Сайтқа кіру Тіркелу

Қызықты математика

Тақырыбы: Қызықты математика
Мақсаты: Оқушылардың математикадан білім деңгейлерін анықтап, логикалық, қызықты есептерді де шығара білуін тексеру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды біліктілікке, тез әрі дұрыс жауап беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
түрі: Жарыс сабақ
Барысы: Қымбатты ұстаздар!
Біздей сыныпқа қош келдіңіздер!
Бүгін біздің сыныпта «Қызықты математика» атты сабақ өтпекші. Сабақ жарыс түрде өтеді.
Жарысқа 2 топ қатысады.
1 – топ «Ойшылдар.» 2 – топ «Білімділер»
Әділ қазылар алқасы Амантаева Ұ
1. Амантаева Ұ
2. Әлнәзи Г
3. Жұмағали З
Сайыстың шарттары:
1. Таныстыру
2. Жаңылтпашты жаңылмай айту.
1) Ұшып кетті 3 құс
Ұшып келді ұшқыш
2) Жоғалды 5 шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды 5 шыбыш
3. Амал таңбаларын қою.
4. «Алма жинау» ойыны.
5. Қызықты есептер
6. Капитандар сайысы
7. Фигуралар қою
1. Таныстыру.
І – топ Ойшылдар тобы.
Сендерді біз айта алмаймыз нашар деп
Ойламаңдар қорқып біздер қашар деп
Біз дайынбыз жарысуға достарым
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Тобымыздың аты: Ойшылдар
Тобымыздың ұраны: Оқу - білім азығы
Білім - ырыс қазығы
ІІ – топ Білімділер тобы.
Бір сыныпта оқимыз бәрімізде
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Жарысуға сендермен келіп тұрмыз
Мына жұрттың таңырқасын бәрі бізге
Тобымыздың аты: Білімділер
Тобымыздың ұраны: Білімдіге дүние жарық
Білімсіздің күні қаріп
2 – бөлім.
Жаңылтпаш айту
1) Ұшып кетті 3 құс
Ұшып келді ұшқыш
2) Жоғалды 5 шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды 5 шыбыш
Әр топтан 2 баладан жаңылмай айтып шығу.
3 – бөлім.
Амал таңбаларын қою.
27 * 36= 63 63 * 27= 36
35 * 49= 84 84 * 34= 40
64 * 16= 48 80 * 20= 100
81 * 51= 30 89 * 19= 70
12 * 5 * 2= 5 63 * 7 * 6= 50
46 * 8 * 8= 30 11 * 18 * 9= 20
4 – бөлім.
Алма жинау.
Шарты: Алма ағашынан алманы алып сыртындағы тапсырманы орындау арқылы себетке жинау. Себетке алманы көп жинаған топ жеңіске жетеді.
5 - бөлім
Қызықты есептер.
1. Бір қазақ қалаға бара жатыр еді, жолда үш танысы қарсы шықты. Қанша адам қалаға барды? (1)
2. Егер Т дан бастасаң санмын
Т ны алып тастасаң жаумын ( төрт – өрт )
3. 5 жыл бұрын Айжан 8 жаста болған, 6 жылдан кейін Айжан неше жаста болды? ( 19 )
4. 2 бала тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әр қайсысы неше сағат ойнады? (2сағ)
5. 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр? (тең)
6. Түнгі сағат 10 да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? ( жоқ )
6 – бөлім.
Капитандар сайысы.
Математикалық лото
б і л і м д і
17 21 42 15 9 14 50
10 + 7= 17 б
17 + 25= 42 л
14 – 5= 9 м
94 – 44= 50 і
42 – 21= 21 і
25 – 10= 15 і
6 + 8= 14 д
7 – бөлім
Фигуралардан адам құрастыру.
Әділ қазылардың бағасы бойынша, білімділер тобы жеңіске жетті!
Балаларды бағалап, марапаттау!
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×