Сайтқа кіру Тіркелу

Қыстырма сөздердің тыныс белгісі (4 сынып)

Пән Қазақ тілі Сынып 4
Тақырыбы Қыстырма сөздердің тыныс белгісі

Мақсаты
Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңктерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана білуге дағдыландыру. Дұрыс, мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, қыстырма сөздің сөйлемдегі ойға қосатын мағыналық реңктерін ажырата білуге үйрету;
оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, ой қорыту, пікір айту дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже:
топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;
жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;
әр оқушы өз - өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.
Түйінді түсініктер:
мағынаны үстемелеу, қолдау, жорамал, пікір, сенім, сөйлем мүшесі бола алмайды.

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

Сабақ кезеңдері, модуль
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушының іс - әрекеті
Тапсырмалар мазмұны
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
Мұғалімнің іс - әрекеті: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа қатысуын қадағалау.
Бүгінгі сабақтың мақсат, міндеттерін қою.
Оқушыларды топқа бөлу.
Оқушының іс - әрекеті: Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.
Топқа бөлінеді, топ ережелерін бекітеді.
Стикерлер үлестіріледі. Әркім өз таңдаған сөздер туралы түсінік бере отырып, топқа бөлінеді.

Бағалау критерийлері және оқушының аты - жөні жазылған кесте беріледі.
Тапсырмалар мазмұны «Мен сенің бойыңнан мына қасиеттерді көргім келеді...» (өз - өзіңе сенім, бір - біріңе қолдау көрсету, кез - келген затқа жорамал жасау, өз пікіріңді ортаға салу ) тренингі арқылы топқа бөлемін.
(оқушылар мұғалімнің қолындағы адамның әр түрлі қасиеттері жазылған парақшаларды суыру арқылы топқа бөлінеді, қасиеттері бірдей оқушылар бір топқа жайғасады)
Формативті бағалау;
Уәж; ынталандыру.

Өзара критериалды бағалау өлшемдерімен танысады.
Қыстырма сөздер жазылған үлестірмелі карточкалар
Көркем жазу
Дәптерге В әрпін көркем жазу. В дыбысынан басталатын сөздерді жазу. Сол сөздерге қыстырма сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. Сөйлем мүшелеріне талдау. Бір - бірін бағалау
Зерттеу жұмысы
АКТ - ны пайдалану
№156 «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ
АКТ - ны пайдалана отырып, топтық тапсырмаларды орындату. Тапсырманы орындау барысында топтың жұмысын қадағалау, бағыт - бағдар беру.

Топта біріге отырып, талқылау. Талқылау барысында топта бір - бірін тыңдау, ортақ шешімге келу.
1 - тапсырма
Әр қатардан қыстырма сөзді тауып, бос ұяшыққа салыңыз:
Әрине Тайынша Бірге Шындық
әркім Жеңеше Біреу Шын
Әрекет Көрпеше Бірнеше Шын сөзі
әрқашан меніңше біріншіден Шынын айтсам
2 - тапсырма
Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз:
1., бұл мәселе бүгін шешілетін сияқты.
2. Болашақта аты шыққан әнші болар,.
3., биыл қыс жылы болады.
4. Осының бәрін, ме, жалғыз істей алмассың.
Керекті сөздер: меніңше, шамасы, бәлкім, әрине.
3 - тапсырма
Сөйлемдерді оқу, қыстырма сөздерді теріп жазу.
Қыстырма сөздердің құрамы жағынан бір сөзден ғана емес, бірнеше сөзден де жасалатындығы туралы көзін жеткізу.
4 - тапсырма
Бос орынға қыстырма сөзді қойыңыз:
1., сені бір жерден көрдім.
2.,, мына киноны көрсем ғой!
3., бұл туралы айтуды ұмытып барады екенмін.
4., сапқа тұруға дайындалыңдар. (Флипчарттар, маркерлер,
түрлі - түсті қағаздар, желім, т. б.)

«Сауаттылық хатын» орындату.
Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар аударту.
Жеке жұмыс
2 - жаттығуды дәптерге диктант түрде жазады. Сөйлемдердің ішінен қыстырма сөзді тауып, тыныс белгісін қояды. Ережені шығарып, оны қорғайды.
2 - жаттығу.
Әрине, ол шаттанып айқайлаған жоқ, айқайлап жүгірмеді де. Керісінше, көнетоз күпәйкесінің жеңімен көзін сүртіп, қорсылдап жылап келе жатты. Неге екенін өзі білген жоқ. Тек әйтеуір, туған ауылды көргенде елжіреп, көңілі босап сала бергені анық. Туған жерін көп жыл көрмегеннен шығар, бәлкім. (Бірін - бірі бағалау Интер. Тақта)
Оқулықпен жұмыс
Әр топтың жұмыс жүргізу барысын бақылау, бағыт беру. Жеке жұмыс
Оқушылар тақтаға тізбектей орындайды. 1 - жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қыстырма сөздердің сөйлемдегі орнын анықтау. Қыстырма сөздердің сөйлемнің басында, ортасында, соңында келуіне қарай тыныс белгісінің қойылуын аңғарту.

3 - жаттығу. Өлеңді оқып, қыстырма сөздерді тауып, тыныс белгісін қойып, көшіріп жазу.
(Топтың бағалауы, Флипчарттар, маркерлер, түрлі - түсті қағаздар, желім, т. б.)
Шығармашылықпен жұмыс
Әр топ өз бетінше берілген қыстырма сөздерді қатыстырып, сөйлем құрастыруды тапсырады.
Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулиды.
Оқушылардың жұмыстарын қадағалайды, жетекшілік жасайды.
Топтық жұмысқа даярланады.
Әр топ өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыстанады, флипчарттарды толтырады, ой - пікірлерін бір арнаға тоғыстырады, бірігіп атқарған жұмыс нәтижесін бір оқушы көрсетеді.
1 - топ.
Бір сөзбен айтқанда.
2 - топ.
Менің ойымша.
3 - топ.
Дұрысын айтқанда
4 - топ.
Оның ойынша.

ІҮ Сабақты қорытындылау
(оқушылардың оқып - үйренгендерінің нәтижесін бағалау)
Бүгінгі сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, үйге тапсырма беріледі.
Әр топ оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалату.
«Бүгінгі сабақтан алған әсерім...» рефлексия жазу
Үйге тапсырма: 5 - жаттығу.
Кері байланыс (оқушылар рефлексиясы) Бүгін мен не үйрендім? Маған не ұнады/ұнамады? Жаңа сабақ бойынша сұрақ немесе пікірің...
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×