Сайтқа кіру Тіркелу

Қызғалдақ пен қарасора

Ана тілі 2 - сынып
Сабақ тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора
Сабақтың мақсаты:
1. Қызғалдақ пен қарасора мысалын оқытып, мазмұнын өз беттерінше талқылату. Жеке жұмыстар жасату.
2. Балалардың ойлау қабілеті мен есте сақтау дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
Мәнерлеп сөйлеуге, өз ойын дұрыс емін еркін жеткізуге дағдыландыру.
3. Балаларды жақсылық пен жамандықты , әдептілік пен әдепсіздікті, мақтаншақтық пен қарапайымдылықты ажырата білуге тәрбиелеу. Халқы үшін, елі үшін өмір сүруге, қоршаған ортаға пайдасын тигізе білуге үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Талдау – жинақтау, сұрақ-жауап, 5 жолды өлең, эссе, топтастыру, салыстыра сипаттау, ой қозғау, ой түрту, галереяға саяхат т.б.
Сабақтың көрнекілігі: Қызғалдақ пен қарасораның суреті, ұран сөз, топтау қағазы, салыстыру парағы, суреттер.

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Өткенді пысықтау, үй тапсырмасын сұрау.
А) Суретті галерея ұйымдастыру. Әр топ сурет бойынша сөйлейді. «Тиін мен түлкі» мысалын сурет бойынша айтып береді.
Ә) Әр топтан 1 оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
Б) Үй тапсырмасын қорыту.
Осы мысалдың тоқсан ауыз сөзінен тобықтай түйін шығарайық.
● «Адамға қулықтан гөрі, ең керегі ақылдылық екен»
● Көп қулықтан гөрі бір ақылың жаныңды өлімнен алып қалады екен. Көп мақтанып, мақтаншақ болмау керек.

III Жаңа тақырып.
Кіріспе тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора.
Мақсаты: Топ болып жұмыс жасап, тақырып, мазмұнын ашу.
Авторы: Сансызбай Сарғасқаев
Қызығушылықты ояту: (сұрақтар)
1 топ: Көре алмаушылық, мақтангершілік дегеніміз не?
2 топ: Өзі үшін, қара басы үшін өмір сүру дегеніміз не?
3топ: Кеңпейілділік, адамгершілік дегеніміз не?
4 топ: Өзгеге қуаныш сыйлау, өзгелер үшін өмір сүру дегеніміз не?

Жаңа тақырыппен жұмыс жасау.
I – Мәтінді төрт бөлімге бөлеміз
А) Әр топ мәтінді оқып шығады
ә) Талқылау парағы 4 маңызды нәрсе табамыз. Атап оқып береміз (дәптерден)
б) Топ ішінде оқу.
II- Сұрақтармен жұмыс.
1.
2.
3.
4.
III- Топтастыру. Қызғалдақ пен қарасораның мінезін құлықтарына топтау.
1,2топ
Әр топ топтау парағын тақтаға іліп қорғап шығады.

Ой толғаныс: Шығармашылық жұмыстар
1топ
Р – рольде қызғалдақ
А – аудитория балалар
Ф – форма хат
Т – тақырыбы табиғатты қорғау
2 топ 5 жолды өлең.
1. Не?
2. Қандай?
3. Не істейді?
4. 4 сөзді сөйлем
5. Синонимі, баламасын табу.
3 топ Эссе жазу.

Қызғалдақ пен қарасора, жақсылық пен жамандық, ақпейілділік пен көре алмаушылық туралы эссе жазып шығару.
4 топ Сезімнен туған өлеңдер.
Қызғалдақ немесе қарасора туралы өлең шығару.

Жеке жұмыс жасату.
I – тесттік тапсырмалар:
1. Түлкі мен тиін мәтіннің қай түріне жатады?
а) мысал
ә) аңыз әңгіме
б) ертегі
2. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы кім?
а) Ыбырай
ә) Абай
б) Жамбыл
3. Е.Өтетілеуов «Тұйғын» әңгімесінде кейіпкер спорттың қай түрімен айналысады
а) бокс
ә) күрес
б) веложарыс
4. Жігіттің қандай жақсы үш белгісі болады екен?
а)1
ә)2
б)3
5. Бүгінгі өткен жаңа тақырыптан қандай кейіпкер ұнады?
● Не?
● Несімен?
● Өз ойың.

Сабақты қорыту.
Бағалау, үйге тапсырма беру.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері

Е. Салықов. Күзгі орманның көріністері

Оқушылардың сөздік қорын молайта отырып, ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Жан-жануарларға деген сүйіспеншілік...
Ұстаз

Ұстаз

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы № 1 орта мектебі Жандаулетова Қызғалдақ...
Қызғалдақ пен қарасора

Қызғалдақ пен қарасора

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі Курмалова Асель Агисовна Сабақтың тақырыбы: Қызғалдақ пен қарасора Сабақтың мақсаты: Білімділік:...

"Ақсақ құлан, Жошы хан" (қазақ әдебиеті, 5-сынып)

Аты-жөні: Өтегенова Набия Төлегенқызы Туған жылы: 12.01.1985 ж. Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Мектебі: БҚО...
Сәулелі жұлдыз іздеген адам.

Сәулелі жұлдыз іздеген адам.

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы №1 Г. Орджоникидзе атындағы мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Таласбекова Гульнур...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×