Сайтқа кіру Тіркелу

5 саны мен цифры

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға 5 саны мен цифрын таныстыру. Өткен сабақты толықтыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тура және кері санау дағдыларын, есептеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды жылдамдыққа, тапқырлыққа, достыққа, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сандар қатары, санау материалдары, геометриялық фигуралар, ойынға қатысты суреттер.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Жылулық шеңбері. Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айту.
Шашы – алтын, көзі - от,
Шыға ғой, Күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған оған, досыма,
Тағы, тағы, тағы да!
II. Үй жұмысын тексеру.
1. Ауызша 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
2. Ойын “ Кім тапқыр? ’’
Өздеріне таныс цифрлар мен арифметикалық таңбаларды атап көрсету.
1, 2, 3, 4; +, -, = ‹, ›
3. Өз орныңды тап! ойыны
Тура және кері сандар қатарын көрсету.
1, 2, 3, 4. 4, 3, 2, 1.
4. Көршісін тап! ойыны
5. Ойын “ Cан ойла, тез ойла! ” Сандар құрамын айту. Бос орынға сан қою.
2=1+ 3=2+ 4=3+ 4= +3
3=1+ 4= +2
III. Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
IV. Жаңа сабақ:
Өрнек құрастыру.
Аулада 4 балапан жайылып жүр еді, оған тағы 1 балапан келіп қосылды.
Аулада неше балапан болды?(5)
2. 5 цифрымен таныстыру.
3. 5 саны қалай шыққанын айтып, өрнек жазу.
4+1=5
4. М. Қуанышбековтың “Бес саусақ’’ өлеңін жатқа айту.
Ал, санайық, саналық,
Саусақтарға қарап - ап
Қане, қане, саналық,
Санын біліп алайық,
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,
Қолымдағы саусағым нешеу?(5)
5. 5 саусақтың атын атау: бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек.
V. Сергіту сәті:
Біз жаздық, біз жаздық,
Саусақтарды қозғадық.
Бір, екі, үш,
Демаламыз жинап күш.
VI. Әліппе - дәптермен жұмыс.
1. 5цифрын үлгіге қарап, саусақпен бастыру.
Ауада жазып үйренді.
2. 5 цифрын жазу.
3. Геометриялық пішіндерді сәйкес санға байланысты бояу.
VII. Ойын: Қарлығашқа көмектесейік.
Қораптарға түймелерді пішіндеріне қарай жинастырамыз.
VIII. Сабақты сұрақ - жауап түрінде қортындылау.
Біз не білдік? Үйге тапсырма беру.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×