Сайтқа кіру Тіркелу

20 тг, 50 тг, 100 тг монеталар

Сабақтың тақырыбы: 20тг, 50тг, 100тг монеталар / ірілеу және ұсақтау /
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге жайында, оның шығу тарихы және негізгі қасиеттері қысқаша мағлұмат бере отырып, монеталарды ірілете және ұсақтауға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың теңге жайындағы білімдерін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерінше білімдерін, шығармашылық әрекеттерін дамытуға жағдай жасау.
Тәрбиелік: өз елінің мәдени – экономикалық құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, топтық жұмыс, тірек сызбаларымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, 20тг, 50тг, 100тг монеталары.
Пәнаралық б/с: дүниетану
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй жұмысын тексеру: Амалдардың төрттігін құрастыр және шығар.
20+50=70
50+20=70
70 - 20=50
70 - 50=20
60+40=100
40+60=100
100 - 60=40
100 - 40=60
2. Жаңа сабақ. Кіріспе әңгіме.
Қазақстан өз төл ақшасын жасау үшін 1990 жылы теңгенің үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Алғашқы ұлттық теңгелерді жасауды ағылшынның «Харрисон» атты фирмасы қолға алды.
1993 жылы 15 қарашада Ұлттық теңге айналымға енгізілді.
Әр мемлекеттің ақшасы оның ұлттық тарихын, ерекшеліктерін анықтайтын нышан. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың т, б суреттері салынды.
Теңге монеталармен жұмыс./ таныстырып шығу, әнгімелеу /
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев: «Біз ұлттық ақшамызды бір - ақ рет және бір атаумен шығаруымыз керек. Екінші қайтара оның аты өзгермейді. Сондықтан оны әбден зерттеп барып, бір шешімге келуіміз қажет»,- деді.
- Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: 20тг, 50тг, 100тг монеталар. Оларды біз амалдар мен есептер арқылы ірілетуге және ұсақтауға үйренеміз.
Есеп №1.
50тг+50тг=100тг
20тг+20тг+20тг+20тг+20тг=100тг
100тг - 50тг=50тг
100тг - 20тг=80тг
100тг - 20тг - 20тг=60тг
100тг - 20тг - 20тг - 20тг=40тг
100тг - 20тг - 20тг - 20тг - 20тг=20тг
Есеп №2.
Оқулық – 50тг?
Дәптер – 20тг
Шешуі: 50тг+20тг=70тг
Жауабы: барлығы 70 теңге.
Есеп№3.
Қанатта - 100тг
Арманда -?, 50тг кем
Шешуі: 100тг - 50тг=50тг
Жауабы: Арманда 50 теңге.
Есеп №4.
Кітап – 100тг
Қалам -?, 20 теңге арзан
Шешуі: 100тг - 20тг=80тг
Жауабы: қалам 80 теңге тұрады.
Қорытындылау. – Бүгін сабақта біз не істедік? Немен таныстық? Қандай тапсырмалар орындадық? Қай тапсырмалар қиын болды?
Үйге тапсырма: Есеп шығару:
Жанарда 100 теңге болды. Ол кітап сатып алуға 50 теңге жұмсады. Жанарда неше теңге қалды?
Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ұлттық теңге

Ұлттық теңге

Әр елдің өзінің төл ақшасы болады. Қазақстанның да «теңге» деп аталатын өзінің ұлттық ақшасы бар. Сонымен қатар көрші елдердің де өз ақшаларының өз...
Теңгенің шығу тарихы

Теңгенің шығу тарихы

Арал индустриалды - техникалық колледжінің Нарықтық экономика негіздері пәнінің оқытушысы Аймурзаева Лаура...
Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы

Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы

Мұғалім сөзі: Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы...
Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару.

Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару.

Сабақтың тақырыбы: Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Пайыз тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау....
Кестеден тыс қосу және азайту

Кестеден тыс қосу және азайту

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Бестерек орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Мухаева Зауре Тюлюбайқызы Математика 3...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×