Сайтқа кіру Тіркелу

Уақытты өлшеу

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Уақыттың жаңа және ең кіші бірлігі секундты білдіру. Уақыттың бірліктерінің арақатынасындағы қатынасты анықтауға, күнделікті өмірде уақыттың әр түрлі өлшем бірліктерінің қолданылуын түсінуіне жағдай ту - дыру.
Дамытушылық: Оқушыларды ойланту, ізденіске салу, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік: Күнделікті өмірде уақытты дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік,, ойын, дәлелдеу.
Көрнекілік: Сағат модельдері, құстар суреттері, алақан шаблоны.
Сабақтың барысы
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
А) Психологиялық дайындық.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан,- деп математика сабағымызды бастайық.
- Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ болма қ. Сабаққа қонақтар келіп отыр. Біз бүгін өз білімімізді көрсе білуіміз керек.
Ойын. «Құрастыра білеміз бе?»
(Сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа тақырыпты ашу.)
ІІ. Операциялық - орындаушылық кезең.
«Жаңа мағынаны тану»
У - Қазір жылдың қандай мезгілі?
А - Көктем.
Қ - Көктемнің алғашқы мерекесі қандай мереке?
Ы - Аналар мерекесі.
Т - Дұрыс айтасыңдар балалар, аналарымызға мерекеде не сыйлаймыз.
Т - Гүл.
- Ы. Яғни, сонда мерекенің ажарын, көктемнің сәнін келтіретін гүл екен.
Ө.- 1 жылда неше ай бар?
Л - 1 айда неше күн бар?
Ш.- 1аптада неше күн бар?
Е.- 1тәулікте неше сағат бар?
У - 1сағатта неше минут бар?
Сонымен бірге уақыттың жаңа өлшем бірлігі – Секундпен танысамыз.
Дәптермен жұмыс.
Күннің жады, сабақтың тақырыбы
1 минутта - 60 секунд бар. Яғни, сонда секунд уақыттың ең кіші өлшем бірлігі екен.
(Сағаттың макеті арқылы секундтық тілмен 1 секундты көрсету.)
Сағатта 3 тіл бар, 1 - Сағаттық, 2 - минуттық, 3 - секундтық. Қазіргі техниканың даму деңгейі 1 минуттанда аз уақыт ішінде көптеген қимылды жасап үлгереді екен.
1 секундта адам 1 қадам жасайды, инелік 30 - 50 рет, шыбын 115 - 117 рет, маса 500 - ге жуық қанат қағады екен.
Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырма. Суретпен жұмыс.
№2тапсырма. Нүктелердің орнынына сәйке уақыт бірлігін қойып, сөйлемдерді оқы.
Біз - 21 ғасырда өмір сүріп жатырмыз.
Пойыз - 48 сағат жолда болды.
Ұшақ - 3 сағат ұшты.
Сабақтың ұзақтығы - 45 минут.
Оқушы 60 м қашықтықты жүріп өтуге 38секунд жұмсады.
№3 тапсырма. «Кім тапқыр?»
1. Еліміздің Ата заңы қай күні, қай айда атап өтіледі?
2. Жеңіс күні ше?
3. Наурыз мейрамы ше?
4. Халықаралық әйелдер мерекесі ше?
5. Жаңа жыл қай айдан басталады?
6. Көктем, жаз, күз, қыс айларын ата.
«Үйреніп алайық» Қолымыздағы саусақтарымыз, ондағы буын сандары арқылы да жыл мезгілдері мен ай аттарын, олардың ұзындықтары мен күннің ұзақтығын білуге болады екен.
Бір жылда он екі ай бар, төрт саусақтағы буын саны да - 12. әр саусақтың буын саны - үш - үштен, олай болса төрт саусақ, жылдың төрт мезгілін білдіреді.
Сұқ саусақ - көктем(наурыз, сәуір, мамыр)
Ортаңғы саусақ - жазмаусым, шілде, тамыз)
Аты жоқ саусақ - күз(қыркүйек, қазан, қараша)
Шынашақ - қыс(желтоқсан, қаңтар, ақпан)
Сергіту сәті.
4 - тапсырма. Есепті шығар:
Үкі - 68 жыл
Аққу -?, 44 жыл қысқа
Ш: 64 - 44=24
Жауабы: аққу 24 жыл тіршілік етеді.
Бүркіт - 46 жыл
Жапалақ -?, 31 жыл қысқа
Қарға -?, 44 жыл ұзақ
Ш:
1) 46 - 31=15
15+44=59
2) (46 - 31)+44=59
Жауабы: қарға 59 жыл тіршілік етеді.
5 - тапсырма. «Кел, ойнайық!»
- Суретте барлығы неше сәбіз бар?
- Осы сәбіздерді 3 қоянға тең бөліп бер.
- Неше қоян сәбіз алды?
ІІІ. Рефлексия – бағалау кезеңі.
Не үйрендік? Не білдік? (Сызба құрастыру)
Минут
Секунд
Тәулік
Сағат
Уақыт
Апта
Күн
Жыл
Ай
ІҮ. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×