Сайтқа кіру Тіркелу

Көңілді балдырған

(Эстофеталық жарыстар)
Мақсаты:
Білімділік: Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік, күш, сапалық қасиетттерін дамыту
Дамытушылық: Оқушыларды дене даярлық сапасын арттыру, бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл — әрекетке жаттықтыру.
Тәрбиелік: Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдісі: Эстофеталық жарыстар.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Дене тәрбиесі мәдениеті мен гигиенасын дамыту.
Өтілетін орын: Спортзал
Өтілетін сынып: дайындық сыныптар
Керекті құрал — жабдықтар: ракетка, пирамида, доп, шар
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сапқа тұрғұзу. Екі топқа бөлу Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру. Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру. Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру.
Қатысатын командалар: дайындық сынып оқушылары, капитан командалары
ІІ. Негізгі бөлім. Кіріспе сөз
Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс — шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелер мен мектептер - де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік. 1 - Мадиярова Гүлжамал 2 - Жаманбаева Әлия 3 - Әжібекова Камила
Сіздерге жеңіс тілейік, — дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
0 «А», 0 «Б», 0 «Г» сынып оқушылары 2 - топқа бөлініп сапқа тұрады
Сайыс түрлері:
1. Жүгіру
2. Пирамида құрастыру
3. Ракеткамен шарды алып жүру
4. Секіртпемен жүгіру
5. Допты ұяшыққа салу
Екі топ бір - бірін таныстырады. I - топ «Сұңқар» Ұраны: «Сұңқарлар алға, биікке самға, ешкімнен қалма!!!»
Эмблемасы:
II - топ «Тұлпар» Ұраны: «Тұлпар болып шабамыз, сұңқардан біз озамыз» Эмблемасы:
Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт — сапар!
1. «Жүгіру» Ойыннын мақсаты: балаларды жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: 2 топ бір – бірімен жүгіруден жарысады. Белгіленген мәреге дейін жетіп, қайта орнына келу.
2. «Пирамида құрастыру» Ойыннын мақсаты: Жылдамдыққа, жүйелі ойлауға тәрбиелеу Ойын шарты: Құрастырылған пирамидамен таныстыру. Оны шашып тастау балалар бір – бірлеп келіп пирамиданы жинайды. Бірінші жинап болған топ жеңіске жетеді.
Әділ қазылар алқасынын берген бағасын тыңдау.
3. «Ракеткамен шарды алып жүру» Ойыннын мақсаты: Тепе - теңдікті сақтауды меңгерту Ойын шарты: Ракеткамен шарды түсірмей алып жүріп, кейін артқа қайта жүгіріп келу.
Әділ қазылар алқасының бұл бөлімге берген бағасын тыңдау.
4.«Секіртпемен жүгіру» ойыны: Ойыннын мақсаты: Баланы ептілікпен шыдамдылыққа тәрбиелеу. Ойын шарты: Секіртпемен жүгіріп мәреге жетіп, қайта секіріп қайту.
6. «Допты ұяшыққа салу» Ойыннын мақсаты: Дәлдікке, ойын жинақтауға тәрбиелеу Ойын шарты: Балалар бір - бірімен допты кәрзеңкеге дәлдеп салады. Неше рет доп салса, сонша ұпай жинайды.
Әділқазылардың бұл бөлімге берген бағасын тыңдау.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).
Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да — дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×