Сайтқа кіру Тіркелу

Қамқорлық

Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық
Сабақтың мақсаты:
1. Тақырып мазмұнын меңгерту. Жүйелі сөйлеуге, табиғатқа және құстарға қамқорлық жаса керектігін үйрету.
2. Балаларға бағыт - бағдар бере отырып өздіктерінен жұмыс істеуге, ұжымдық яғни топтық жұмыс жасауға, ой - өрісін, ойлау қабілеттерін дамыта отырып өздіктерінен қорытынды жасауға және шығаруға машықтандыру.
3. Балаларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке
тәрбиелеу, өз отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, бағалау картасы, буклет, венн диаграммасы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Саламатсыздар ма балалар. Балалар өз беттерінше былай
амандасады:
- Үлкенге де сіз
- Кішіге де сіз,
- Сәлем беріп сіздерге
- Бас иеміз біз.
- Өте тамаша отырыңдар.
- Бүгін қандай күн?
- Жұма 2 – наурыз.
- Қазір жылдың қай мезгіл?
- Көктем.
- Көктем мезгіліне жататын айларды ата?
- Наурыз, Сәуір, Мамыр.
- Өте тамаша. Жұмыстарыңа сәттілік тілеймін.
Психологиялық дайындық: Ана тілің атың – бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Топтарға бөлу: Ақылдылар, Ойшылдар, Білімділер, Алғырлар, Тапқырлар.
Үй тапсырмасын сұрау: Біз өткен сабағымызда дәл осы топтармен жұмыс жүргізгенбіз. Мен сендерді бүгін «бағалау картасымен» бағалаймын.
- Бес
- Төрт
- Үш деген бағаларды білдіреді.
Бүгінгі сабағымыз жарыс сабақ, сол себептен сабақтың соңында бағаларыңды есептеп қай топ алға шыққанын білеміз.
Ал үйге қандай тапсырма берілді? Барлық топқа бірдей мәтіннің мазмұнын айту. Содан соң топқа жеке тапсырмалар бойынша айтып жауап береді.
Ақылдылар – мәтіннен қазақ ауылы тұрған жерді суреттелгенін тауып оқып береді.
 Ойшылдар – Бүркітті сипаттап айтып береді.
 Білімділер – Мәтіндегі жауыз адамдардың әрекеттерін санамалап айтып оқып беру.
 Алғырлар – Бүркіттің әрекетін жауыз адамдардың әрекеттермен салыстыр.
 Тапқырлар – мәтіннің әрбір бөлігіне ат қою.
Әр топтың тұсына жауап бергендеріне қарай белгілерін қоямын. Ал, балалар бүгін біз үшін үш кезеңмен жұмыс жүргіземіз.
І – ой қозғау кезеңі.
ІІ – мағынаны ашу кезеңі.
ІІІ – ой толғаныс кезеңі.
І Ой қозғау
- Қазір біз жеке жұмыс жасаймыз.
- Барлығымыз кітапты жауып қоямыз.
- Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазыңдар.
- Наурыздың екісі.
Ал, енді балалар сендер «қамқорлық» деген сөзді қалай түсінесіңдер. Әрқайсысы өз ойларын дәптерлеріне жазады.
Үш рет шапалақ ұрып, дәптерлеріндегі жазғандарын оқытамын. Балалардың айтуы бойынша өзім қорытындылап шығамын.
Ал, енді сендермен Б. Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесімен танысамыз. Б. Соқпақбаев - 1924 жылы Алматы облысының Нарынқол селосында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын, кейіннен Москвадағы жоғары әдеби курсты бітірді. Б. Соқпақбаев өзінің өлеңдерін, шығармаларын тек балаларға арналған. Өздерің білетін «Ағаштар неге ашуланды», «Бұлақ өлеңдер», «Бақыт жолы» әңгімелері бар. Өздерің білетін «Менің атым Қожа» атты фильмнің авторы Б. Соқпақбаев.
ІІ Мағынаны ашу
Келесі кезеңіміз «Мағынаны ашу» Ал, балалар осы Б. Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесі не жайында айтылады деп ойлайсыңдар. Топпен жұмыс. Ойларын айтады. Жақсы, ол енді Б. Соқпақбаев атамыздың әңгімесі былай болыпты деп оқимын.
Топпен жұмыс жүргізіледі.
Болған соң 3 рет шапалақ ұрып болып айтады. Қойылатын сұрақтар.
1. Әңгіме не жайында
Оқиғаға ары қарай не болады деп ойлайсыңдар?\
2. Оқиға кімдер жайында?
Оқиға қалай жалғасты?
3. Кейіпкерлерді бағалау.
Мұндай жағдайда өздерің не істер едіңдер?
Әр топ сұрақтарға өз ойларын айтқандары үшін бағалап отырмын.
Сергіту сәті
Торғай, торғай тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап.
Бөтегесі бұлтиып,
Шиқ – шиқ десіп отырмақ.
ІІІ Ой толғаныс «Венн диаграммасы»
Жанталас пен Қожаға мінездеме беру.
Жантас ортақ белгі Қожа
Жаман қасиет көп Жақсы қасиеттер көп
- Жақсы балалар біздің сыныбымызда Жантас секілді балалар бар ма?
- Жоқ
Иә, балалар сендер Қожа секілді әдепті, мейірімді ақылды бала болуларың керек.
Ал, енді балалар «Мың бір мақал» ойынын ойнаймыз.
Әр топқа бір мақалдың басын айтып, олар жалғасын табады.
1. Жақсы бала – қуаныш
Жаман бала – күйініш.
2. Жақсының аты өлмейді,
Жазушының хаты өлмейді.
3. Жақсылардың үлгісі,
Жанып тұрған шамдай.
Шешендердің сөздері,
Ағып тұрған балдай.
4. Биік төбеге шықсаң,
Көзің ашылады.
Көңілің ашылады.
5. Жақсы келді дегенше,
Жарық келді десейші.
Жақсылықтың нышанын,
Алып келді десейші.
6. Жақсы ата – орман,
Жақсы бала – қорған.
7. Жақсы алдында жазыласың,
Жаман алдында тарыласың.
Ал, енді балалар бүгінгі біздің сабағымызда біз табиғатты және құстарды, ата – анамызға, айнала қоршаған ортаға қалай қамқорлық жасау керектігін таныстық. Сендерде Қожа секілді ақылды балалар көп болса, біздің еліміз, мемлекетіміз тиеді деп ойлаймын.
Үй тапсырмасы:
1. Мәтінді мазмұндап айту.
2. Мәтіннен торғайдың халін суреттеген жерін оқып, айту.
3. Мәтінді бөлікке бөліп, әрбір бөлімге ата қою.
4. Бұл әңгімеден қандай қорытынды шығаруға болады?
5. Балапан торғай жазылды ма?
Сендер қалай ойлайсыңдар?
Бағалау. Барлық топтардың алған бағаларын есептеп, алға шыққан топты белгілеймін. Өз білімдеріңді жақсы көрсеткендерің үшін рахмет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×