Сайтқа кіру Тіркелу

М. Жолдасбеков. Тоқсан жастағы тарлан

Сабақтың тақырыбы:[/b] М. Жолдасбеков. Тоқсан жастағы тарлан. Төрт тентек.
[b]Жалпы мақсаты: [/b]Мәтіннің мазмұнын түсіну арқылы идеясын аша отырып, өмірмен салыстыруға үйрену.
[b]Міндеттері:[/b] 1. Өз бетімен жұмыс жасау арқылы ойлауға, проблемалық мәселені шешуге дағдыланады;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға, ой - тұжырым жасауға байланысты шығармашылық белсенділіктерінің негізін қалайды;
3. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді балалардың өз бойына сіңіруіне жетелейді.
Оқу нәтижесі: - өз бетімен талдайды, саралайды, ой түйеді;
- шығармашылық арқылы мәтіннің мазмұнын түсінеді;
- өз ойын еркін жеткізіп, пікірін қорғай алады.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Бозторғай» әні, суреттер, дид. материалдар, оқулық.
Сілтеме: Әдебиеттік оқу: Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 4 - сыныбына арналған оқулық./ З. Муфтибекова, П. Қ. Жаманқұл – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2011. – 208 бет, суретті.
Тапсырма көздері:
1. Үй тапсырмасы
2. Топтарға бөлу
Топтардың аталуына тоқталып кету.
3. Миға шабуыл (АКТ) «Бозторғай» әні.
Кенен Әзірбаев туралы мәлімет беру.
4. Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді түсініп оқу. («Түртіп алу» стратегиясы бойынша.)
5. Сұрақтарға толық жауап алу.
6. Дәптермен жұмыс.
7. Топтық жұмыс. Қорғау.
8. Пікірлесу
9. Қорытынды. Бағалау. Топтық
Сабақ барысы
Тренинг «»
[b]Үй тапсырмасы.[/b]
Абай өлеңін еске түсіру.
[b]Қызығушылығын ояту.
Сыныпты топтарға бөлу:[/b]
1 - топ. Домбыра
2 - топ. Қобыз
3 - топ. Шаңқобыз
4 - топ. Жетіген.
( Топтардың аталуына тоқталып кету).
- Топтардың аталуы қандай тақырыпқа байланысты болып отыр?
- Сабағымыз не туралы болуы мүмкін деп ойлайсыңдар?
- Қазақ халқының арасында өнер адамдары көп болған. Өнердің
түрлері де сан алуан. Соның ішінде күй өнерін халыққа жеткізген атақты композиторларды халық қастерлеп, құрметтеген.
- Қандай композиторларды білесіңдер? (Музыка сабағына саяхат.)
- Енді осы әнші композиторлардың бірінің әнін тыңдап көрелік.
«Бозторғай» әнін тыңдау.
- Әнді тыңдағаннан қандай әсер алдыңдар?
- Көз алдыңа не елестеді?
- Неліктен деп ойлайсыңдар?
- Оқиға қай кезеңде болған? ( Тарихқа шолу. Дүниетану сабағын еске
түсіру.)
- Бұл ән кімнің әні болуы мүмкін? Білетіндерің бар ма?
Кенен Әзірбаев туралы мәлімет беру. Ақынның қызы Төрткен
әкесінің еңбектерін насихаттап, халыққа жеткізіп жүрген ұрпақтарының бірі екенін айту.
[b]Мағынаны тану. [/b]
Мәтінді түсініп оқу. ( «Түртіп алу» стратегиясы бойынша.)
Сіңірі шыққан кедей – өте кедей.
Бұғанасы қатпаған – кәмелет жасқа жетпей.
Үзеңгілес серігі – бірге жүрген жолдасы.
Тізбектей оқыту.
1 - топ. Кенен ақынның балалық өмірін жазушы қалай суреттеген?
2 - топ. Қиыншылық кезінде кішкентай Кененнің бойынан қандай қасиеттер байқалды? Мәтіннен тауып оқып бер.
3 - топ. Оның ақын болып шығуына кім әсер етті? Мәтіннен тауып оқы.
4 - топ. Қарт ақынның балаларға айтқан тілек сөзін жатқа айт.
[b]
Ойтолғау.[/b]
1 - топ. Кенен ақынға сипаттама бер. Ақынның бойында қандай қасиеттері болған екен?
2 - топ. «Ел басына қайғы төнген қараңғы түнек» дегенді қалай түсінесіңдер?
3 - топ. Ақын нені армандапты? Сол арманына жетті ме екен?
4 - топ. «Ән құдіреті» - эссе жаз.
Топтарда жұмыс.
Топтардың жұмыстарын талқылау, талдау, ортаға салу.
[b]Қорытынды.[/b]
- Бүгінгі сабақты Кенен атамыздың әнімен аяқтап, Кенен ата әндерін
жүрекпен ұғып, жүрекпен айта білейік.
[b]Үйге тапсырма:[/b] «Төрт тентек» мәтінін түсіне отырып оқып, мазмұнын талдау.
[b]Бағалау [/b]
Формативті бағалау:
1. Сабаққа толық қатысып, өз ойын ашық айтып отыру;
2. Толық ойын жеткізу;
3. Сабақта толық қатысу.
[b]Кері байланыс[/b]
(оқушылар рефлексиясы)
Бүгін мен не үйрендім?
Маған не ұнады/ұнамады?
Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Әйел-ана»  Ақселеу Сейдімбек

«Әйел-ана» Ақселеу Сейдімбек

Жалпы мақсаттар: Ертегінің негізгі идеясын ашу, өз ойларын еркін жеткізу. Мәтінмен жұмыс жасата отырып сыни тұрғыдан ойлауға икемдеу...
Туған жер. Кенен Әзірбаев

Туған жер. Кенен Әзірбаев

Мақсаты а) Оқушыларға Кенен Әзірбаев жайлы мағлұмат беріп, туған жер әнін меңгерту. Жаңа тақырыпты меңгерту ә) Оқушы репертуарын жаңа әнмен толықтыру...
Мұқағали Мақатаев «Барлығы да сендердікі»,  «Мен таулықпын».

Мұқағали Мақатаев «Барлығы да сендердікі», «Мен таулықпын».

БҚО, Ақжайық ауданы, Шабдаржап ауылы, Харькин орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Саламатова Рашида Сымғалиқызы...
Аққу, Шортан һәм Шаян (4 сынып)

Аққу, Шортан һәм Шаян (4 сынып)

Мақсаты Мысал мазмұнын өмірмен байланыстыра талдау арқылы идеясын түсінуге мүмкіндік жасау. Міндеттері  Шығармашылық жұмыстарды оқушының таным...
Тоқсан жастағы тарлан

Тоқсан жастағы тарлан

Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Пухальск негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Баян Балташевна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×