Сайтқа кіру Тіркелу

Я әрпінің жазылуы

Сабақтың тақырыбы: Я әрпінің жазылуы 94-98 – жаттығу.
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты түсіндіре отырып меңгерту. Я әрпінің жазылуы.туралы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын, шығармашылықтарын дамыту.
Сауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, ребус шешу, сөз жұмбақ шешу, топпен , жұмыс, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сөз жұмбақ, ребустар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ: Я әрпінің жазылуы 94-98 – жаттығу.

І. Ой қозғау:1. Балалар, біздің тұратын баспанамызды қалай атаймыз? (үй)
2. Ал құстардың баспанасын қалай атаймыз? (ұя)
3. Ұя деген сөзде неше әріп бар?
4. Екінші әрпі қалай аталады?

ІІ. Оқулықпен жұмыс:
а) Бүгінгі күннің жадын жазу.
ә) Я әрпінің жазылуы.
б) Ереже туралы түсінік беру.
Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, жазуда олардың орнына я әрпі жазылады.
(мая, сая, таяқ)

І топ: 94- жаттығу. Сөздерді топтап, осы топқа жатпайтын сөзді тауып жаз.
Қаз
Аққу
Қарлығаш
Бүркіт
қоян – 4 дыбыс, 4 - әріп бар

ІІ топ: 95-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Тал басында түндіксіз отау. (ұя)

ІІІ топ: 96-жаттығу. Мақалды жатқа жаз.
Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі

97-жаттығу. Ребусты шеш.

Тауық’’’ қияр’
‘‘Арқар ‘пияз’

а) Осы сөздермен екі сөйлем құрастыр:
Апам маған тақия тікті. Автобуста қарияға орын бердім.
б) Суреттегі зат атауларына байланысты қандай жұмбақ білесің?

1. Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
(пияз)
2. Таң азаннан оянады,
Елдің бәрін оятады.
(Тауық)
3. Шығармашылық тапсырма:
Сурет бойынша сөйлем құрау.
І топ Қоян
ІІ топ Шаян
ІІІ топ ұя

4. Ой толғаныс:Сөзжұмбақ шешу.
Білім беретін адам кім?
Жыл мезгілінің бірі?
Бал жинайды.
Спорт құралы.
Сүтпен ұйытылады?
Үрлемелі зат.
Үйдің қарауылы, адамның досы.
Құстың баспанасы.


IV. Қорытынды:
1. Дыбыс деген не?
2. Әріп деген не?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Я әрпі қандай дыбыс?
V. Үйге: 98 – жаттығу.
Ереже жаттау
VI. Бағалау:
Кері қайту
Ілмек сөздер: Я әрпінің, жазылуы
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×