Сайтқа кіру Тіркелу

Сәкен аға

Әдебиеттік оқудан ашық сабақ жоспары
3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сәкен аға
Мақсаты: мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу.
1. Білімділік: Ұлы адамның өмірінен мағлұмат беру, Сәкен Сейфуллиннің халқына қамқор болғаны жайлы берілген мәтінді түсініп оқи отырып, мазмұнын айтуға үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен оқуы, пайымдауы, әрекет етуі, ойлануы арқылы шығармашылық деңгейі дамуына мүмкіндік беру.
3. Тәрбиелік: Патриоттық тәрбие беру. Ізгілікті елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдер: көрнекілік, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі:. Бейне таспа, суреттер,
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сабаққа даярлау.

2. Үй тапсырмасы:
Абай кім?
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қою.
Абайдың үйін неге осындай етіп тікті деп ойлайсыңдар?
Оны әдемілеп тігуді мойнына алған кім?
Келген қонақтар кімдер?
Киіз үйдің жабдықтарын атаңдар?
Олар неге сүйсінді?
Әуез қарт неге үнсіз тұрып қалды?
Ол кісі қандай сөздер айтты?
Мәтіннің мазмұның әңгімелету.
Сыныпты үш топқа бөлу:
Топ: әңгімелеу.
Топ: сипаттау. Киіз үйді
Топ Киіз үй жабдықтарын ата?

3. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабақта М. Сейфуллиннің Сәкен аға мәтінімен танысамыз.
4. Қызығушылықтарын ояту.
5. Сәкеннің өмірбаянымен таныстыру: Бейне таспадан Сәкеннің өмір баянын көрсету.

Оқушылар Сәкен Сейфуллин кім? Сәкен біздің жерлесіміз яғни Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданына қарасты Иманақ тауының етегінде дүниеге келген. Тар жол тайғақ кешу романы бар. Мәжит Сейфуллин Сәкеннің немере інісі.
Сәкен → жазушы, ақын, қоғам қайраткері
Қызыл шұнақ, Туған ел шығармалары бар.

6. Мәтінмен жұмыс: Мәтінді ауызша түсіндіріп өту керек. Оқушылар түсініксіз сөздерді белгілейді.
7. Сөздік жұмыс:
Иманақ – Жаңарқа ауданындағы таудың аты.
Күзеу күзде көшіп қоныстанатын жер;
Жатақ ауыл қыстауды күзетіп қалатын ауыл;

ү. Дәптермен жұмыс: Бүгінгі күнді жазамыз
9. Оқушылардың мәтінді бөлімдер бойынша оқуы.
Іштей оқу.
Тізбектей оқу.
Осы бөлімдерге бірден ат қойып отыру керек.
а) Сәкеннің күзеуге келуі.
ә) Іңкәрбектің реніші.
б) Сәкен мен Омар байдың арасында болған әңгіме.
в) Қолғанат Сәкен

10. Сергіту сәті: Сәкен Сейфуллиннің « Тау ішінде әні» тыңдау.

11. Оқулықпен жұмыс: Сұраққа жауап
- Мәтінде жыл мезгілі туралы жазылған жолдарды тауып оқындар?
- Мәтіндегі мәтелді тауып, оның Іңкәрбектің тұрмысына қатысты екендігіне мән беріп, түсіндіріңдер?
Әңгімеден Сәкеннің ұқыптылығы жөнінде айтылған тұсты тауып оқыңдар.
- Мәтіннен Сәкеннің анасының сөздерің тауып оқыңдар.
- Мәтіндегі кейіпкерлер кімдер?
- Сәкен, Іңкәрбек, Омар бай.
Балалар мәтіннен мақалды табыңдаршы?
12. Мақал: «Кісідегінің кілті - аспанда» Осы мақалдың мағнасын кім ашып береді?

13. Әңгімеге сүйеніп бала Сәкенге мінездеме беріңдер.
Сәкен

Бауырмал, ақылды, көмекші, қолғанат, ұқыпты, таза

14. Сурет бойынша жұмыс:
Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді?
Сурет бойынша әңгіме құрастырыңдар?
Әңгімелерін оқыту.
15. Қорытындылау:
Сұрақ жауап:
Сәкеннің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Сәкен үй шаруасына қандай көмегін тигізді?
Өздеріңнің қандай көмектерің бар? Қолғабыс тигізесіңдер ме?
Бүгінгі өткен тақырыбымыз 3 Бәйтеректің бірі 19 ғасырда өмір сүрген қазақ халқы үшін жаны ашыған ұлы ақын Сәкен 1957 жылы ақталып шығады.
Н. Ә Назарбаев қазақ халқына жолдаған жолдауында Қазақстан - 2050 Дамыған 50 елдің қатарына кіру керек деп мақсат қойды. Сол мақсатқа сендер жетеді деп сенемін.

16. Үйге тапсырма: Әңгімені оқып, мазмұның айту. Сәкен туралы қосымша деректер жинау.
17. Бағалау

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
Қарағой бастауыш мектебінің бастауыш пәні мұғалімі
Тилеукабылова Куаныш Тилеукабыловна

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×