Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бағдаршам

Тақырыбы: Бағдаршам

Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру. Жол ережесін, белгілерін есте ұстай білуге үйрету.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: көрініс көрсету, сұрақ – жауап.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол белгілері туралы өлеңдер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу. Кезекші арқылы сыныптағы оқушыларды түгендеу. Оқушылардың құрал – жабдықтарын тексеріп шығу, олардың назарын сабаққа аудару.
Тәрбие сағаттына қатысушылар:
2 – жүргізуші, сынып оқушылары. Аю, Түлкі, Қоян, - бетпердесін киген балалар.

1 - жүргізуші: Сабит
Арманға алда күткен асығамыз,
Біз қалай бәрін білмей басылармыз.
Жол жүру ережесін сақтай білер,
Тәртіп пен сақтық сүйер – жасұланбыз.
2 – жүргізуші: Аружан
Қымбатты балалар, Бүгінгі тәрбие сағатына ақ халатты абзал жан - дәрігер апай келіп отыр.
Кішіге, үлкенге, жасыңа кәріңе,
Жәрдемін беретін адамның бәріне.
Шипагер апамыз біз үшін әбігер,
Себебі ол кісі білікті – дәрігер.
(Балалар құрметпен қол соғады. Осы кезде басы ақ шүберекпен
оралған Қонжық кіреді.)

1 - жүргізуші: Сабит
Ал, ағай қараңыз мына бір баланы,
Аты – Қонжық, ал өзі жаралы.
Дәрігер: Гульназ
Қонжығым не болды айт өзің,
Неліктен көкпеңбек бас – көзің. (Қонжықтың басын байлайды.)

Қонжық: Батырхан
Ал онда айтайын шынымды,
Балаңыз байқамай жығылды.
Көлікке жармасып, тәтті бал тасыған,
Жаралы болды ғой, басынан Жасұлан.
Дәрігер: Гульназ

Қарныңды қампиту арман боп, қызықсың,
Қонжық – ау сол үшін ереже бұзыпсың.
Қонжық: Батырхан
Дәрігер! Ұрлық пен тентектік етпеймін,
Жасыл шам жанбаса жолдан да өтпеймін.
(Ортаға Қоян құлағын ұстап, Түлкі ақсаңдай басып келіп тұрады.)

Түлкі: Айдана
Жүгіріп екеуіміз ойнадық қуыспақ.
Қоян: Аружан
Аулада шап беріп, алмақшы қу ұстап.
Түлкі: Айдана
Ал қоян көшеге зып беріп жөнелді.

Қоян: Айдана
Аула тар болған соң қайтейін мен енді.
Түлкі: Айдана
Қоянды қуам деп тапқаным,
Аяқтан айырылып, ақсақ боп жатқаным.
Қоян: Аружан
Машина астынан өттім ғой жүгіріп,
Құлағым қалыпты темірге ілініп.
Дәрігер: Гульназ
Құлақ пен аяққа жағатын дәрі бар,
Ереже білмесең емхана табылар.
(Шипагер ем көрсетуге кіріседі, ол басын шайқайды); Мыналарды тезірек емханаға
жеткізейік. Балалар көрдіңіздер ме, осының бәрі тәртіп бұзып, жол ережесін
білмегендіктен болып отыр.
(деп дәрігер жан – жануарларды ерітіп орындарына барып тұрады.)
2 – жүргізуші: Аружан
Ал қанеки, үйренейік жолда жүру тәртібін,
Арамызда балалар жақсы білер бар кімің.
Жол белгісі неше түрден тұрады?
Бұл сендерге берілетін ең бірінші сұрағым.
Ортаға жол белгілерін ұстаған балалар шығады. Бағдаршам! Сақтандыру белгісі! Ескерту белгісі! Тиым салу белгісі! Міндеттеу белгісі! Нұсқау белгісі.

Бағдаршам:
Менің атым – Бағдаршам,
Маған назар аударсаң.
Жолдан өтіп жүрерсің,
Аман – есен – әрқашан.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету