Сайтқа кіру Тіркелу

Натурал сандар және нөл санымен арифметикалық амалдарды орындау

Математика
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандар және нөл санымен арифметикалық амалдарды орындау
Сабақтың мақсаты: Натурал және нөл сандарды қолданып арифметикалық амалдарды орындауды үйренеді.
Күтілетін нәтиже:
• Натурал сан ұғымын кеңейтіп, арифметикалық амалдар туралы біледі.
• Арифметикалық амалдарды орындай алады.
• Амалдар тәртібі бойынша орындап, ретін анықтай алады.

Сабақтың көрнекілігі: интернет, маркер, рефлексия парағы, бағдаршам
Сабақтың әдісі: «Он сұрақ» әдісі, кеңейтілген тапсырма, бағдаршам,

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
1. Амандасу, оқушыларды түгендеу.
2. тренинг

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Кеңейтілген сұрақ
- Сендердің ойыңызша натурал сан математикада не үшін керек?
Наурыз мейрамымен байланыстыру

ІІІ. Жаңа сабақ
«Шашу» бұл қандай дәстүр?
- Қай қатар тез әрі көп орындаса шашуды көп тергені болады.
№1 тапсырма. Топпен дәптерге орындайды.
138 276: 46 =3006
458 687: 229 =2003
55 590: 545 = 102
738 123: 123 =6001
685 828: 218 =3146
305 584: 142 =2152
- Наурыз тойында қандай ұлттық тағам жасалады?

№2 тапсырма. Тақтаға орындау.
- Балалар, наурыз тойында көптеген ұлттық ойындар ойналады. Бүгінгі тапсырмаларды орындау арқылы сол ойындарға тоқталамыз.

(498+4578) +422= 5 498
7896 +(2100+4)= 10 000
78987 -(7887+400)= 70 700
87896 -(796+83000)= 4 100
399968+(4524+32) =404 524
789654 -(80654+9000)=700 000

«Көкпар» ойыны.
- Бұл қандай ойын? Қазір №3 тапсырманы қай қатар бірінші орындаса көкпарда сол қатар жеңеді.
Топпен ақылдасады, келесі топқа барып айтады.
141 715: 46 = 3080 (35)
374 699: 82 =4569 (41)
273 712: 34 = 8050 (12)
927 561: 203=4569 (54)

Сергіту сәті: би билеу.
«Бәйге» ойыны
- Бұл қандай ойын? Қазір №4 тапсырмаларды орындау арқылы жеңімпаздарды анықтаймыз.

№4 тапсырма. Тақтаға орындалады
а) 16 326: 6 =2 721 (авт) – кызыл
2752 + 2721 =5473 (авт) – қызыл және жасыл
16326 – 5473 = 10 853 (авт) – ак
ә) 236 * 425 =100 300 (бөлшек) – барлық жұмысшы жасап шықты
100 300: 25 = 4 012 (бөлшек) – сатуға жіберілді
100 300 – 4 012 =96288 (бөлшек) – қалғаны
96 288: 2 = 48 144 (бөлшек) – машина жасайтын зауыт сатып алады
Сабақты қорыту:
Электрондық оқулықтан тест орындау.
«Қыз қуу» ойыны.
- Бұл қандай ойын? Қазір келесі тапсырманы орындау арқылы жеңімпазды анықтаймыз.
14 728: 28: 2 + 78 336: 306 + 1005: 5 * 9 = 2328

«Айтыс» ойыны
- Бұл қандай ойын? Қазір 6 тапсырманы орындау арқылы жеңімпаздарды анықтаймыз.
№6 тапсырма
А) түсіндіру
Ә) 225: (3*5)= 15
210: (3*7)=10
9120: (5*3)=608
900: (5*9)=20

Рефлексия:
- Оқушылар енді алдарымызда жатқан суреттерге қарайық. Кім «мен бүгін сабаққа өте жақсы қатыстым. Бәрін түсіндім» дегендерің күліп тұрған баланың суретін көтеріңдер. Бұл 5 деген баға.
- Ал «мен бүгінгі сабақты жақсы түсіндім, сабаққа жақсы қатыстым бірақ, дұрыс жауап бере алмадым. Келесі сабақта жақсы жауап берем» дегендерің жайдары тұрған баланың суретін көтеріңдер. Бұл 4 деген баға.
- Ал «мен сабаққа дұрыс қатыса алмадым» дегендерің мұңайып тұрған баланың суретін көтеріңдер. Бұл 3 деген баға. Бірақ бұл суретті ешкім көтермейді деп ойлаймын. Өйткені барлықтарың да сабаққа жақсы қатыстыңдар. Жарайсыңдар!
Кері байланыс парағын беру.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.
Үйге тапсырма: интернеттен натурал санға байланысты екі тапсырма тауып орындап келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×