала өміріндегі маңызы туралы видеоролик көрсету.

II. Кіріспе сөз
Қазақ отбасында әже орны қадірлі әрі ерекше. Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйтқысы, кейінгі жастардың тәрбиешісі.
Жаңағы бейнесюжеттен көргеніміздей ертегі айтатын әжелеріміз қазіргі кезде тым азайып бара жатқандай ма?
Алайда айтуға бәрі оңай...
Біздің сыныбымыздың әжелері немерелеріне әлі де қамқор, әрі тәрбиеші.
Ортаға әжелерді шақыру.

Әжелер өз пікірлерін, бала тәрбиесі туралы ой өрбітеді.
Оқушылар сұрақ қояды.
1 Базарлық дегеніміз не?
2 Немерелеріңіздің қызықты сәттерін айтып берсеңіз
3 «Баланың жақсысы - қызық,
Жаманы – күйік»- деген мақалды түсіндіріп берсеңіз
4 «Есікті керме» деген тыйым сөздің мәнін ашып берсеңіз
5 Мақал - мәтел айтып берсеңіз
6 Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?
7 Бізге өсиет сөздер айтып берсеңіз

Оқушы тілектері
Әр оқушы әжелеріне жырдан шашу шашады
1 - оқушы: Менің әжем, бұл әжем
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса көреді
Қызығымды әлі әжем.
2 - оқушы: Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем.
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем.
3 - оқушы: Менің әжем, жыр әжем
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп
Аман – есен жүр, әжем!
4 - оқушы
Әже маған үлгі сөзіңіз
Өнегесіз өзіңіз
Жақсылыққа талпынып
Біздің нағыз кезіміз.
Жақсы деген немене
Жаман деген немене,
Осындайда, әжетай
Айтыңызшы өнеге.
5 - оқушы
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз.
Шөбере сүйіп әлі де,
Жүзге жетсін жасыңыз.
60 та өмір белесі,
Қартайдым мен демеші.
Туған күнде жыл сайын,
Қуанышқа бөлеші!
6 - оқушы
Алтын әжем менің!
Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнан айналдым! Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл - өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!
7 – оқушы
Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп - баптап өсірген ұл - қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір - бір шаңырақты құрап, өсіп - өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - дейді. Алла сізге күш - қуат берсін! Ұл - қыздарыңыз бен немере - шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!
8 – оқушы
Алпыста алты жасар баладай бол,
Жетпісте хан жығасы – жағадай бол.
Сексен мен тоқсанда сыр алдырмай,
Жүз жаста көпті көрген данадай бол.
Аман болсын басыңыз,
Ағармасын шашыңыз
Шөбере сүйіп әлі де
Жүзге жерсін жасыңыз.
9 - оқушы
Әжеме тілек
Әже - сенің ардақ тұтам есіміңді,
Болдың ғой бізге әрдайым кешірімді.
Қондырып қияға - қыз ұяға - ұл,
Өзіңнен ұрпақтарың өсіп - өнді.

Айналайын асыл әжем мінезіңнен,
Бар бақытты табамын бір өзіңнен.
Ешқашанда ауырмай жүре берші,
Бар жақсыны тілеймін жүрегіммен.

Сізге деген тілгім таусылмайды,
Болмасын өміріңде уайым - қайғы.
Көтеретін немере еркелігін,
Аппақ бейнең біз үшін жарқылдайды.

Анасысың әкемнің анашымның,
Тілеймін бір өзіңе бар асылды.
Көрейік асыл әжем өзіңді әркез,
Өмірдің биігінде дара шыңның.

Әр оқушы әжелерге өз қолынан жасаған сыйлықтарын таратады.
«Әжеге арнау әні
Қонақтарға сөз беру
Әжелерден бата алу.
Хор «Әже»
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету