Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Озық ойлы оқушы (сайыс сабақ)

Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың зеректік қабілетін дамытып ой өрісін кеңейту, білімге деген құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, білімге қызығушылығын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зейінді тұлғаны тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтаға жазылған слайдтар. Карточкалар.
Сайыстың жүру барысы:
І. бөлім «Сен білесің бе?»
ІІ. бөлім «Мақалдың жалғасын тап»
ІІІ. бөлім «Күлдіргі жұмбақтар»
IV.бөлім «Кім жылдам»
V.бөлім «Кім тапқыр»
VI бөлім Қорытындылау
Жүргізуші. Біреудің жүрегінің түгі бар,
Біреудің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар.
Бәрінен де басты – барлығының,
Қатты істейтін миы бар.
Енд і сайыскерлерімізді топ басшылары таныстырып өтсе.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына, – дей келе сайыскерлерімізге сәт – сапар тілейік.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.
1 бөлім. Сен білесің бе? (сұрақтар беріледі. әр сұраққа 5 ұпайдан)

3 «а» сынып
1. Біздің облысымызды ата? /Ақтөбе облысы
2. Жылдың неше мезгілі бар? /төрт/
3. Жаз айларын ата / маусым, шілде, тамыз
5. Білім күні қай күн? /1 қыркүйек
6. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары? /Заттың атын білдіретін сөздер
4. ҚР - ның тұңғыш президенті кім? / Н. Назарбаев
5. Суда жұбын жазбай жүретін құс?
6. Жұмадан кейінгі күн қалай аталады
7. Аң аулағанда қай құсты пайдаланады
9. Биыл тәуелсіздікке неше жыл ( 22жыл )
10. Әліппенің атасы кім?
3 «ә» сынып
1. Ел басымыз (Н. Ә. Назарбаев)
2. Қазақтың ұлы ақыны (А. Құнанбаев)
3. Алғашқы оқулық (Әліппе)
4. Елтаңбаның авторы ( Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
5. Үш биді ата ( Төле, Қазыбек, Әйтеке)
6. Бірінші маусым қандай мереке? (балаларды қорғау күні)
7. ҚР - ның астанасы қай қала? (Астана)
8. ҚР - ның тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991ж 16 желтоқсан)
9. Әнұранның авторы кімдер? (Н. Назарбаев, Ж. Нәжмеденов, Ш. Қалдаяқов)
10. Т. Әубәкіров кі м? (ғарышкер)
4 сынып
1. 30 тамыз қандай мереке? (Конституция күні)
2. Тудың авторы кім? (Ш. Ниязбеков)
3. ҚР - ның мемлекеттік тілі (қазақ тілі
4. ҚР - ның тәуелсіздік күні (16 желтоқсан 1991ж)
5. Қазақтың ұлттық ойындарын ата ( бәйге, көкпар, алтыбақан, қыз қуу)
6. Мемлекеттік туда не бейнеленген? (күн, қыран, ою)
7. Көкжиектің тұстарын ата ( оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс
8. Астана қаласының бұрынғы атауы (Ақмола)
9. Ата Заң қашан қабылданды? (1995ж 30 тамыз)
10. Рәміздерді ата? (ту, елтаңба, әнұран)

2 бөлім
"Мақал айтсаң - жол көрсеттің, мәтел айтсаң - жанымды жайландырдың" — демекші, ал енді балаларыңызбен бірігіп мақалды жалғастырамыз.
(әр топқа бірдей қойылады, дұрыс жауап берген сайыскерге
5 ұпайдан беріледі)
3 «а» сынып оқушыларына
Ұяда не көрсең, … ……….. (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің)
Ата бәйтерек……………. (Ата - бәйтерек, бала — балжапырақ)
Тамшы тас жарады, ….. (Тамшы тас жарады, тас жармаса бас жарады)
Өнер алды –……… (Өнер алды қызы тіл)
Денсаулық – …….. (Денсаулық зор байлық)
Әдепті бала – арлы бала, …………………………(әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала)
Білекті бірді жығады, ………………………(Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады)
Әдептілік белгісі, ……………………………….(Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені)
Ата көрген оқ жонар, ………………………………………….(Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер)
Анаға құрмен, ……………………… (Анаға құрмет, балаға міндет)
3 «ә» сынып
Ер бір өледі, ………………. (Ер бір өледі, қорқақ мың өледі)
Мысыққа ойын керек, …………………… (Мысыққа ойын керек, тышқанға өмір керек)
Мектеп – кеме, …….-…….. ( Мектеп - кеме, білім - теңіз)
Жүздің көркі – көз, ………………- …… (Жүздің көркі көз, ауыз көркі сөз)
Көп сөз күміс, ………………….. (Көп сөз күміс, аз сөз алтын)

Әдептілік белгісі — ………………………. (Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені)
Жақсыдан үйрен, ………………………… (Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен)
Күннің шуағы жылы — ………………………… (Күннің шуағы жылы – ананың құшағы жылы)
Еңбектің наны тәтті,………………….. (Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті)
Өнерлінің қолы алтын, …………………………….. (Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын)
4 сынып
Өле жегенше, …………… … (Өле жегенше, бөле же)
Таяқ еттен өтеді, ……………… (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)
Жақсы сөз сүйіндіреді ………………. ( Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.
Жақсы байқап сөйлер, …………………(Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер)
Ана сүті бой өсіреді, …………… (Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді)
Жақсы алданда жазыласың,………………… (Жақсы алданда жазыласың, жаман алданда тарыласың)
Емен ағаштың иілгені — сынғаны, ……………………………. — …..
(Емен ағаштың иілгені - сынғаны, ер жігіттің екі сөйлегені — өлгені)
Жаяудың шаңы шықпас. ……………………………..(Жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас)
Аттың бәрі тұлпар болмас, ……………………………….
(Аттың бәрі тұлпар болмас, құстың бәрі сұңқар болмас)
Баланың ұяты әкеге,………………………… (Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге)

3 бөлім: «Күлдіргі жұмбақтар» деп аталады.
(барлық оқушыға бірдей қойылады да дұрыс жауап берген сайыскерге 5 ұпай беріледі)

1. Кім барлық тілді сөйлейді? Жауабы: жаңғырық
2. Тышқан аулағышты бес әріппен қалай жазуға болады? Жауабы: мысық
3. Дүниедегі шапшаң нәрсе не? Жауабы: Ой - қиял
4. Егер түнгі сағат 12 - де жаңбыр жауса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып, шуақ түсе ме? Жауабы: Жоқ – бұл түн мезгілі.
5. Қай кезде аспан жерден төмен тұрады?
Жауабы: Аспан суреті суға көрінген кезде.
6. Қандай бөшкеге су құюға болмайды? Жауабы: Іші толы бөшкеге.
7. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? Жауап: түйеқұстар ұшпайды.
8. Қосарлап жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12км жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүреді? Жауап: 12км жол жүреді.
9. Не нәрсе сенің меншігің, бірақ оны сенің өзіңнен гөрі басқалар атайды? Жауабы: сенің есімің.
10. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).
11. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
12. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр? (Көз - қорқақ, қол - батыр).
4 - ші бөлім «Кім тапқыр» деп аталады. Тақтада барлық әріптер шығып тұрады. Сайыскерлер өздері әріптерді таңдайды.
(Әріптер сөйлейді, 5 сұрақтан қойылады. Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.)
А - қазақтың ұлы ақыны.(А. Құнанбайұлы)
Ә - алғашқы оқулық.(Әліппе)

Б - қазақтың батыры. (Бөгенбай батыр)
В - ежелгі мемлекеттердің бірі. (Вавилон)
Г - әнұранның орысша атауы (Гимн)
Ғ - Т. Әубәкіров кім? (Ғарышкер)
Д - «Витамин»сөзінің аудармасы.(Дәрумен)
Е - қызыл кітапқа тіркелген жануар?(Елік)
Е - «Шырша» сөзінің аудармасы.(Елка)
Ж - Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас.(Жұмбақтас)
З - үлкен, дәу сөздерінің синонимі.(Зор)
И - тігінші құралы (Ине)
Й - қоңыр түсті дәрі (Иод)
К - қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар)
Қ - атақты күйші(Құрманғазы)
Л - ешкінің төлі.(Лақ)
М - күнге ең жақын орналасқан планета? (Меркурий)
Н - ас атасы -… (Нан)
О - Батыс Қазақстандағы қала.(Орал)
Ө - тілсіз жау -… (Өрт)
П - Ірі жануар (піл )
С - тілдің негізі не?(Сөз)
Т - үш бидің бірі.(Төле би)
У - Жыланның тілінің ұшындағы не? (У)
Ұ - Құстардың Үйін не дейміз? (Ұя)
Ү - кіші сөзінің Антонимі (Үлкен)

Ф - Әл - Фараби кім?(Философ)
Ч - Крокодил Генаның досы.(Чебурашка)
Ш - тудың авторының есімі.(Шернияз Ниязбеков)
Ы - «посуда»сөзінің аудармасы.(Ыдыс)
І - қарға « қарқ»дегенде аузынан не түсіп кетті?(Ірімшік)
Э - экология Сөзінің аудармасы ( )
Ю - «Киіз үй» сөзінің аудармасы.
5 - ші бөлім «Кім жылдам»
(Сандар сөйлейді, сандардың орнына әріптерді қою арқылы білім туралы мақал - мәтел оқи аласыңдар) (дұрыс жауап берген сайыскерге 10 ұпай беріледі)
Аа - 1 Әә - 2 Бб - 3 Вв - 4 Гг - 5 Ғғ - 6 Дд - 7 Ее - 8
Ее - 9 Жж - 10 Зз - 11 Ии - 12 Йй - 13 Кк - 14 Ққ - 15
Лл - 16 Мм - 17 Нн - 18 ң - 19 Оо - 20 Өө - 21
Пп - 22 Рр - 23 Сс - 24 Тт - 25 Уу - 26 Ұұ - 27
Үү - 28 Фф - 29 Хх - 30 һ - 31 Цц - 32 Чч - 33
Шш - 34 Щщ - 35 ъ - 36 Ыы - 37 Іі - 38 ь - 39
Ээ - 40 Юю - 41 Яя - 42

1 15 37 16 — 25 20 11 3 1 13 25 37 18 25 20 18.
3 38 16 38 17 – 25 1 26 24 37 16 17 1 13 25 37 18 14 8 18.
«Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен»

Осымен сайысымыздың бес шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептегенше, көрермендерге жұмбақтар жасырайық.

Бар жұмысы, ермегі,
Талай қанат қағады.
Еңбекті хош көрмейді,
Жат ыдысты бағады. (шыбын)

Жабық астында жарты күлше. (Ай)

Жылқы тұмсық, ешкі құйрық.
Есек құлақ, қорқақ өзі, қыли көзі. (қоян)

Тал басында, түнсіздік отау. (құстың ұясы)

Күндіз жоқ, түнде бар. (жарқанат)
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету