Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Бастауыш сыныптарына арналған сабақ жоспарлары

Мұнда барлық сабақтардың тақырыбы:
1. Астана қаласы
2 Біздің Ту
3. Кім тапқыр (сайыс сабақ)
4. Қар қандай болады?
5. Тапқыр достар (сайыс сабақ)
6. Үй жануарлары

Қазақ тілі
Сыныбы: мектепалды даярлық
Сабақтың тақырыбы: «Біздің ту»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік - елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
2. Тәрбиелік - оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық - оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
Сабақтың типі: жаңа білім мен іскерлікті қалыптастыру
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру.
Сабақтың көрнекілігі: рәміздерге байланысты түрлі - түсті суреттер,

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Амандасу.
2. Сыныпта жоқ оқушыларды анықтау.
3. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІ. Өткенді қайталау.
«Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында әңгіме айтқызу.
«Отан» өлеңін сұрап шығу.

III. Жаңа сабақ:
Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру - тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң - құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал - мүлкіне салынған ен - таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет - жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды.

Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала - мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б. з. б. 3 - мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтың қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы, Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.
Қазақ халқында әрбір рудың мал - мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24. 1. 1996) белгiленген. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою - өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.

Бiрыңғай көк - көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi.

Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени - семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет - тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

а) Сөздікпен жұмыс.
Рәміз - символ
Ту - флаг
Әнұран - герб
Елтаңба - гимн
- сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.
- сөздерді мұғалім айтады, оқушылар қайталайды.
- балалар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп,
Саусақты ашып - жұмамыз.
Онан соң төмен түсіріп,
Алақанды соғамыз.

ә) Өлеңді жаттатқызу.
Рәміз
Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.

б) Оюдың суретін салғызу.

IV. Сабақты бекіту.
Сонымен қорыта келгенде, өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» деген, елімізді қорғар ер - азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл - қыздар молая берсін.

V. Бағалау
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
[tags]
Ілмек сөздер:
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала бақша, бала-бақша, балабақша, балабақшаға арналған, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертеңгілік, математика, презентация, сабақ, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, әдебиет, әдебиеттік оқу

Барлық тегтерді көрсету