Сайтқа кіру Тіркелу

"Апамның астауы" Оралхан Бөкей

Ана тілі (4 - сынып)

Тақырыбы: Апамның астауы. Оралхан Бөкей.
«Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» элементтерін пайдалану.
Мақсаты: Оқушыны Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; баланың анаға деген сүйіспеншілігін, мейірімін сезінуге баулу.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену. Түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер, кесте, интерактивті тақта, қосымша дәптерлер, бағалау парағы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
1, 2, 3
Сынып іші тып - тыныш!
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз!
Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Өлеңді жатқа сұрау.
1. Ғафу Қайырбеков кім?
2 Ақын нені ұмытпаспын дейді? Неге тозбайтын асыл сөз? Мыңдаған ақын сен туралы жазса да тауыса алар ма екен? – деп не жайлы айтады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді? Өлеңнің соңғы жолдары бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ: Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесін оқи отырып, әр баланың асылы «апасы» жайлы әңгімелеу.
Астау - ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс
(Слайдтан көрсетіп толық мағлұмат беру.)
Оқулықпен жұмыс. Тізбектеп оқу, түсініп оқу. Теріп оқу

Сөздік жұмыс. (Слайд арқылы көрсетіп түсіндіру)
Келі – тары, бидай, т. б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын ағаштан жасалған құрал.
Астау – ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс. Әңгімешінің (автордың) балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен? Әңгімені оқып отырып, Апаны көз алдына қалай елестеттің?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Әңгімешінің Апасына берген мінездемесіне және мына үлгілік сызбаға сүйеніп, Қандай? Сұрағына жауаптар жаз.
Қандай?

Арық ашаң кемпір
Тарамысты мықты саусақтар
Тыртықтанған әдемі ажар
Қара бұйра шаш

Сергіту жаттығу: «Ана» жайында ән (1 - шумағы)
Дәптермен жұмыс:
Жазушының апасын сағынған, аңсаған сезімі айтылатын жолдарды тауып, дәптеріңе жаз. (Дүние жүзінде апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда! Бұл жалғанда қас қарая...)
ҮІІ. Қорыту. «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы арқылы қорыту.
Кері байланыс - бағалау кезеңі: Бос орындарын толтыру арқылы білімдерін толықтырып, түсінгендерін тексеру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×