Сайтқа кіру Тіркелу

Сөз таптары

Сабақтың тақырыбы: «Сөз таптары»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, сөз, сөйлем, логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру, көрнекілік арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Таза, ұқыпты жазуға, белсенділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдіс - тәсілдері: көрсету, сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, ұялар, тест, көңіл - күй бейнесі, гүлдер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Армысың асыл күн!
Армысың асыл жер
Армысың көк аспан
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым.

Бір, екі, үш отырамыз тып - тыныш.
- Балалар сендердің алдарыңда екі көңіл күй бейнелері жатыр. Дәл қазір сендердің көңіл - күйлеріңді білейік ол үшін сендер алдарыңдағы бейнелер арқылы көңіл - күйлеріңді көтеріп көрсетесіңдер.
Жақсы олай болса сабағымызды бастаймыз!
- Балалар бүгін біз сөз таптарын қайталаймыз. Сендер осы тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңді тексереміз. Ал қазір сендермен сөз таптарына шолу жасайық. Содан кейін әр түрлі тапсырмалар орындайсыңдар.
- балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктемде қандай гүлдер өсе бастайды. Олай болса қазір сендер сабақта бәйшешек гүлдерін жинайсыңдар.

Психологиялық дайындық: Жұмбақты шеш.
1. Ай үстінде алтын тас,
Алайын десем алынбас. (жұлдыз)
2. Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы. (түлкі)
3. Шәкіртке жаны ашар,
Мейірман кім, жаны асыл. (мұғалім)
4. Ғажап екен кіп-кішкентай сәнді үйі,

Ішінде балқып жатыр әлдиі. (бесік)
- Ал балалар, осы жұлдыз, түлкі, мұғалім, бесік сөздері қандай сұрақтарға қандай сұрақтарға жауап береді? Кім? не? – зат есім.
Ойлан, тап!
- Балалар тақтада не көріп тұрсыңдар?
- Енді осы суреттердің түрін, түсін, сапасын тауып айтып беріңдер. Жасыл, қызыл, үлкен, дөңгелек, көк, әдемі сөздері қандай сұраққа жауап береді?

Қандай? қай?- сын есім.
Логикалық есептер.

Алматта үш асық
Санатта екі асық,
Қанатта бір асық,
Ал менде төрт асық,
Барлығы неше асық? (он асық)
Ажарда он дәптер
Екеуін апасына берді
Үшеуін ағасына берді.
Біреуін досына берді,
Өзінде неше дәптер қалды? (төрт дәптер)

Сәуледе екі алма болды, оған тағы бірнеше алма берді. Осыдан кейін Сәуледе барлығы сегіз алма болды. Сәулеге неше алма берді? (6 алма)

Ойлан, Тап!
- Балалар тақтада не көріп тұрсыңдар?
- Енді осы суретте берілген іс - қимылдарға жауап беріп көріңдер. Әкеле жатыр, ішіп отыр, ұшып жүр, мінді деген сөздерге қандай сұрақтар жауап береді? Не істеді? Не қылды? Қайтті?- сан есім.
- Тамаша балалар біз сөз таптарын есімізге түсірдік. Енді сендерді алда көптеген тапсырмалар күтіп тұр. Соларды мүлтіксіз орындап шығуларың керек.

- Олай болса тапсырмаларымызды бастаймыз. Тақтаға назар аударыңдар.
1 - тапсырма:
- балалар сендерге сөздер және суреттер берілген. Сол бірінші жолдағы сөздерге сәйкес келетін суретті қатыстырып сөйлем құрап жаз.
Сөздер: әдепті, қызыл, суық, тәтті.
2 - тапсырма: «Сиқырлы сандық»
- Берілген зат есімдердің сан есімдерді тауып айт.
... ата,... мезгіл,... көз,... саусақ,... қазына,... ғаламшар.
3 - тапсырма: «Жаңбырлы күн»
- Балалар назарларымызды тақтаға аударамыз. Көріп тұрғандай бұлттардан буындап жаңбырлар жауып тұр. Сендер бұлттардан қандай жауып тұрғанын табу керексіңдер.
Кө - бе - лек, кі - тап, кө - гер - шін, кір - пі, кілт.
Сергіту сәті
4 - тапсырма: «Кім жылдам»
- балалар сендердің алдарыңда суреттер және әр - түрлі сөздер берілген. Соны сендер қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықтап, сөз тіркестерін жазасыңдар.
Күшік үреді. Тік ұшақ ұшады. Ағаш өседі. Бақа секіреді. Қыз жүреді. Торғай ұшады.

5 - тапсырма: «Адасқан сөздер»

- Оқушылар тақтада төрт ұяшық ілініп тұрү Олар: зат есім, сын есім, сан есім, етістік. Ал төменгі жағында жасырылған сөздер тұр. Қазір сендер бір - бірлеп шығып жасырылып тұрған бір сөзді алып, оны оқып сұрақ қойып, ұяшығын тауып ілесіңдер.
6 - тапсырма: «Жаңылтпашты жатқа жаз».
Үш кіші ішік піштім,
Бес кіші ішік піштім
Неше кіші ішік піштім.
Үш, бес - неше? сан есім
Кіші - қандай? сын есім
Ішік - не? Зат есім
Піштім - не істеді? етістік.
7 - тапсырма: «Сөз жұмбақты» шеш
Т
О
Ғ
Ы
З

Сұрақтары:
Бөгенбай кім?
Ең бірінші қазақ зерттеуші ғалымы?
Еңбек құралы?
Қазақ жерінде алғаш мектеп ашқан адам?
Жыл мезгілі?
Бекіту кезеңі: тест
1. Заттың атын білдіретін сөздер қатарын белгіле.
а) Ұзын, қысқа, әдемі.
ә) Жылқы, жұмыртқа, шөп.
б) Билейді, жазды, тоқиды.
2. Етістік нені білдіреді?
а) заттың қимылын, іс - әрекетін
ә) заттың сапасын
б) заттың ретін
3. Заттың сынын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтар?
а) кім? не?
ә) не істеді? не қылды?
б) қандай қай?
4. Заттың қимылын білдіретін сөздер қатарын сөздер қатарын белгіле.
а) жүгірді, ойнады, жазды.
ә) Алмат, кітап, ойыншық
б) қызыл, оқыды, көп.
5. Нешінші деген сұраққа жауап беретін сөзді тап?
а) жеті
ә) жетінші
б) жетпіс жеті
Бағалау: бәйшешек гүлдерін санау.
Қорытынды: балалар ал енді осымен сабағымыз аяқталды. Енді сендердің сабақтың соңында қандай көңіл - күйде екендеріңді көрейік. Өздеріңнің көңіл - күйлеріңді көтеріңдер.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×