Сайтқа кіру Тіркелу

Тест

Тест. 2013 - 2014 оқу жылы
1) Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
А) 42
Ә) 36
Б) 40
2) Жуан сөзді белгіле.
А) Елтаңба
Ә) Қайың
Б) Инелік
3) Жіңішке сөзді белгіле.
А) Теледидар
Ә) Әңгіме
Б) Бағдаршам
4) Тасымалдауға болмайтын сөзді белгіле.
А) Атақ
Ә) Қора
Б) Сағат
5) Буынға дұрыс бөлінген сөзді белгіле.
А) Дай - ын - дық
Ә) Да - йын - дық
Б) Да – йы - ндық
6) «У» әрпі дауыссыз болып тұрған сөзді белгіле.
А) сауат
Ә) аққу
Б) жусан
7) Екі буынды сөзді белгіле.
А) Аю
Ә) Ұялар
Б) Спорт
8) Жуан дауыстыларды белгіле.
А) а, ә, о, ө
Ә) а, о, ұ, ы
Б) а, ә, о, ұ, ы
9) Тасымалдауға болмайтын сөзді белгіле.
А) Өзен
Ә) Ұшқыш
Б) Бояу
10) Қай сөзді бас әріппен жазу керек.
А) Қала
Ә) Адам
Б) Балқаш
11) Қай сөз буынға дұрыс бөлінбеген?
А) О - ңай
Ә) Қа - йың
Б) Дау - ыс
12) Қай сөз буынға дұрыс бөлінбеген?
А) Са – уық
Ә) Жің - іш - ке
Б) Қо - ңыр
13) Қай сөзді тасымалдауға болмайды?
А) Отан
Ә) Бота
Б) Бақа
14) Қай сөзді тасымалдауға болмайды?
А) Ұршық
Ә) Ұран
Б) Ұшақ
15) Ұшақтар деген сөзде неше буын, неше әріп, неше дыбыс бар?
А) 2 б, 7 ә, 7 д
Ә) 3 б, 6 ә, 7д
Б) 3 б, 7ә, 7 д
16) Інісі деген сөзде неше буын, неше әріп, неше дыбыс бар?
А) 2 б, 5ә, 5д
Ә) 3б, 5ә, 5д
Б) 3б, 5ә, 6 д
17) Әліпбиде алтыншы болып тұрған қай әріп?
А) Ғ
Ә) Д
Б) Г
18) Қай сөздер әліпби ретімен жазылған?
А) Айжан, Жангүл, Әли, Гүлнар
Ә) Айжан, Әли, Гүлнар, Жангүл
Б) Айжан, Әли, Жангүл, Гүлнәр
19) Қай сөзді бас әріппен жазу керек?
А) Ертіс
Ә) Өзен
Б) Мектеп
20) Рәміздер жазылған жауапты белгіле.
А) Президент, Ту, Елтаңба
Ә) Әнұран, Елтаңба, Ту
Б) Қазақстан, Президент, Әнұран
21) Қай сөйлем дұрыс құрастырылған?
А) Әжесі өрді немересінің шашын.
Ә) Әжесі шашын өрді немересінің.
Б) Әжесі немересінің шашын өрді.
22) Қай жауапта сөйлем дұрыс жазылған?
А) Мен жазда астанаға барамын.
Ә) Мен жазда Астанаға барамын.
Б) мен жазда Астанаға барамын.
23) Қай сөзді тасымалдауға болмайды?
А) Емен
Ә) Төрт
Б) Қазы
24) Қай сөзді тасымалдауға болмайды?
А) Қозы
Ә) Кесе
Б) Ұя
25) Қай сөз буынға дұрыс бөлінген?
А) Жа - уын
Ә) Жең - іс
Б) Маң - ай
26) Қай сөз буынға дұрыс бөлінген?
А) Дәу - іт
Ә) Ме - йіз
Б) Әр - іп
27) Үнді дауыссыздарды белгіле.
А) р, л, м, н, ғ, г
Ә) р, л, м, п, н, ғ
Б) л, м, н, ң, р, й (у)
28) Жіңішке дауыстыларды белгіле.
А) ә, ү, і, ө, е
Ә) ә, ү, і, и, ө, е
Б) ә, ү, і, ө, ю, е
29) Жұп дауыстыларды белгіле.
А) Қ - к, ғ – г
Ә) П - б, а – ә, о - ө
Б) А - ә, о - ө, ұ – ү
30) Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
А) екіге
Ә) үшке
Б) төртке
31) Ұяң дауыссыздарды белгіле.
А) Б, в, г, ғ, д, ж, з
Ә) б, в, п, г, ғ, д, ж
Б) б, в, г, ғ, д, ж, ш, з
32) Жуан дауыстыларды белгіле.
А) а, о, ұ, ы
Ә) а, о, ұ, ы, і
Б) а, о, ұ, ү, ы
33) Қай әріптер екі дыбыс береді?
А) қ, к
Ә) ғ, г
Б) ю, я, ё
34) Қай әріптер дыбыс бермейді?
А) ш, щ
Ә) ь, ъ
Б) ю, я, ё
35) Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
А) Бірге жазылады
Ә) Бөлек жазылады
Б) Жанына жазылады
36) Сөйлем қандай әріптен бастап жазылады?
А) Әдемі әріптен
Ә) Кіші әріптен
Б) Бас әріптен
37) Қай сөз кімдер? деген сұраққа жауап береді?
А) мектептер
Ә) ағалар
Б) ағасы
38) Қай сөз не? деген сұраққа жауап береді?
А) Бауырсақ
Ә) Жүргізуші
Б) Өзендер
39) Қай сөз қатаң дауыссыздан басталып тұр?
А) Ғарышкер
Ә) Ботақан
Б) Қарындаш
40) Қай сөз қатаң дауыссызға аяқталып тұр?
А) Орындық
Ә) Хабар
Б) Көмекші
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×