Сайтқа кіру Тіркелу

Суды қорғау

Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Мақсаты: табиғаттағы су көздері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Суды үнемдей білуге, таза ұстауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі; баяндау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: инт. тақта, карта, тәжірибе жасауға қажетті құралдар
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану
Сабақтың барысы: Психологиялық дайындық ( оқушылар бір - біріне тілек тілейді) Класс оқушылары үш топқа бөлінеді. Топ басшылары сайланады. Алда жаңа жыл мерекесіне орай тапсырмалар орындау арқылы шыршаны безендіру тапсырылады.
Үй тапсырмасын тексеру: 1 - топ Өзен мен көлдің айырмашылығы
Жауап: жылғалар бір - бірімен қосылыпөзен құрайды. Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл дейді)
2 - топ Өзен мен тоғанда қандай шаруашылықты өркендетуге болады?
Жауап: өзен балық, құс, гүлшаруашылығы тоған аң, мал шаруашылығы
3 - топ Тұзды және жасанды көл қалай жасалады?
Жауап: Суға тапшы құрғақшылық жерлерде жасанды көл жасалады. Ағын сумен шайылып келген тұздар түбіне тұнып қала береді де тұзды айдындар пайда болады.
Қызығушылықты ояту: Жұмбақ шешу
Жылт - жылт еткен Жылғадан өткен (Су) Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. «Суды қорғау»
Үш топқа тапсырма:
1 - топ Судың адам өміріндегі маңызын айт
2 - топ Суды ластанудан қорғау жолдары
3 - топ Судың табиғаттағы маңызын айт
Оқулықпен жұмыс Мәтінді оқу, түсіндіру Картамен жұмыс. Жер бетінде су алып жатқан аймақтарды көрсету. Картадағы белгіленуі, түсі өз жеріміздегі өзендер туралы әңгімелеу.
Дәптермен жұмыс. Суға байланысты тиым сөздер жазып, мағынасын ашып түсіндіру
Тәжірибе жасау: Екі стақанның біріне сүт, екіншісіне су құйып, ішіне қасық саламыз. Қайсысы анық көрінеді? Неліктен? Дәлелдеу
Бекіту: 1 - топ Судың барлық қасиеттерін сызбаға түсіру
2 - топ Судың үш күйі? Сусыз не жоқ?
3 - топ Суды қорғау (кластер әдісі)
Бағалау топ басшыларының бағалауы
Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, «Су – тіршілік көзі» тақырыбына әңгіме жазып келу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×