Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Өсімдіктерің адам және жануарлар тіршілігіндегі маңызы.

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерің адам және жануарлар тіршілігіндегі маңызы.
Сабақтың мақсаты:
1. Өсімдіктердің адам және жануарлар тіршілігіндегі алатын орны туралы мағлұмат беру.
2.Ойлау, сөйлеу қабілеттерін ары қарай дамыту.Тіл байлықтарын арттыру.Дүниетанымын кеңейту.
3.Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Өсімдіктердің көптүрлілігіне мән беру.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөзжмбақ, жануарлар туралы кітапша.
Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, саралау.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1, 2, 3 – Жинап алдық күш
4,5 – Отырамыз тез!
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
өсімдік – Үй
өсімдік - көкөніс
өсімдік - жеміс
өсімдік - демалыс орны
өсімдік -Дәрі
ІІІ . Жаңа сабақ:
ІҮ .Кіріспе бөлім:Өсімдіктердің алуан түрлілігі және адамдар мен жануарлардың өсімдікті не үшін пайдаланатыны жайлы оқушылармен бірге сұрақ-жауапты әңгіме өткізу.
Бақылау күнделігімен жұмыс: Бүгінгі күнді бақылату.Ауа райы туралы мәлімет беру.Өлі және тірі табиғаттағы өзгерістерді бақылату.
Сергіту сәті:
Күн ұйықтайды.
Күн оянады.
Жел соқты.
Жаңбыр жауды.
Бұлт шатырлады.
Күн ашылды.
Жел басылды.
Ү.Негізгі бөлім: Жұмбақ шешу.
1.Апан-апан,
Ескі шапан.
Иір қобыз,
Жарық жұлдыз. (Түйе)
2. Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен. (Аю)
Осы аталған жануарлар немен қоректенеді?Өсімдіктердің жануарлар әлемінде алатын орны жайлы әңгімелеу.Адам тіршілігіндегі маңызы жайлы да атап өту.
Суретпен жұмыс: Берілген сурет бойынша оқушылар өсімдіктердің пайдасын көрстетіп беру.Сызбаны сәйкестендіру «Кім немен қоректенеді?»
Оқулықпен жұмыс:65-67 бет бойынша жұмыс жүргізу.Сұрақтарға жауап беру.
-Суреттен қандай құстардың ұясын көріп отырсын?
-Оны неден жасағанын әңгімелеп бер.
-Суретке қарап мына өсімдіктермен қандай жануарлар қоректенетінін айт.
(Көмек сөз: қоян, тиін, түлкі)
Дәптермен жұмыс: Бақылау дәптеріндегі тапсырмаларды орындату.
Дидактикалық ойын: «Ой қозғау»
Өсімдік әр түрлі бағытта пайдасы бар екенін дәлелдету.(ашыққанда тамақ, шөлдегенде сусын т.с.с.).
ҮІ.Сабақты бекіту:
-Қай жануарлар өсімдікпен қоректенеді?
-Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы қандай?
-Өсімдіктен не дайындайды?
ҮІІ Сабақты қорытындылау:Біз не жайында білдік?Тест тапсырмаларын үлестіру.
ҮІІІ Үйге тапсырма,бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Өсімдік - тірі организм

Өсімдік - тірі организм

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...
Жануарлардың тіршілік ортасы

Жануарлардың тіршілік ортасы

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Нұн Жұбаев орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым...
Өсімдіктерің адам және жануарлар тіршілігіндегі маңызы

Өсімдіктерің адам және жануарлар тіршілігіндегі маңызы

ШҚО, Семей қаласы, «Қайрат Рысқұлбеков атындағы № 33 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Каримова Толкын Тлеубековна...
Адам және өсімдіктер мен жануарлар

Адам және өсімдіктер мен жануарлар

Сабақтың мақсаты: Тірі табиғаттың бір бөлігі болып саналатын адам және өсімдіктер мен жануарлар арасындағы тығыз байланыс жайында түсінік беру...
Аңдар

Аңдар

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп» коммуналдық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету