Сайтқа кіру Тіркелу

Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз бен жақсы іс-береке

Сабақтың мақсаты: жақсы сөзді есте насихаттау.
Білімділігі: жақсы сөздерді меңгере отырып, іс – жүзінде қолдану.
Тәрбиелігі: Ата - дәстүрді сақтауға, дәстүрлерді өмірде қолдануға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: жөн - жосық, салт - сананы жаттау, жинақтау.
Көрнекілігі: плакаттар, жөн - жосық туралы сөздер, бата, мақал - мәтел.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, музыка, қазақ тілі, этнография.
Сабақтың түрі: насихаттау.
Сабақтың әдісі: насихаттау, баяндау, пікірлесу, ой толғау.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
Балалар сыныпқа қонақтар келді. Қонақтарға жақсы тілек айтап, қарсы алайық.
Біздер осының алдында «Халқым қандай десең, салтыннан сынап біл» тақырыбын түсіндірдім, ал екінші аптада «Батаның тәрбиелік мәні» дәлелдеу түрінде өтіліп, бата түрлеріне тоқталып, үшінші жетіде «Менің атым – Қожа» фильмін талдадық.
Ал, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жақсы сөзбен жақсы
іс – береке» пікірлесу түрінде өтеді.
ХОР:
Ауылдың күзі қандай, жазы қандай,
Сырлы әуен тұнған сырлы сазы қандай!
Ұмытылмай үлгі болған салт - дәстүрі,
Бейне бір шежіре боп жазылғандай.
Осы өлеңде не шежіре боп жазылған?
(Оқушылар пікірі)
Қандай салт - дәстүрді білесіңдер?
Оқушылар таңдау, үйірме сабағында өткен тақырыптарды естеріне түсіре отырып, өз ойларын айтады.
Ой толғау.
Оқушылар айтқан сайын салт - дәстүрді тақтаға тізіп жапсырып отырамыз
1. Тұмар.
Бала ауырғанда молдаға дұға жаздырып, оны үшбұрыштап матаға, не теріге орап баланың мойнына тағады. Бұл пәле - жала, тіл - көз, ауру - сырқаудан сақтайды деген ұғымнан туған. Тұмардың түрлері көп, оны жас төлге, ауырған малға да тағады.
2. Тұлым.
Баланың (ұл, қыздың) кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш қояды. Мұны тұлым деп атайды. Тұлым көбіне қыз балаға қойылады. Ол – сәбиге лайықты ғұрып.
3. Кекіл.
Жас балалардың шашын тегіс ұстарамен алып тастайды да, маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды.
Кекіл жылқыда да болады.
4. Айдар.
Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны айдар дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы: Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары болған. Айдар деген ат та осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
Жөн - жосық, әдет - ғұрып.
1. Ата - баба дәстүрін, ғұрыпты аттамайды. Ата жолына кім болса да басиюге тиіс. Бұл – ел - жұртыңды сыйлағаның.
2. Жасы кіші болса да әкесі үлкен болса оның «жолы үлкен» болып саналады. Яғни салт - дәстүрде жол кезек соған беріледі. Мұны есте сақтаған жөн.
3. Алыстан қонақ келсе, үйдің көршісі және ауыл ақсақалы шақырылады. Сыйластық белгісі осыдан көрінеді.
4. Сәбиді бесікке салғанда жол құдағидікі немесе сол елдің әжесіне, жақсы анасына беріледі. Бесікті отпен аластайды.
5. Қонақ қондырмау, қонақ шақырмау ұлт дәстүрін сыйламайтын, жөн - жосықты білмейтіндердің ісі.
6. Бата беру, ас қайыру қонаққа немесе ақсақалға, жол үлкенге беріледі.
М: Бата қай кезде беріледі және неге беріледі?
Ой толғау.
Шәйдан кейін немесе тамақтан кейін. Кімнің үйінде бата қайырады?
Оқушылар өз пікірілерін ортаға салды.
ХОР: Қазағым.
Мұғалім: Облай болса, дана халқымыздың өзі жасап қалдырған осы әдет - ғұрып пен жөн - жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану ағайынды адастырмас сара жол болып табылары анық.
Мұны отбасында ата - ана, мектепте – ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға үйретіп айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді.
Пікірлер шкаласы.
Ата - дәстүрді аялау парызымыз емес пе?
(әңгімеге өз пікірлерін айту)
Көрініс көрсете отырып, жағымды жағымсыз жақтарын салыстыру, дәлелдеу.
Сөзді аяқтай келе отырып, мына есте қалар есті сөзді жаттап алайық.
Халқынның тарихын, дәстүрін, салтын, әдет - ғұрпын жадыңа
тоқы және оны кішілерге, кейінгілерге үйрет.
Бүгінгі көңіл - күйлеріңізді ақ бетке түсіріңдер.
Әр оқушы өз көңіл - күйі арқылы дәлелдеп береді.
Әрине, әліде болса тамақтан кейін отбасында бата қайыру әдетке айналмаған. Үйінде ата - әжесі бар оқушылардың ғана бата қайырып, салт - дәстүрді білетіндігі көрінді.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×