Сайтқа кіру Тіркелу

Үй жануарлары және олардың қауіпсіздігі

Сабақтың барысы:
кезеңдер мазмұны
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Қызығушылығын ояту
ІҮ. Жаңа сабаққа кіріспе
Ү. Жаңа сабақ
ҮІ. Сергіту сәті
ҮІІ. Ойын «Базарлық.»
Артық болмас білгенің
Бекіту
ҮІІІ. Қорытынды.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Психологиялық дайындық
Оқушылар бір - біріне тілектер айтады. (Жүрек арқылы) Ал енді балалар сендерге менің мынадай тапсырмам бар.
Балалар жаңа тақырыпты бастамас бұрын, ең алдымен жұмбақтарды шешіп көрейік. (суреттерін көрсету)
• Иір – иір денесі
Сахараның кемесі
Ащы шөптер тамағы
Шөлге шыдап бағады. (түйе)
• Мұртын сипап күні бойы
Бетін сусыз жуады
Тысырды аңдып түн бойы,
Тышқанды көп қуады. (мысық)
• Адамға серік
Күзетке берік (ит)
• Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)
• Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт жалтырмағы бар
Бір шыбыртқысы бар (сиыр)
• Ер қанаты – (ат)
• Төрт аяғы бар
Басында екі таяғы бар
Иегінде сақалы бар (ешкі)
• Күн шықпай сап аттанды,
• Ерте тұрады,
Жар шақырады. /Қораз/.
• Балпаң - балпаң басады,
Адамнан қатты сасады.
Саусақтары салалы,
Қыста жылыға қашады. /Қаз/.
Оқушылардан тақтадан нелерді көріп тұрмыз. Дұрыс айтасыңдар тақтадан үй жануарларын көріп тұрмыз.
Олай болса біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Үй жануарлары және олардың қауіпсіздігі» деп аталады екен.
Үй жануарлары туралы бейне материал көрсетіледі.
Балалар осы үй жануарларының қандай пайдасы бар екен бізге.
Дұрыс мінсең көлік, жесең – тамақ, ішсең – сусын екен. Ал онда қазір ойын ойнаймыз.
Бұл ойынның шарты мынадай. Сандықтағы берілген тағам және жүнінен тоқылған киімдерді алып, олардың қай жануарлар өнімінен шығатынын айту.
Қымыз, шұбат, жұмыртқа, күрте, шұлық, түбіт, ірімшік, айран, құрт, қазы, шұжық, ішік,

Ал балалар енді осы жануарлардан әртүрлі жұқпалы аурулар тарайды. Ол қандай аурулар екенін білеміз бе?
Сарып, бруцеллез (Brucellosіs), медицинада — адам мен малдың жұқпалы ауруы. Аурудың қоздырғышы бруцелл — суыққа төзімді, ыстыққа төзімсіз бактерия. Мұны 1886 ж. ағылшын дәрігері Д. Брюс (1855 — 1931) тапқан. Кейіннен бұл аурудың адамға малдан жұғатыны анықталды. Сарыппен көптеген үй жануарлары (қой, ешкі, сиыр, шошқа) ауырады. Ауырған адамның темп - расы 39 — 40С - қа дейін көтеріліп, қалтырап, әлсіздік пайда болады. Науқасты қалың тер басып, басы ауырады, буыны мен бұлшық еттері сырқырап, жүйке және қантамырлар жүйесі зақымданып, кейде адамның психикасы да өзгеруі мүмкін. Ауруды дұрыс емдемесе еңбекке жарамсыздыққа әкеледі, ал жүкті әйелдер Сарыппен ауырса, түсік тастайды. Ауруға шалдыққан адам ауруханада емделеді. Сарыптан сақтану үшін сау малға вакцинация жасалады.

Құс тұмауы індеті қоздырғышы Н5N1 штамымен тарайтын жұқпалы аурушаңдық. Ол құстарға соның ішінде кейбір үй құстарына жұғып, оларды күту, етін бөлшектеу кезінде адамға да жұғуы мүмкін.
Үй құстарының ішінде бұл індетке тез шалдығып, індет көзі болатын тауықтар мен күрке тауықтар. Олар тұмауды тез жұқтырып, жаппай қырылып қалады. Құс тұмауының жұқпасы адамдарды қауіпті ауруларға шалдықтырады және өлім - жітім пайызы өте жоғары.
Адамдардағы белгілері: Кәдімгі маусымдық тұмауға ұқсас болып келеді, бірақ әлдеқайда ауыр түрде өтеді. Дене қызуы 39 - 40 градусқа дейін көтеріліп, жөтел пайда болып, тамағы ауырады, бұлшық еттері қақсайды, мұрыннан су ағып, тыныс алу қиындайды. Адам өміріне қауіпті асқынуларға мыналар жатады: жүрек, бүйрек, өкпенің қабынуы, өкпеге су толып, адамның өлімге ұшырауы.
Жұғу жолдары:
Адамдар ауру құстармен қатынас кезінде, яғни, оларды күту, қораны жинау, ауа тамшы арқылы, көздің шырышты қабығына, тыныс алу жолдарына шаң - тозаңның түсуі, құс етін бөлшектеу, мамығы мен жүнін түту, етін өңдеу кезінде жұғуы мүмкін. Жұқпаның адамнан - адамға берілу жағдайлары нақтылы тіркелген жоқ.
«Сақтансаң, құдай сақтайды» демекші, әрбір адам қарапайым сақтану шараларын білуі қажет:
Топалаң – жануарлар мен адамдарда болатын аса жұқпалы ауру. Ауыл шаруашылық малдарының барлығы және жабайы жануарлардың көптеген түрлері ауырады. Топалаңмен ауырған кезде көршиқандар шығады, түрлі ағзалары серроздық - геморрагиялық қабынады. Адамдарға Топалаң ауру малдарға күтім жасағанда, мал өнімдерін өңдеу кезінде, ауру малдардың сүті мен етін тағамға қолданғанда жұғады. Клиник. белгілері – көршиқандардың пайда болуы, ішектердің, кейде өкпенің зақымдануы.

Соңғы кездерi елiмiздiң түкпiр - түкпiрiне қарасан ауруы iшiнара таралды. Соның кесiрiнен тiптi, кейбiр аймақтарда ет жеуге де тыйым салынды. Себебi бұл iндет түрi адамға да жұғады. Ағымдағы жылдың мамыр - маусым айларында Солтүстiк Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында пайда болған вирустар жергiлiктi халықты да, үкiмет органдарын да бiр дүрлiктiрiп өттi. Аталған елдiмекендерде қарасан жануарлар арасында ғана тiркелiп қоймай, оның қоздырғышы адамдарды да ауруға шалдықтырған. Осындай дертпен емханағатүскен 5 адамның екеуi қазаға ұшырады.

Мақал - мәтел жарысы
1. Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл - көсір.
2. Қойдан қалған қозы
Қасқырға тап болады.
3. Ер қанаты - ат
4. «Ағайын – ащы, мал – тұщы»
1. Үй жануарларына не жатады.
2. Үй жануарларының пайдасы қандай.
3. Оларда жұғылатын аурулар қандай.
4. Қарасан ауруы қай малдың індеті болып табылады.
5. Құс тұмауы деген адамға қалай жұғады.
Сабақ аяқталды сау болыңыздар.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
«Үй жануарлары»

«Үй жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарлары туралы білім беруді жалғастыру. Үй жануарларының адам өміріндегі маңыздылығы туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына деген...
Менингит ауруы және одан қорғану жолдары

Менингит ауруы және одан қорғану жолдары

Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде...
Үй жануарлары

Үй жануарлары

«Балалардың үй жануарлар туралы түсініктерін кеңейту, Олардың сыртқы келбетінің сипаттық ерекшеліктерімен, мінез - құлықтарымен, тіршілік әрекетімен...
Үй жануарлары

Үй жануарлары

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету. Олардың түрлерін бір - бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға...
Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік тіршілік ету дағдысы Кенелерден қорған ...

Кенелер. Тіршілік ортасы, паразиттік тіршілік ету дағдысы Кенелерден қорған ...

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің І санатты биология пәнінің мұғалімі Нсанова Гүлсім Меллятқызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×