Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Анаға сыйлаймыз

Сабақтың тақырыбы: «Анаға сыйлаймыз»
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларды өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету.
2) Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, тіл байлығын сөздік қорын дамыту.
3) Ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ребустар, математикалық тапсырма, гүлдер.
Сабақтың түрі: Ертеңгі сабақ
Сабақтың жүрісі: І Ұйымдастыру
ІІ. Балалар сендер ертегі тыңдағанды ертегі айтқанды жақсы көресіңдер ма? Біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз
Ертегі «Мақта қыз бен мысық» деп аталады. Ертегінің ішінде көптеген тапсырмалар бар. Тапсырмаларды орындауға дайынбыз ба?
Мақта қыз бен мысық дос болады. Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады.
ІІІ. Мейіздің тапсырмасын орындаймыз. Мейіздің тапсырмасын орындай отырып, осы ертегідегі кейіпкерлердің атымен танысамыз.
1 – жұмбақ шешу.
Өзі жап – жас, мұрты бар
Ет пен сүтке ұмтылар
Тастамайды жылы үйде
Түкті тоны шұп – шұбар
(мысық)
2. Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Сыртылдаған тұяғы бар
Бір желпуіш сияғы бар
( сиыр)
3. Жазда жасарады
Қыста қартаяды
(ағаш)
4. Ағайынды бәрі
Шықса – жасыл
Түссе – сары
(жапырақ)
5. Теспе жерді тескен
Сол тесікте өскен
(тышқан)
ІV. Мейіздің 2 – тапсырмасы.
Үй тапсырмасын сұрау.
Бәйшешек жаттау.
Жауқазын мәнерлеп оқу.
Оқушылар жатқа айтады, мәнерлеп оқиды, ережені сұрау.
Жақсы балалар мейіздің тапсырмасын өте жақсы орындадыңыздар. Қыз мейізді мысыққа бермекші болып, мысықты шақырады. Мысық келмейді. Мақта қыз мысық келмеген соң ашуланып, мейізді жеп қояды. Жеп болған соң мысығы келеді – «Мені неге шақырдың»? дейді. Мақта қыз үндемейді. Мысық қатығыңды төгем дейді. Мысық ерегесіп қатығын төгіп тастайды.
Балалар енді осы жерде мақта қыз сендердің білімдеріңді тексергісі келеді. Сендерге сұрақтары бар екен:
Тіл не үшін қажет?
Сөйлеу не үшін қажет?
Сөз неден құралады?
Сөйлем неден құралады?
Дыбыстарды не істейміз?
Әріптерді не істейміз?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?(дауысты дауыссыз)
Дауысты дыбыс нешеу?(15)
Дауыссыз дыбыс нешеу (25)
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
Таңба ше?
Жуан дауыстыларды ата?
Жіңішке дауыстыларды ата?
Жұп дауыстыларды ата
Буын деген не?
Тасымал деген не?
Заттың атын білдіретін, сөздер ережесін кім айтады.

Балалар мақта қыздың тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар. Мақта қыз қатығын төккен соң мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық құйрығын сұрайды. Қыз қатығын сұрайды. Мысық қатық іздеп жолға шығады. Мысық сиырға барады. Сиыр, сиыр маған қатық берші дейді. Сиыр қатықты оңайлықпен бермейді. Сиырдың тапсырмасы: І тап.

Жаңа сабақ
Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр? Кімдердің мерекесі? (аналардың)
Суретпен жұмыс
Ендеше осы мерекеге байланысты апама өлеңін оқу.
«Анаға сыйлаймыз» өлеңімен танысамыз автор туралы
Мәнерлеп оқу, мазмұнымен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс 2/3
Дауыстап оқу
Сиырдың 2 тап. Математикадан тапсырма беріп білімдер сынамақшы.
4+5=
7+2=
8 - 4=
10+0=
9+1=
10 - 5=
7+3 =
10 - 0=
Өте жақсы сиырдың тапсырмаларын орындадық. Бірақ сиыр менің қарыным аш маған жапырақ әкеп бер дейді. Мысық жапырақ алу үшін ағашқа келеді.
Ағаш, ағаш жапырақ берші дейді.
Ағаштың тапсырмасы.
1 тап, сергіту
Орынымыздан тұрайық
Шапалақты ұрайық
Бір отырып бір тұрып
Бір серігіп алайық.
ІІ тапсырмасы. Дәптермен жұмыс
Наурыздың бесі
Анаға сыйлаймыз
92 жаттығу.
Көктем болды. Ағаштар бүршік жарды. Мал көкке жайылатын болды.
Жарайсыңдар балалар ертегіні ары қарай жалғастырамыз. Ағаш мысықтан су сұрайды. Мысық қыздарға келеді. Қыздар мына тапсырмаларды орындау керек.
1 тап: Орын ауысқан сөздерден сөйлем құрау.

Жылына, күн, батады.
Асқар, тұрды, ерте.
Қозыға бердім, мен, сүт.

2 тап:
«Кім жылдам» деген ойын әкелген.
Жұмбақ.
Жаңылтпаш
Мақал – мәтел айту.
Жақсы қыздардың тапсырмасын орындадық. Қыздар мысықтан сағыз сұрады.
Мысық сағыз алу үшін дүкеншіге барады.
Дүкенші оңай сағызды бере қоймайды оның тапсырмасын орындау керек.
1 тап. Ребус шешу.
2 тап. Сурет бойынша сөйлеу.
Ендеше ертегі жалғасады.
Дүкенші мысықтан жұмыртқа сұрайды. Жұмыртқаны алу үшін тауыққа келеді. Тауықтың да тапсырмасын орындау керек.
1 тап. Сөздерді буынға бөлу.
А - на, кі - тап, ә - ке, шо - пан.
2 тап. 8 наурызда аналарыңа не сыйлық сыйлаймыз.
Өте жақсы тауықтың тапсырмасын да орындадық. Тауық мысықтан тары сұрады.
Мысық не істерін білмей тұрғанда ін қазып жатқан тышқанды көреді.
Тышқанға келіп қорқытады. Тышқан қорыққаннан үйімде бір табақ тарым бар дейді. Мысық онда маған бір уыс тары бер дейді. Тышқан бір уыс тары береді. Оны тауыққа береді. Тауық жұмыртқа береді, жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды қыздарға береді, қыздар су береді, суды ағашқа береді, ағаш жапырақ береді, жапырақты сиырға береді, сиыр қатық береді қатықты мақта қызға береді, мақта қыз құйрығын береді.
Осымен балалар ертегілер еліне саяхатымыз аяқталды.
Сонымен бүгін қандай өлеңмен таныстық. «Анаға сыйлаймыз» Ол нелер туралы гүлдер туралы. Анамызға 8 наурызда не сыйлаймыз. Гүлдер
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
93 жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқу
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету