Сайтқа кіру Тіркелу

Қош бол, жан серігім, Әліппем!

«Қош бол, жан серігім, Әліппем!»
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу. Ата - аналарға баланың төрт айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету;
Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру;
Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырып жазылған шарлар, гүлдер, әліппе, ана тілінің суреттері
Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Қадірменді қонақтар! Аяулы ата - аналар: Бүгін бізде үлкен той. Бұл той балаларымыздың тұсау кесер тойы есептес. Кеше ғана 1 - қыркүйек айында қолдарына алғаш рет әліппе кітабын алған бүлдіршіндеріміз бүгін сол сүйікті Әліппесімен қоштасқалы отыр.
Қымбатты қонақтар! «Қош бол, Әліппе!»- атты ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер. Бұл ертеңгілік біздің алғашқы салтанатты тойымыз.
2 - жүргізуші: Төрт ай бойы 42 әріпті оқып - жазуға үйренген, өлең жаттап тілдерін жаттықтырған, жаңылтпаш айтып тілдерін ширатқан, шағын мәтін, ертегілерді оқып, мазмұнын айтуға үйренген 1 сыныптың талантты, өнерлі, әдемі оқушыларын ортаға шақырайық.
Оқушылар ортаға келеді.
Хормен
Құрбыласпыз, тұрғыласпыз,
Алтауымыз бір сыныппыз
Күлімдейміз бір бақшаның гүліндейміз.
Үлгіліміз, талаптымыз
Жақсы оқимыз сабақты біз.
1, 2 - жүргізушілер қосыла
Мереке баршаларыңызға құтты болсын!
1 - жүргізуші: Ажырамай ұжымынан бір елі сіз
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік мектептің басшысына
Түлектерге арналсын тілегіңіз.
Бүгінгі тойымызды ашып беруге мектебіміздің директоры Аманжолова Ақжан Утеубайқызына сөз беріледі.
2 - жүргізуші: Бүгінгі біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені біз тұңғыш сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік.
1 - жүргізуші: Біз енді өзіміз – ақ кез - келген сөздерді, тіпті қысқа да әңгімелерді оқи аламыз.
Хор: «Мұғалім»
2 - жүргізуші: Біздер осы уақытқа дейін көп нәрсені үйрендік.
1 - жүргізуші: Сурет салуға, ән айтуға, есептеуге, денемізді шынықтыруға, еңбек етуге сүйікті мұғаліміздің көмегімен үйрендік.
1 - оқушы: Атағым Алатаудай биік болсын, Аружан
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп,
Алдында әрқашанда тағзым етіп,
Тұрамын «Ұстазым» деп басымды иіп.

2 - оқушы: Келгенде алғаш мектепке, Бексұлтан
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертек те.
Үйретті оны Әліппе.

Әліппем, менің Әліппем,
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
3 - оқушы: Таныстырып 42 әріппен, Мәриям
Қош бол менің қасиетті әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Әр бетіңнен күнде алып сабақты,
Сен арқылы адам болдық сауатты.
Алыстағы дос - туыстан хат алып,
Оларға да жаза аламыз жауапты.
Би: Аружанның орындауында би.
2 - жүргізуші: Енді сөз кезегін әріптерге берейік.
Ә әрпі Данияр
Бас әріпке інімін,
Дауыстының бірімін.
Ә дегенің – Әліппе
Бастауы бар ілімнің.
О әрпі Әлнұр
Отан - менің ата - анам
Отан - досым, бауырым.
Отан - өлкем, астанам
Отан - туған ауылым.
Ө әрпі Жанарыс
Доп - домалақ сары,
Ішінде бар дәні.
Қызығасың көріп,
Оның аты - өрік.
Б әрпі Аяулым
Бал бұлақтың басында,
Бір бәйтерек қасында
Бұлан, бұғы келіпті.
Бір - біріне кезікті.
Н әрпі Алтынай
Нан болса ойнап күлеміз,
Нан болса еркін жүреміз
Нан - қасиет, нан - байлық
Деп ән айтып жүреміз.
Ғ әрпі Томирис
Ғалым болсаң ғылымда,
Ғажайыптар аша біл.
Ғарыштың да тыңына
Ғылым дәнін шаша жүр!
А әрпі Құралай
Адам аузын ашқалы
А дан сөзін бастады.

Ата, ана, ақыл, ар
А мен айы аспаны.
Ана тілмен сусындар,
Қазағымның жастары.
Ән: «Бала тілегі»
М әрпі Мұхамбетәли
Мен, мен деген, мен деген,
Мейірімі мол деген.
Мұрасы мол әріппін,
Малмен берер елге дем.
С әрпі Әсет
С дегенім спорт,
Спортпен айналыс
Сұлулық сыйлаған
Сол саған пайдалы іс.
Қ әрпі Әлнұр
Қастерлеген жұртымыз,
Қазы, қарта, құртымыз.
Қатығы мен қаймағы,
Қазағымның жайғаны.
Д әрпі Жансая
Дос қуанар балаша,
Өмір сүрер жараса.
Достарымыз көбейді
Сан жетпейді санаса
4 - оқушы: Талабы биік таудаймыз, Бекболат
Мың бұралған бишіміз.
Біз қызықпыз, қызықпыз,
Кейде еркелеу, бұзықпыз.
5 - оқушы: Біз шеберміз, Іңкәр
Ақылдымыз, көңілдіміз
Үлкендерге ізеттіміз
Кішкентайларға қамқоршымыз,
Жақсылықты ұнатамыз,
Жамандықтан тез қашамыз.
Би: «Арива»
6 - оқушы: Әліппем, Ақниет
Өшпейтін нұрлы әріппен,
Есігін аштым білімнің,
Өзіңнен кілт алып мен,
Қайда екен біздің Әліппе.
Әліппе: Барлық әріп бағалы, Төрехан
Айтыңдар әділ бағаны
Адам барлық әріпті,
Ардақтайды, қолдайды
И әрпі Әділет
Инабат пен ибада,
Ол тұрады алдында
Күллі адамзат сыйлаған,
Имандылық бар мұнда.
Ш әрпі Ернар
Шындықты сақтаймыз
Шыншылды жақтаймыз.
Шаршы топ алдында
Шығарып мақтаймыз
Е әрпі Әділет
Есті бала ер жетіп,
Елдің қамын ойлаған
Ессіз бала кері кетіп,
Есерлігін қоймаған.
К әрпі Әліби
Ашық күннің жыры боп,
Қалықтай бер көгершін.
Бейбітшілік жыры боп,
Шарықтай бер көгершін.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»
Әліппе Төрехан
Мен сендерге ризамын балалар! Сендермен 4 - ай бойы жолдас болдым. Мен енді қайтуым керек, жолым ұзақ 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 1 - сыныпқа келетін бүлдіршіндерге жетуім керек.
Туған елдің тілі
Ақылы мен танымы
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәні.
Ана тілі «Білім елінің кілтін» өзіңе табыс етемін. Қабыл ал.
(Кілт ұсыну)
Ана тілі Санжар
Сәлеметсіздер ме, балалар.
Сәлем, достар, аман ба?
Аман болған әманда,
Ана тілін ардақтар,
Ата - бабам, анам да,
Туған тілдің тілімін,
Ақылы мен танымын
Таныстырар бәріне.
Хормен: Рақмет, Әліппе! Сеніміңізді ақтаймыз.
Хор: «Әліппе»
Әліппе Төрехан
Ал енді сендерге ақ батамды берейін.
Оқуда зейінді болыңдар,
Еңбекке бейімді болыңдар
Кір шалмасын қабақтарды
Ақ жол болсын қарақтарым,
Оқығандарың есте болсын,
Күнделіктерің беске толсын, Әумин!
Ал сау болыңдар.
Хормен: Бізге оқу үйреткен,
Бар уақыты бірге өткен
Рақмет саған, Әліппем!
2 - жүргізуші: Жиналған қауым таң қалсын
Ән бимен шашу шашылсын
Мың бұралған бишілер
Бименен кешті жалғасын.
Қыздардың орындауында «Өзбек биі».
Хор: «Ағылшынша өлең»
Ана тілі: Санжар
Ана тілі ұраным
Ана тілім - құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Оқы талмай, түй санаңа, жас бөбек
Сыр құямын жыр құямын бойыңа
Таза ұстап, оқы мені қастерле,
Бар білімді саған берем әрине.
7 - оқушы: Біз әліппемен қоштасамыз Жасмин
Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз
Білімнің бұлағына сусындауға,
Көптеген кітаптармен достасамыз.
8 - оқушы: Ана тілі - біздің туған анамыз, Нұрасыл
Анамыздай сыйлап, бағып - қағамыз
Ана тілін бағаласақ қалай біз
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілі Санжар
Ақыл - ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
1 - жүргізуші: Тілейміз бар бар адамға,
Жаңа бақыт, жаңа нұр.
2 - жүргізуші: Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ата - аналар қаттырақ қол соғыңдар,
Бишілердің билері қандай жақсы.
Би: «Қара жорға»
1 - жүргізуші: Мұнда біреу жымияды қызына,
Мұнда біреу ақыл айтар ұлына.
Мұнда біреу сөз сөйлейді сызыла,
Мұнда біреу елтіп отыр жырыма.
2 - жүргізуші: Ол кім десең,
Қуаныштан езулерін жымиған,
Ол – ата - ана, әлемдегі сыйлы адам,- дей келесі сөз кезегін ата - аналарға береміз.
(Ата - аналар сөз сөйлейді).
1 - жүргізуші: Келесі сөз кезегін мектебіміздің оқу - тәрбие ісінің меңгерушілеріне сөз беріледі.
Би: «Вальс»
Мұғалім:
Қымбатты балалар! Мектептегі алғашқы жеткен жеңістеріңмен құттықтаймын! Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, сендерді бір - біріңмен достыққа, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
1, 2 - жүргізушілер қосыла:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата - ана, қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Осымен «Қош бол, Әліппе!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге рахмет!
Кері қайту
Ілмек сөздер: Қош бол, жан серігім
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×