Сайтқа кіру Тіркелу

Туған жер. Қасым Аманжолов

Тақырыбы: Туған жер. Қасым Аманжолов.
Мақсаты: Оқушыны Қасым Аманжоловтың «Туған жер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: жаңа білім беру
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық әзірлік.
Сабағымыз басталды,
балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар,
сабаққа зер салыңдар!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үй тапсырмасын пысықтау:
Ту, Елтаңба және Әнұран жайлы не айтар едің?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі:
Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Балалар, қандай Отан, туған жер туралы өлеңдер білесіңдер?
ІҮ. Жаңа сабақ:
Кіріспе: Қасым Аманжолов – Отан, туған жер, өскен ел тақырыбына көптеген өлеңдер жазған дарынды ақындардың бірі. Оның төмендегі «Туған жер» атты лирикалық өлеңі автордың туған жерге деген мақтаныш сезімін паш етеді.
Оқулықпен жұмыс: өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. әр шумақты кезектесіп, жалғастырып оқу. Әр шумақтың түйінін табу.
Ү. Түсінгендерін тексеру:
1. Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?
Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой - пікірін аңғаруға болады?
2. Өлеңнің үшінші шумағы арқылы мына сөзжұмбақта жасырынған сөзді тауып жаз.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің?
Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,
Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.
«Лирика» деген сөз шығады.
Лирика дегеніміз көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.
ҮІ. Қорытынды.
Осы оқулықта ақынның тағы қандай өлеңімен таныстың?
ҮІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп, түсініп оқу, жаттау. «Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, арманым жоқ бұл дүниеде дер едім» ойтолғау жазу.
ҮІІІ. Бағалау. Бағалау смайликтерін тарату
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×