Сайтқа кіру Тіркелу

Бөрте мен Зөре

Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза. “Бөрте мен Зөре”.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әңгіменің мазмұнын ашу, әңгімедегі негізгі ойды ұғындыру табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін терңдете түсу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, өз ойларын тиянақты жетікізе білуге, өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
Тәрбелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО әдістері(Венн диаграмасы, топтастыру) Сұрақ – жауап, әңгімелеу,
Көрнекілік: Шерхан Мұртазаның портреті, қызыл кітап.
Пән аралық байланысы: дүниетану, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. а) оқушылардың сабаққа әзірлігін байқау.
III. Психологиялық дайындық:
Сен күлгенде күледі,
Ойыңды айтпай біледі
Ренжісең, ренжіп,
Сенімен бірге жүреді
Сырыңды барып айтасың
Үйге бірге қайтасың
(достық)
(қолдарын ұстап достар бір - біріне жақсы тілектер тілейді).
IV. Үй тапсырмасын тексеру:
1. “Ұстаз” өлеңін мәнерлеп оқыту.
2. Өлеңнің авторы туралы әңгімелеу.
Жұбан Молдағалиев (1920 - 1989). Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сайқұдық деген жерде туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ақын, жазушы. Ақын балаларға арнап “Қызыл галстук ” атты поэма жазған.
Оқулықпен жұмыс.
1. Өлеңде кім туралы жырланды?
2. Бірінші шумақта ұстаздың мейірімділігі туралы не делінген.
3. Ақын ұстазды кімдерге теңейді? Неліктен?
4. Үшінші шумақта ұстаздың қажырлы еңбегі туралы қай жолдарында айтылған?
Сөздік жұмыс.
“суарып білім – шәрбатпен” дегенді қалай түсінесің.
Шығармашылық жұмыс.
“Менің ұстазым” тақырыбында әңгімелерін тыңдау.
Ұстаз - білімді, мейрімді, қамқор, екінші анамыз.
Өткен сабақты бекіту.
Венн диаграммасы
1. Ұстаздың бейнеті - Ыстық – суық демей еңбек ету, шыдамды болу, төзімді болу.
2. Ұстаздың зейнеті - Еңбегі бағаланады, еленеді, елге көмегі тиеді, алғыс алады, рахатын көреді.
Жаңа сабақ: Шерхан Мұртаза. “Бөрте мен Зөре”.
- Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, қане кім бірінші табады?
Жұмбақ: Жақпар тастың өркешіне
Секіреді құламай.
Қия құздың өр төсіне
Орғып шығар ол оңай. Ол не? (арқар)
- Жарайсыңдар, балалар, ендеше біз бүгін Шерхан Мұртазаның «Бөрте мен Зөре» атты әңгімесін оқып танысамыз. Алдымен автор жайлы не білеміз? Қане тыңдайық.
Шерхан Мұртаза.
Көрнекті қазақ жазушысы. Белгілі қоғам қайраткері. 1993 жыл 28 қырқүйекте Әулиеата уезі, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағында дүниеге келген. 1955 жыл Мәскеудегі Ломаносов атындағы мемлекеттік университетті бітірген. 1963 жылы “Жазушы баспасөның редакторы”, республикалық “Лениншілік жас, газеті ”Жалын”, “Жұлдыз” журналдарында бас редакторы болып істеді.
“Бөрте мен Зөре”
1. Әңгімені түсіндіріп оқу.
2. Әңгіме не туралы айтылған?
3. Сөздік жұмыс
Құлжа – арқардың аталығы.
Қозықа – арқардың қозысы
Әлімжеттік жасау – күш көрсету.
Тасада – бірден көзге түспейтін жерде.
4. Мәтінді бөліктерге бөліп ат қою.
I. Бөлім. Кішкентай қозықа.
II. бөлім. Нұржанның қамқоры.
1) Әр бөліктегі оқиғаны қысқаша баянда.
2) Нұржанның іс - әрекетіне тоқтал.
Ой қозғау. Проблемалық сұрақтар.
- Егер сен Нұржанның орнында болсаң сен не істер едің?
(әр оқушының пікірін тыңдау)
Қорытындылау: Арқарлар туралы мәліметтер.
Арқар – қай тұқымдасына жататын аша тұяқты жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 см – ге, салмағы 200 кг дейін жетеді. Арқаның еркегінде де ұрғашысында да мүйізі болады. Еркегін құлжа дейді. Арқар Қазақстанның тауларында мекендейді. Арқар үйір – үйірімен жүреді. Жазда көбейеді, көбіне егіз туады. Олардың басты жауы – қасқыр мен борсық.
Арқар дәмді еті бар., сапалы тері беретін кәсіптік аң болады. Сондықтан оны аулауға тиым салынған. Оны Қазақстан Қызыл кітабына енгізген.
Олар:
1. Үстірт арқары. Маңыстауда мекендейді.
2. Алтай арқары. Алтайда ғана мекендейді.
3. Қызылқұм арқары. Қазақстанда Қызылқұмда мекендейді. 4. Қазақстан арқары. Орталық Қазақстан тауларында мекендейді.
5. Тянь – Шянь арқары. Тянь – Шянь мен Жоңғар Алатауларында тараған.
6. Қаратау арқары. Қаратауда мекендейді.
Жануарларды қорғап, сақтайтын, кебейтетін қорықтар жұмыс істеді.
Қазақстан қорықтары.
№ Атаулары Жылдар
1 Ақсу - Жабағылы 1926 ж
2 Алматы 1935 ж
3 Марқакөл 1976 ж
4 Батыс Алтай 1992 ж
5 Қорғалжың 1959 ж
6 Наурызым 1930 ж
7 Барсакелмес 1939 ж
8 Үстірт 1984 ж
9 Алакөл 1998 ж
Үйге тапсырма: “Бөрте мен Зөре” 65 - 68 бет (мазмұндау)
Әрқайсысың өздерің қамқорлыққа алған жануарлар туралы жазу.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қызыл кітапқа енген жануарлар

Қызыл кітапқа енген жануарлар

Жыл сайын жойылып келе жатқан аңдарды қорғау әркімнің ісі деп ойлаймыз, Әрине ең бірінші үкімет қолға алуы тиіс. Төмендегі көрсетілген жан-жануарлар...
М. Мақатаев

М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда"

БҚО, Орал қаласы, №33 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Насиева Ұлдай Байжумаевна...
Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы «Ай мен Айша» романы

Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы «Ай мен Айша» романы

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №2 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Естаубаева Нурия Айдаровна...
Жануарлар әлемін қорғау. Қорықтар

Жануарлар әлемін қорғау. Қорықтар

Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Нәбиева Гүлбаршын Емматқызы...
Шерхан Мұртаза Интернат қоймасы

Шерхан Мұртаза Интернат қоймасы

«Сымбат»жеке мектебінің бастауыш мұғалімі Алдабергенова Үзілдік Жомартқызы Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза Интернат қоймасы....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×