Сайтқа кіру Тіркелу

Сәулелі жұлдыз іздеген адам.

Ашық сабақ
Ана тілі 3 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Сәулелі жұлдыз іздеген адам.
Сабақтың мақсаты: 1. Ә.Сәрсенбаевтың «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» шығармасымен таныстыру. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен салып кеткен сара жолын, шығармашылық өнерін балаларға паш ету.
2. Көркем шығарманы оқыта отырып баланың ойлау дағдылары мен, шығармашылық қабілетін дамыту. Сөздік қоры мен есте сақтау қабілетін арттыру.
3. Балалардың оқуға, білімге деген құштарлығын арттыру. Өткен мен бүгіннің жақсысы мен жаманын саралап содан ғибрат алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: түсіндіру, талдау - жинақтау, сұрақ-жауап, топтау, салыстыра сипаттау, ой қозғау, рольдегі оқушылар, үш қадамды сұхбат, нобайлау, қайта қарау, автор орындығы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
«Елес жетелеу»- Сенің бүгін сабаққа дейінгі көңіл күйің және сабаққа келгеннен соңғы көңіл күйің.
- Әсер етуші нәрсе.
2. Үй тапсырмасын сұрау.

А) Нобайлау.
1. Қазақ жерін жаудан қорғаған қазақ батырлары .
2. Қанжығалы Бөгенбай
3. Қаракерей Қабанбай
4. Ерлік пен Өжеттілік
5. Биіктегі арман
Б) Қайта қарау. Әр топ өзіне ұнаған тақырыпты таңдап алып қайта қарайды .
В) Тақырып таңдау. Қайта қаралған тақырыптардың ішінен тақырып таңдайды.
Г) Интервалмен жазу. Тақырып бойынша интервалдап шығарма жазады.
Д) Автор орындығы. Жазылған шығарманы автор орындығында отырып оқып береді.
Е) Сұрақ қояды . Әр адам автор орындығында адамға сұрақ қойса болады.
Қол соғу.

Оқу клубын құру. Ата-ана мен баланың кейіпкерлер туралы пікірі.
Өз пікірім...............
Ата-анамның пікірі.............

Сергіту сәті.
Жемістермен ойнау. Алма, қарбыз, жүзім, шабдалы, қара өрік, құлпынай.

Жаңа сабақ .
Терминдермен болжау .

1. Педагог
2. Жазушы
3. Ғалым
4. Ақын
5. Мектеп
Сабаққа кіріспе жасау. Тұлғалармен еске түсіру.
- Аспан әлемін ойлағанда есіңе кім түседі?
- Суреттерді тамашалағанда ше?
- Ақындар туралы ойлағанда ше?
- Ұлы педагог дегенде ше?

Оқулықпен жұмыс .
Автор туралы сөз .
1. Мәтінді бес бөлікке бөліп оқыту .
2. Әр бөлімге ат қою
Мектептің ашылуы .
Инспектор келді .
Сәулелі жұлдыз іздеген адам .
Ыбырай атаның шашуы .
Ел алғысын алған адам .
3.Бөлім бойынша әңгімелеу
4.Сөздік жұмыс

Топпен жұмыс . Кубизм әдісімен .
1. Кейіпкерді суреттеңіз .
2. Әңгімелерін қолданыңыз.
3. Салыстырыңыз.
4. Ол туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді?
5. Ыбырайды зерттеңіз .
6. Талқылаңыз, пікірді қолдаңыз, қарсы шығыңыз .

Ғылыми жоба
1. Интервью жүргізіңіз
2. Бақылау жүргізу.
3. Эксперимент жасау
4. Зерттеу жұмыстары
5. Тұжырымдау
Сұрақтары:
1. Ыбырай заманындағы мектеппен қазіргі мектептің айырмашылығы.
2. Сол кездегі балалардың арманы қандай болды және қазіргі балалардың арманымен айырмашылығы бар ма?
3. Ыбырайдың арманы қазіргі кезде қалай іске асуда?
4. Қазіргі кезде сәулелі жұлдыз іздеушілер бар ма?
5. Өз ұстаздарың туралы әңгімеле.

Сабақты қорыту .
1. Сезімнен туған өлеңдер .
2. РАФТ
3. Эссе
4. Сурет салу
5. Қорытынды

Р – Оқушы
А – Ұстаздар
Ф – Тілек
Т – Ризашылық
ЭССЕ «Аяулы ұстазыма келеді өзіңе ұқсағым»
Сезімнен туған өлеңдер !Ұстаздарға мың алғыс»
Сурет салу: «Болашақтың мектебі»
Қорытынды сөз.

Бағалау.
Үйге тапсырма : Ыбырайдың бір әңгімесіне ой жазып келу. Мәтінді оқып , түсінігін білу .
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×