Сайтқа кіру Тіркелу

Жалқы есім мен жалпы есім (2-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Жалқы есім және жалпы есім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін - бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, ребус, сөзжұмбақ.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, көркем сөз оқу, топтастыру, тірек сызба, Венн диаграммасы.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері.
Сабақ барысы:
I. Қызығушылықты ояту.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
376 - жаттығу. Сөздерді оқып, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек
жаз.
кім?----------------- не?
ата ----------------- кірпіш, тауық
апа ----------------- шыны, кептер
ағатай ------------- сағат
інішек ------------- қанат

3. Өткенге шолу
Сиқырлы кестедегі сұрақтың жауабын табыңдар.

- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің сұрақтарын ата.
- Зат есімге мысалдар келтір.

ІІ. Мағынаны тану
1. Суретпен жұмыс:

- Суретке қара олардың астындағы сөздерді оқы.
- Сөздердің бірі кіші әріптен, екіншісі үлкен әріптен басталып жащылу себебі неде деп ойлайсың?

2. Тірек - сызба арқылы

Зат есім
жалқы
жалпы

1. Суреттермен жұмыс
2. Сұрақ - жауап
3. Ережені түсіндіру жұмысы.
2. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу сәті: Ж ж әрпі.

3. Оқулықпен жұмыс
4.«Еркін жазу» стратегиясы.
392 - жаттығу. Жаңылтпаштарды бірнеше рет оқып, жатқа айт. Кісі аты мен жер атын тап.
Арман атай,
Аралағаны - Тарбағатай.
Арман атай атын
Тарбағатайда тағала алмай,
Айғайды салған атай.

5. Өзіндік жұмыс
393 - жаттығу. Мына жалқы есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрап жаз.
Сырым, Тайбурыл, Ертіс, Бөрібасар.
6. Сергіту сәті
Шапалақтап қолыңды,
Жай - жай
Міне былай, міне былай,
Жай - жай
Шапалақтап қолыңды,
Тез - тез
Міне былай, міне былай,
Тез - тез - тез....
7. "Топтастыру" стратегиясы
395 - жаттығу. Берілген сөздердің ішінен жалқы есімдерді бір бөлек және жалпы есімдерді бір бөлек теріп жаз.

Жалқы Жалпы

8. Көру диктанты
Ақсу, Көксу, Сарысу,
Бұл - сумен түстеп танысу.
Ырғыз, Торғай, Аягөз,
Сай - саланың бәрі су.

Есіліп Есіл ағады,
Жайылып Жайық барады.
Сылаң қақса Сыр сұлу,
Шу шулап атой салады.

9. Шығармашылық жұмыс.
396 - жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

(Алматы)

ІІІ. Ой толғаныс
1. Венн диаграммасы

2. Сұрақ - жауап:
- Жалқы есім дегеніміз не?
- Жалпы есім дегеніміз не?
- Мысал келтіру.
3. Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық
Үй тапсырмасын жазайық.
Бүгінгі алған білімді,
Ұмытпай есте сақтап алайық.
397 - жаттығу. Жалқы есімдерді бір бағанға, жалпы есімдерді екінші бағанға бөліп жазу.
4. Бағалау. (Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар

Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар

Мақсаты: 1. Негізгі және туынды зат есім есімдерді пысықтау. Сөз ішінен негізгі және туынды зат есімдерді тауып, талдай білуге үйрету....
Зат есім

Зат есім

Оқушылардың зат есім туралы алған, білімдерін саралап жинақылау, одан әрі тереңдету. Зат есім тақырыбын қайталау, білімдерін жетілдіру....
Жалқы есім және жалпы есім

Жалқы есім және жалпы есім

Білімділігі: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету....
Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Зат есімнің жекеше және көпше түрлері

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, "№21 жалпы білім беретін орта мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Кожабекова Жанна Амантаевна Сабақтың...
Зат есім

Зат есім

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Карагулин 18, № 6 орта мектебі ММ Бастауыш мектептің мұғалімі Қожағұлова Гүлжаһан Қожағұлқызы Қазақ тілі пәні Сабақ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×