Сайтқа кіру Тіркелу

Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушыларға Абай ата туралы мағұлматты кеңірек беру. Шегіртке мен құмырсқа мысал өлеңінің мазмұнын ашу, мәнерлеп оқуға жаттықтыру.
2) Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, еңбек ете білуге баулу.
3) Еңбекқор болуға. жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Баяндау, тіл дамыту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ән - саз, математика
Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаев, И. Крылов суреттері, мультимедия
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Балалар назарын сабаққа аудару. Мақсат қою кезеңі.
Балалар біз қазір «Маужырап барқыт қоңыр күз» деп аталатын тараумен жұмыс істеп жатырмыз. Осы тарау бойынша біраз ақын - жазушылармен таныстық.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Енді, өтіп жатқан тарау бойынша білімдерімізді есімізге түсірейік.
І топ. Осы тарау бойынша қандай шығармаларды оқыдық?
ІІ топ. «Жеміс бағында» мәтінінде не туралы айтылған?
ІІІ топ. Абайдың табиғат туралы өлеңін айт.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту.
Енді бүгінгі өтілетін сабақ тақырыбымен танысайық. Қазір мен жұмбақтар оқимын, сендер шешуін дұрыс тапсаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын да білесіңдер.
Ат басты, бөрі кеуделі, бөкен, арқар мүйізді.
Бұл не? (шегіртке)
Ине бел, қылқа мойын, қара батыр
Қара тауды арқалап бара жатыр.
(құмырсқа) 2. Мағынаны тану
Ендеше, балалар, біз бүгінгі сабағымызда Абай атамыздың «Шегіртке мен құмырсқа» деп аталатын мысал өлеңімен танысамыз. Өлеңді орыс жазушысы Иван Крылов шығармаларынан аударған.
Өлең мазмұнымен таныспас бұрын менің сендерге қоятын бірнеше сұрақтарым бар.
І топ: Абай ата туралы не білеміз, қандай шығармаларын оқыдық?
ІІ топ: Шегіртке мен құмырсқа туралы не білеміз?
ІІІ топ: Мысал туралы не білесіңдер?
Өздерің көріп отырсыңдар, Абай атамыз ән де шығарған екен. Ендеше бір әнін орындап жіберейік.
Сергіту сәті.
«Көзімнің қарасы» әні.
ІV Оқулықпен жұмыс
1) Мәнерлеп оқып беру
2) Мәнерлеп оқудан жарыс ( 3 топтан 3 оқушыдан оқыту)
3) Сұрақтарға жауап алу Венн диаграммасы
Шегіртке құмырсқа
Сөздік жұмысы
Шаруашыл – еңбексүйгіш
Мысалды сахналау
Екі оқушыдан шығарып, шегіртке мен құмырсқаның әрекетін көрсету.
V. Сабақты қорытындылау
3. Ой толғаныс
І топ: Шегірткені қандай адамға теңеген?
ІІ топ: Құмырсқаны қандай адамға теңеген?
ІІІ топ: Мысалдағы автордың айтамын деген ойы қандай?
Дұрыс балалар, мысалдағы негізгі ой еңбексүйгіштік және жалқаулық туралы екен. Олай болса, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»- деп Абай атамыз айтқандай, еңбекті сүюіміз керек екен.
VI. Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу, суретін салу.
VII. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×