Сайтқа кіру Тіркелу

Ақжолтай Ағыбай батыр

Сабақтың тақырыбы: Ақжолтай Ағыбай батыр.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Мәтіннің мазмұнымен, идеясымен таныстыру. Автор туралы мағлұмат беру. Дамытушылығы. Шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелілігі: отансүйгіштікке, елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу. Оқушы бойына адалдық, шыншылдық, батырлық сынды ізгі қасиеттерді сіңіру. Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, топпен жұмыс, талдау, сұрақ - жауап, стратегиялар, шығармашылық жұмыстар. Көрнекілігі. Интерактивті тақта, слайд, кесте. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі. Түрі: жаңа сабақ. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық. 2. Үй тапсырмасы.
Өткен сабақты бекіту сұрақтары: Миға шабуыл. « Елі үшін туған ерлерім» 1. Мәтінде ел басынан өткізген қандай кезең туралы айтылады? 2. Мәтіндегі аты аталған батыр кім, ол туралы не білдік? 3. Мәтіндегі негізгі ой?
Проблемалық сұрақ: Қазақ батырлары не үшін атқа қонды? Елжандылық дегенді қалай түсінесіңдер? Ендеше, бүгінгі сабағымызда да елі, жері үшін атқа қонған, ерлігімен ел аузында аты аңызға айналған тағы бір қазақ батыры туралы оқып білеміз. Күннің жады. Тақырып: Ақжолтай Ағыбай батыр.
Мағынаны тану. «Білгенге маржан»
Сөздікпен жұмыс. Жасақ - әскер. Кеңесші - ақылшы. Жәбір - қиындық, қорлық
Автор туралы мағлұмат.
Мәтінді оқу, түсіндіру.
«Рольдегі оқушылар» 1 - топ. Мәнерлеп оқу. 2 - топ. Мазмұнын айту.
Түсіну стратегиясы. «Қаһарлы ел қамал бұзар» Сұрақтардың жауабын мәтіннен тауып оқу, сол бойынша жоспар құру. 1 - топ сұрақтардың жауабын тауып оқиды. 2 - топ сол бойынша жоспар құрады.

1 - топ: Сұрақтар: 1. Мәтіндегі патша үкіметінің саясаты туралы айтылған жерлерді тауып оқы. 2. Кенесары кім? Мәтінде ол туралы не айтылған? ( тауып оқы) 3. Неліктен Ағыбай батыр есімі Кенесары ханның есімімен қатар айтылады? ( тауып оқы) 4. Ағыбай батырды халық қалай бағалады? Оны неліктен Ақжолтай батыр атаған? ( тауып оқы)

2 - топ. Жоспар: 1. Патша үкіметінің саясаты. 2. Кенесары – ел қорғаны. 3. Ағыбай батыр - әскери кеңесші. 4. Ақжолтай батыр.

Ағыбай батыр - (1802 - 1885), Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы көтерілісі басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824ж. Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1847 ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып еткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарқа мен Бетпақдаланың Тайатқан – Шұнақ деген жерінде жерленген.

Сергіту сәті.
«Деректерге үңілсек..
Мәтінде қандай хандардың аты аталады?
Кенесары Қасымұлы (1802 - 1847) - мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 - 1847 жылғы ұлт - азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы ханы. Атақты Шыңғыс ханның 27 - інші ұрпағы, Абылай ханның немересі. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Кенесары Қасымұлы өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы - қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бір беттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш - жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Абылай хан - Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Үш жүздің басын қосқан хан.

Шығармашылық тапсырма:
1 - топ: Х дыбысы бар сөзді тауып, дыбыстық талдау жаса. 2 - топ: Ағыбай сөзіне 5 жолды өлең құрастыру.
Поэзия минуты: «Атыңнан айналайын, ата - жұртым!» Сұрақ: соғыс деген сөздің антонимі қандай? ( бейбітшілік) Тапсырма: 1 - топ. Соғыс деген сөзді топтастыру.
ашаршылық, қару - жарақ, адам шығыны, желтоқсан, батырлар

2 - топ: Бейбітшілік сөзін топтастыру:
Ашық аспан, күн шуағы, достық, тәуелсіздік

Тәуелсіздігімізге қашан, қалай қол жеткіздік?
Желтоқсан қаһармандарын ата.
( Желтоқсан оқиғасы туралы )

«Мәтін» кестесін құру.
Мәтіннің аты: Ақжолтай Ағыбай батыр
Авторы: Марат Әбсемет
Тақырыбы: Азаттық жолындағы ерлік пен күрес
Идеясы: Ел тыныш болу үшін, басшысы мықты болу керек
Түйін: Отанды сүю, елжанды болу.

Қорытынды мұғалімнің сөзі. Бағалау. Үйге тапсырма: мазмұнын айту, эссе жазу. Қорыту.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Наурызбай батыр

Наурызбай батыр

Наурызбай батыр Бурабай баурайында дүниеге келген. Мүсіні қолмен құйғандай. Жауырыны қақпақтай, күпшек кеуде, биік бойлы, денесі тіп - тік, белі...
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліс

Қазақстан аумағындағы отаршылдыққа қарсы ең ірі көтерілістің мақсатын, барысын, негізгі кезеңдерін, тарихи маңызын аша отырып, оны Ресей халықтарының...
Кенесары Қасымұлы көтерілісі

Кенесары Қасымұлы көтерілісі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: «Білген сайын келеді біле бергім, біле беру емес пе тілегі елдің» - демекші туған елдің тарихын, Кенесары Қасымұлы...
ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

ХІХ ғасырдағы тәуелсіздік үшін күрес

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі Абжаппарқызы Мира...
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс

Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы № 24 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Сейітәлі Гүлнәр Тәжнеқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×