Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Тасымал. Біздің ту

Сабақтың тақырыбы: Тасымал. Біздің ту
Сабақтың мақсаты:
1.Тасымал туралы түсініктерін пысықтап, бекіту.Қазақстан туы туралы әңгімелеу.
2.Ойлау,сөйлеу қабілеттерін одан әрі дамыту. Сөздерді тасымалдау машықтарын одан әрі нығайту.
3.Туған еліміздің құндылықтарын бағалай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: Рәміздер суреті, плакаттар,өлең шумағы.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:сұрақ- жауапты әңгіме, мақал-мәтел, ойын.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеп дайындау.Сабақтың мақсатын хабарлау.Көңіл-күйлерін сұрау, сабаққа ынталандыру.
II.Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Қазақстан картасы» өлеңін мәнерлеп оқыту.
2.75-жаттығуды тексеру
3. Өлеңдегі жер аттарын жатқа айту, картадан көрсету.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін, бекіту арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Қызықты тапсырмалар орындату. «Ойлан тап» дидактикалық ойын.
V. Кіріспе әңгіме өткізу.Егеменді еліміз туралы әңгімелету,ту, елтаңба әнұран жайлы білетіндерін айтқызу.
V. Жаңа сабақ:
Тасымалдауға болмайтын сөздер туралы түсінік беру.
Ереже: Бір буынды сөздер, бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздерді жазу жолына сыймаған жағдайда тасымалдауға болмайды!
Тасымалданбайтын екі буынды сөздер:
Ондай сөздерді ешқашан да тасымалдауға болмайды.Оларды тұтастай жазу керек.Енді осыны тереңірек түсіну үшін жаттығулар орындаймыз.
76-жаттығу:Өлеңді оқыту, талдау, көшіріп жазу, тасымалданбайтын сөздерді табу.
Сергіту сәті:
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Дәптермен жұмыс:"Ана тілі" - жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен рет-ретімен орындау.
77-жаттығу: Тасымалдауға болмайтын екі буынды сөздерді буынға бөліп оқыту.Әдеби мәтін тапсырмасымен жұмыс. Тудың суретін көрсету, авторы Шәкен Ниязбеков .
Біздің бүгінгі танысатын өлеңіміздің аты «Біздің ту» авторы Тұманбай Молдағалиев.Автор туралы қысқаша мағлұмат бере келіп, өлеңді мәнерлеп оқып кезекпен өлеңді оқыту.Өлеңді мазмұндату.
Мақал-мәтел айтқызу:
1.Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл
2.Көк тудың желбірегені, Жаныма қуат береді.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Сұрақтар қою арқылы білімдерін пысықтау.
VII.Бекіту кезеңі:
1.Сөздік диктант.
2.Тасымалдауға келмейтін сөздердің астын сызғызу.Буын түрлерін ажырату.
VIII.Үйге тапсырма, бағалау:«Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқу.Тасымалданбайтын сөздер туралы біліп, есте сақтап келу.Оқушы белсенділіктерін бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету