Сайтқа кіру Тіркелу

Х дыбысы мен әрпі

Әліппе
Сабақтың тақырыбы: Х х дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
Білімділік: Хх дыбысы мен әрпін таныстыру, хәрпі бар сөздерді дұрыс оқып, сауатты жаза білуге үйрету. Кітап туралы ойларын, хат тасушы мамандығы бойынша түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Кітапты күтіп ұстай білуге, кітапханашы, хат тасушы мамандық иелерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақ түрі: дамытпалы
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, жеке, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері, талдау -жинақтау
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика, өмірмен байланыс.
Көрнекілігі: теледидар, компьютер, суреттер, кеспе әріптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- балаларды түгендеу
- сабаққа назарын аудару
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Сабақты қайталаудан бастайық. Ол үшін мына үйдің тұрғындарын атап
өтейік. (Я. ю)
- Бұл дыбыстар туралы не білеміз? (қосарлы дауысты дыбыстар, жеке тұрғанда буын құрайды)
-«Жарыс» сөзіне қатысты қандай тапсырма беріліп еді? («Жарыс» мәтінін оқыту)
Сұрақтармен қорыту ( тірек сөздер арқылы ойларын сұрау)
Сергіту сәті. Теледидардан жаңалықтар есту. №2 мектептің ашылуы, қаламызға цирктің келуі.
ІІІ Жаңа сабақ.
Теледидардан не көрдіңіздер?
1. Оқушылардың сөзінен хабар сөзіне түсінік беру.
2. Хх дыбысына тоқталу - дауыссыз дыбыс, араб, парсы тілінен енген әріп.
3. Жазылуын, баспа түрін таныстыру.
Жұмбақ шешу Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмей тұғын жолы жоқ. (хат)
Дәл осы кезде мектеп хатшысы хат әкеледі.
- Бізге кім келді? Хатшы не әкелді?
- Хат әкелді. Хатты не арқылы жазамыз? Тағы да қалай жазуға болады?
- Компьютер арқылы хат жазуға болады. Оны интернет арқылы да жазуға блоады.
- Хат тасушы адамды кім деп атайды? (Пошташы)
- Пошташылар күнделікті мыңдаған адамға хат тасиды. Олар суық, ыстық күндерге қарамай елдің көптеген хаттарын тасиды екен.
- Біздің сыныпқа да хат келді. Ал, енді осы хатпен танысайық:
- Х әріптері бар сөздермен жұмыстар жүргіземіз, жарыса отырып орындайық;
Жекелей жұмыс.
1 - қатар - тақтадағы берілген сөздерді оқиды, пойызға буын санына сәйкес салады; (1 терезелі - 1буынды, 2 терезелі - 2буынды, 3 терезелі 3буынды)
2 - қатар – сызба ( тор көздер) бойынша осы сөздерді орналастыру қажет;
( сөзде неше әріп болса, сонша торкөзге орналастыру қажет)
3 - қатар – саяхат сөзіне дыбыстық талдау жүргізеді( дауысты, дауыссыз
Дыбыстар, буын, оның түрлері)
Ұжымдық жұмыс: топтастыру, сөздердің мағынасын сұрау.
Ем дәрі шебер
ас хана әжет
дәм ұста кітап
Тексеру, бағалау.
- Біздің мектебімізде кітапхана бар. Кітапханада жұмыс істейтін қызметкерлерді кім дейді?(кітапханашы)
- Бізде конақта кітапханашы Алтыншаш және Ұлдана апайларымыз келіп отыр. Сол кісілерген сөз берейік ( кітапханашылар кітапханадан келіп кітап жаздыртып алуларын, кітапты сақтаудың ережесін айтып береді)
- Кітапханадан кітап алу үшін жақсы оқи білу керек. Ол үшін мына мәтінмен танысып, өзіміздің қалай оқитынымызды көрсетейік.
Мәтінмен жұмыс.
1. Мұғалімнің мәнерлеп оқуы. Оқушылардың тізбектей оқуы.
2. Сөздік жұмысы: кітапханашы - кітапхана қызметкері
3. Тірек сөздермен жұмыс: кітапхана, кітап.
Кітап туралы не білесіңдер? Ол үшін не керек? Кітап туралы мақалдар білесіздер ме?
Дәптермен жұмыс. Жұптық жұмыс.
- Балалар, біз қалай оқығанымызды көрсетсек, енді қалай жаза алатынымызды көрсетейік. (Ауада жазу арқылы Хәрпінің жазылуын көрсету, оқулықтағы сөйлемді жаздырту, өзара тексерту:
Х х. Мен кітапханаға бардым.
ІV. Қорыту. Ойын «Кім тапқыр?»
Шарты: Сыныптағы балалардың атынан қонақтардың ішінен х дыбысы бар есімдерді атау.
- Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
V. Үйге тапсырма.
«Кітапхана» мәтінін оқу. Аталарыңа, әжелеріңе хат жазып келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×