Сайтқа кіру Тіркелу

Арқа төсіндегі ару қала - Астана

Арқа төсіндегі ару қала - Астана

Сабақ мақсаты:
1. Сынып оқушыларын Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы Қ. Р. Президентінің жарлығы оның мәртебесі туралы Қ. Р. заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыру
2. Сынып оқушыларын шығармашылыққа баулу, ой қорытуға, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту
3. Туған жерінің табиғатын сүйе білуге, Қазақстанның болашағына деген сенім және елу елдің қатарына ұмтылуға тәрбиелеу, Отанды сүюге, байлығын қорғауға болашақта отанымыз Қазақстанды өркендеуге білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

Тәрбие бағыты: Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру
Көрнекілігі: карта, слайд материалдары, суреттер.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, бейнелеу өнері.
Сұрақ - жауап

- Балалар мына қағидаларға Қазақстанның қай қаласы сәйкес келеді?
Тоғыз жолдың торабында тұр
Көпұлтты Сауда орталығы болған Бозақ қаласының өңір орны.
Еліміздің орта Экономикалық ахуалы қалыпты тұсында тұр
Сыртқы шекарадан 32 өлшем бойынша басқа қалалардан алыс орналасқан артықшылығы бар
30 гектар бос алқабы бар
- Әрине, бұл – Астана
- Ендеше Астана тарихы жайында мен сіздерге қосымша мағлұмат беріп өтейік.
Астана – Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Астананың жалпы аумағы 710, 2 шаршы шақырым, тұрғындарының саны 2008 жылы 584, 8 мың адамды құрады. Астананың ірге тасы әскери бекініс ретінде 1830 жылы қаланып Қараөткел деп аталып келіп 1845 жылдан бастап Ақмола деген а тауға ие болған, 1862 жылдан бастап заңды түрде қала мәртебесін
алды. 1868 жылы Ақмола омбы губерниясының уезд орталығы, 1928 – 1930 жылдар аралығында Ақмола округі деп 1930 - 1992 жылдар аралығында Целиноград қаласы деп аталды. 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының Астанасы деп жариялау туралы жарлыққа Қазақстан Республикасының президенті қол қойды. 1998 жылдың 6 шы мамырында Елбасының жарлығынан Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.
- Картадан Астананың орналасқан жерін көрейік.
Картамен жұмыс жүргізу.
Астана қаласы Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Астана – Қазақстанның өнеркәсіп және мәдени ошақтарының бірі. Қаланың кәсіпорындары ауыл шаруашылық машиналарын сантехникалық бұйымдар, мен электр тетіктерін, үй құрылысына қажетті темір бетон құрамаларын тұрмыстық химиялық заттарын, тоқыма маталарын шығарады. Астана – аса ірі оқу ағарту орталығы.
Қалада Университет, ауыл шаруашылық, дәрігерлік құрылыс, инженер институттары жұмыс істейді.
1999 жылы ЮНЕСКО – ның шешімімен Астана қаласы “әлем қаласы” атағына ие болды.
- Балала біздің туып өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Қазақстан бүгінде дүниежүзінің көптеген елдермен достық орнатқан бүкіл әлем таныған елге айналды. Олай болса менің сұрақтарыма жауап беріңдерші.

- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қашан алды?
- Тұңғыш президентіміз қашан сайланды?
- Қай жылы Ақмола Астана қаласы болды?
- Әсем қаламыз Астана биыл неше жасқа толды?

Мұғалім: Иә біз күнде теледидардан, баспа беттерден оқып жатырмыз. Әсем қаламыздың 10 жылдық мерей тойы биыл тойланып өтті. Қане Астана туралы біз не білеміз, ортаға шығып өз өнерімізді көрсетейік.

1 - оқушы: Астана – нұрлы Астанам
Гүл жайнаған жас қалам
Егеменді елімді
Болашаққа бастаған

Қадамың бар баспаған
Асуың бар аспаған
Халқың жетсін мұратқа
Ей, бас қала – Астанам

2 – оқушы:
Мынау менің Астанам
Онға толған жас қалам
Елордасы елімнің
Ерекше ғой басқадан

Сарыарқаның даласы
Жарқырайды қаласы
Астана деп ән салар
Бар қазақтың баласы

3 - оқушы:
Әрбір күні арайлы
Шуақ болып тарайды
Арман қуған балалар
Астанаға қарайды.
4 – оқушы:
Самал жел ескен
Жастарым өскен
Бақытым сенсің Астана
Асқарым болар
Ырысым толар,
5 - оқушы:
Жүрегі елімнің
Астана – бас қала
Әлемге көріндің
Ұқсамай басқаға
“Дыбыстар сөйлейді ” стратегиясы
Сыныптағы 26 оқушы сабақтың тақырыбындағы 26 дыбыстан басталатын Астана жайлы мәліметтер береді.
А Астана – жастардың болашақтың қаласы.
Р Республиканың орта тұсында орналасқан.
Қ Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А Алғашқы атауы - Ақмола

Т Теңіз, Қарасора, Балықтыкөл, Қыпшақ көлдері бар.
Ө Өнерпаздардың Шабыт Евразия фестивальдері ашылды.
С Сәулеті жапон сәулетшісі Кисе Курава жоспарымен жасалды.
І Іргесі 1830 жылы қаланды.
Н Нұра өзені ағады.
Д Даму қарқыны бойынша І орында тұр
Е Елбасының игі бастамасымен зәулім ғимараттар салынуда.
Г Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті – білікті жас мамандар болашағы.
І Ірі өзендері - Есіл, Нұра

А Алғашқы адамдар ашель – мустьер заманында алғаш қоныстанған.
Р Рамстор ірі сауда орталығы қазіргі өмір талабына сай.
У Уран, алтын, боксит, мыс, көмір т. б пайдалы қазбалар бар

Қ Қорғалжын қорығы батысында орналасқан.
А Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының “Еуразия жүрегінде” атты кітабы бар.
Л Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А Астана “Отырар” кітапханасы орналасқан.

А Алтыншы шілде – Елордамыз – Астананың туған күні.
С Символы – Бәйтерек
Т Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.
А Астанада Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.
Н “Нұр – Астана” зәулім күмбезді мешіті Астананың дәл кіре берісіне тұрғызылған.
А Астана Боливияда өткен “Әлемдік қалалар” халықаралық конкурсында “Бейбітшілік қаласы аталды”
Желде емен, құзарда емен, тасқын емен
Кеудемде тулап - толқып жатсын өлең
Тәуелсіз қазағымның Астанасы
Он асу, айбынданып алты белең.
Тәуелсіз елдің Астанасы - дей келе
бүгінгі біздің “Арқа төсіндегі ару қала - Астана ” атты ашық тәрбие сағатымызды жабық деп
жариялаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×