Сайтқа кіру Тіркелу

Әбу Насыр әл - Фараби

Тақырыбы: Әбу Насыр әл - Фараби
Мақсаты: Оқушыларды ұлы ғұлама Әбу Насыр әл - Фарабидің өмірімен таныстыру. Тілдік, сөздік қорын молайту, танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Еңбексүйгіштікке, мейірімділікке еліміздің білікті, білімді азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас
Әдісі: ой қозғау, сөздік жұмыс
Көрнекілігі: Әл - Фараби суреті, сызбалар, кітаптар, суреттер, слайд.
Эпиграф
Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Әл - Фараби
Барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) түгендеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Ойын «Тақия тастау»
- Әңгіме қалай аталады?
- Ағайын екі жігіт неліктен жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болды?
- Сыр өңіріндегі халық тіршілігін сипатта?
- Сырдың сипатын тауып оқы?
- Ағайынды екі жігіт Сыр өңіріне қоныстанғасын, нені кәсіп қылды?
- Сыр өңірі, жері мен суы туралы қандай өлең, ән білесің?
ІІІ. Жаңа сабақ
«Ой қозғау»
«Сағыныш» сөзін кім қалай түсінеді?
Әкеге
анаға
Туған жерге
бауырға
«Ой толғаныс»
а) Тарихтан қысқаша үзінді.
Әбу Насыр әл - Фараби – ұлы ғалым, ұлы ақын. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ойшыл.
Мың жылдан артық уақыттың қатыгез сынынан мүдірмей өткен адамзат ұлдарының бірі.
Әбу Насыр әл - Фараби – қазақ халқының ежелгі мәдени орталықтарының бірі – аты әйгілі Отырарда дүниеге келген.
Отырарды арабтар Фараб деп атаған. Осыдан барып Әбу Насыр әл – Фараби атанып кеткен.
Әбу Насыр әл – Фараби бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алды. Одан соң Хорасанға барады. Фараби ғылымды, көбінесе, өз бетімен оқып үйренген. Ол 150 тарта еңбек жазған. Аристотельдің ой - мақсаттарын дамытып отырған.
ә) Слайдпен жұмыс.
Әбу Насыр әл – Фарабидің суреттерімен таныстыру
б) Оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы әңгімені оқу.
Талдау
- Әбу Насыр әл – Фараби қай жерде дүниеге келген?
- Әбу Насыр бастауыш білімді қайда алған?
- Ол қай елдерде болған?
- Әбу Насырдың туған еліне арналған өлеңінен қандай сезімін байқадың?
в) Сөздікпен жұмыс
Аристотель – грек елінің ұлы ғалымы
Шам – қазіргі Сирия мемлекетінің астанасы Дамаск қаласының көне атауы
Шах – ұлы билеуші, Иран патшасының атағы
Хауыз – жан жағы, түбі шегенделген, су сақтайтын шұңқыр.
е) Бес жолды өлең
Кім? Әбу Насыр әл – Фараби
Қандай? Ұлы, әйгілі, білімпаз
Не істеді? көптеген еңбектер жазды
Синоним: ғұлама
Сөйлем: Әл - Фараби Аристотельден кейінгі екінші ғалым.

ІҮ. Шығармашылық жұмыс.
Әбу Насыр әл – Фараби – Аристотельден кейін танымал болған адам. Өйткені ол көптеген еңбектер жазып, Аристотель еңбектерін бірнеше мәрте оқып шыққан. Көп оқып, көп ізденудің нәтижесінде өзіде көп еңбектер жазған. Сол еңбектер тарихта сақталып ұрпаққа өшпес із болғандықтан ол аңыз адам аталған.
Эссе «Аңыз адам»
Ү. Қорытынды
Сонымен біз бүгін кім туралы сөйлестік?
Әбу Насыр әл – Фараби кім?
Ол туралы не білдіндер?
ұстаз
150 тарта еңбек ғалым
жазған
ақын
Отырарда Аристотельдің ой - мақсаттарын
дүниеге дамытап отырған
келген
Көптеген ақын жазушыларымыз Әл - Фараби туралы көптеген өлеңдер жазған.
Солардың бірі М. Шахановтың «Арман» өлеңі
Оқушылар өлеңдерің оқиды
- Сонымен ғаламда қалу үшін, өз мақсаттарына жету үшін адамға ең бірінші арман керек.
ҮІ. Оқушыларды бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма: 82 - 83 бет оқу.
Әл – Фараби туралы мәлімет жинақтау.

БҚО, Орал қаласы
Круглоозерный ОЖББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі:
Мукангалиева Альфия Жанатовна
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі

Қазақстанда дінтанушы мамандарды даярлау үдерісі

Шығыстың атақты философы, ойшыл Әбу Насыр ибн әл - Фарабидың есімімен Қазақ Ұлттық Университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жетекші жоғарғы оқу орны...
Ғылым мен білімнің дамуы

Ғылым мен білімнің дамуы

Атырау қаласы, №34лингвистикалық мектеп - гимназиясының мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және тарих пәні мұғалімі Орынбасарова...
Әл-Фараби Шығыстың ғұлама ғалымы

Әл-Фараби Шығыстың ғұлама ғалымы

Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі Өтепова Тойған Қуанышқызы...
Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы

Әл - Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы

Абжаппарқызы Мира Алматы облысы, Ақсу ауданы, Көкөзек ауылы. Қ.Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығының тарих пәні мұғалімі...
Әбу Насыр әл Фараби

Әбу Насыр әл Фараби

Әбу Насыр әл Фараби (870-950 жж.) Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×