Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Шынықсын денеміз

Сабақтың тақырыбы: Шынықсын денеміз Б. Соқпақбаев
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға Б. Соқпақбаев туралы мағлұмат беру. Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп оқуға жаттықтыру, өз ойын жинақтап сөйлеуге үйрету.
Дамытушылығы: Тіл байлығын, сөйлеу қорын, шығармашылық танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелілігі: Оқушыларға денсаулықты сақтауға және табиғатты сүюге, салауатты өмір салтын сақтай отырып спорт түрлерімен айналысуға үйрету.
Типі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Жұмбақтар, суреттер, сызбалар, кестелер, мақалдар.
Әдісі: Әнгімелеу, сұрақ жауап, топпен жұмыс, түсіндіру.
Пән аралық байланыс: Дене шынықтыру, дүниетану.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. А) Өлеңді рөлге бөліп мәнерлеп оқу
Ә) Тымақ жайлы деректерді оқыту
Б) Ұлттық киімдер жайлы жинаған деректерді оқыту
В) Құлақ гигиенасын айту
Оқушыларды түгелдеу
Психологиялық дайындық
(Оқушыларға алдын - ала мәлімет жинау тапсырылған).
Абай Құнанбаев, Қыс өлеңін электронды оқулықтан тыңдау
ақын
данышпан ойшыл
Абай
сазгер аудармашы ұстаз
Абай лирик ақын. Жылдың төрт мезгіліне арнап, «Қыс», «Көктем», «Жаз», «Күз» өлеңдерін жазған.
Жұмбақтар:
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Отқа жанбас, суға батпас (Мұз)
Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып. (Аяз)
Автормен таныстыру.
Оқушылар Б. Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Балаларға арнап көптеген әнгімелер жазған.
Соның бірі «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат».
Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып беріп мазмұнын түсіндіру.
шаңғы тебу
аққала жасау хоккей
Қысқы ойын түрлері
шанамен ойнау коньки тебу мәнерлеп сырғанау
Жұмбақ шешу:
Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)
Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге. (Шана)
Табаныма тақтым,
Жалпаң қақтым,
Зырлап бақтым. (Коньки)
Өлеңді іштей, тізбектей, мәнерлеп оқу.
Сөдік жұмыс.
Мағынасы таныс емес сөздердің астын сызу.
Биалай – қолға киетін жылы қолғап.
Малақай – қысқы бас киім.
Қыс тақырыбына эссе жазу.
Қысқы пейзаж суретін салу.
Спорт денсаулық жайлы мақал мәтелдер тазалық - денсаулық кепілі.
Шынықсан шымыр боласын.
Ас - адамның арқауы.
Денсаулық – зор байлық.
тазалық
дене шынықтыру тамақ
Денсаулық
Денсаулық – зор байлық. Денсаулық сақтау үшін тазалық, дене шынықтырудың, тамақтанудың маңызы зор.
Сурет бойынша жұмыс. Қай зат артық.
Енді мына суретке қарап назар аударайық. Суретте спорттық заттар, олардың арасында темекі бар. Темекі денсаулыққа зиян. Темекінін түтіні улы зат. Темекіден жүрек, өкпе, таақ аурулары пайда болады. Темекіні шегу адам өмірін 8 - 10 жылға, 1 талының өзі 6 - 7 минутқа қысқартады. Сондықтан мұндай заттардан аулақ болыңдар. Өзің спорттың қай түрін ұнатасың?
Денсаулық нығаюының баспалдағы дене еңбегі яғни спортпен шұғылдану.
футбол
хоккей шахмат волейбол
ауыр атлетика гимнастика
Спорт түрлері
Шаңғы тебу мәнерлеп сырғанау жүзу
Біздің жерлесіміз Илья Ильин 1986 жылы Қызылорда қаласында туылған. Ауыр атлетика спортшысы. Ол 2008 жылы Бейжің олимпиадасында алтын медаль, 2012 жылы Лондон олимпиадасында алтын медаль иеленген. Ол 2 дуркін олимпиада, 3 дүркін әлем чемпионы атанған. Қазіргі күнде отбасылы 1 қызы бар. Спортқа ағасы баулыған. Олимпиада 4 жылда бір өтеді, ал әлем чемпионаты әр жыл сайын өтеді.
Уа, халқым назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең байлық деген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
Хор: «Аязда да тоңбаймыз».
Егер денеміз сау болсын десеңдер міне жоғарыда айтылғанның бәрі денсаулық үшін істелетін жұмыстар екен. Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану барлығы салауатты өмір салтына жатады. Осы айтылғандарды күнделікті тұрмыста пайдалануымыз қажет.
Үйге 109 бет Шынықсын денеміз өлеңін жаттау, эссе жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету