Сайтқа кіру Тіркелу

М.Мақатаев "Қазақстан"

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев. Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға белім бере отырып өлең идеясын ашу, өлеңді сатылай кешенде талдау туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорларын байыту, байланыстыра сөйлеу, өлең талдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелігі: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, жерін, тілін құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол ел азаматы етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өлең талдау.
Түрі: Жаңа білімді меңгеру.
Жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
а) Амандасу.
ә) Аты - жөнімен, оқушылармен танысу.
б) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Өткенді қайталау.
- Үй тапсырмасы. М. Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
- Ақын Отанның несін сүйіп өскені бізге белгілі. Қане айта қойақшы.
- Топырағын, тасын, кәрісін, жасын, қырларын, кештерін т. б.
2. Жаңа сабақ.
- Жақсы балалар көкшіл аспан астында, байтақ кең далада сіз бен біз туып өскен қандайел бар?
- Қазақстан (2 рет айттыру)
- Олай болса, М. Мақатаев атамыздың «Қазақстан» өлеңімен танысамыз.(Дәптерге жаздыру)
- Атамыздың өмірбаянын білеміз. Алда 1 - 2күннен кейін 9ақпанда Мұқағали атамыздың туғанына 82жыл болады. Жыл сайын елімізде туылған күнінде еске алу шаралары өтеді. Енді өлеңімізді тыңдайық.
3. Өлеңмен таныстыру.
Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
4. Сөздік жұмыс.
Өздеріңе таныс емес сөздерді түртіп алу, мағынасын түсіндіру.
5. Оқушылардың өлеңмен танысуы.
а) Өлеңді оқушылардың іштей оқуы.
ә) Оқушыларға бір жолдан тізбектей оқыту.
6. Өлеңді талдау. Сатылай кешенді талдау.
Тақырып Қазақстан
Автор М. Мақатаев
Жанры Өлең
Идеясы Отанды сүю
Шумақ 4
Тармақ 18
Буын 10 - 11
Ұйқас түрі а, а, ә, а қара өлеңді
7. Тапсырмалар орындау.
1 - тапсырма. М. Мақатаевтың бұл өлеңі қандай шығармаға жатады? (лирикалық)
2 - тапсырма. «Лирика» сөзінің мағынасын еске түсіру, айту.
3 - тапсырма. Өлеңнің қай шумағы саған ерекше әсер етті?
- Әркімнің туған жері, кіндік кескен топырағы өзіне ыстық. Туған жерге деген махаббат өмір бойы өшпейді. Ал біздің туып - өскен жеріміз Маңғыстау. Биыл Маңғыстау облысына 40жыл толады.
8. Дәптермен жұмыс.
Туған Отанымыз Қазақстанға деген шынайы сезімдерімізді, сүйіспеншіліктерімізді бір сөйлеммен жазыңдар.
9. Өлеңдегі оқшау жолмен жұмыс.
(Сырым бар саған айтар ішімде көп)
- Ақын бұл жолды жазғанда туған елі - Қазақстанның болашағын көргісі келген шығар. Ақын қазіргі дамыған Қазақстанды көре алмаса да оны біз көріп отырмыз.
10. Ән айту.
- Олай болса, бәріміз бірге «Көк тудың желбірегені» әнін айтайық.
ІІІ. Қорытынды.
11. Жаңа сабақты қорыту.
Сонымен біз бүгін қандай өлеңмен таныстық?
12. Үйге тапсырма
- Олай болса, М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін жаттау.
13. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
Қосымша материал.
- Туған жер туралы мақалдар айту.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×