Сайтқа кіру Тіркелу

Етістікті қайталау (4 сынып)

Қазақ тілі

Тақырыбы: Етістікті қайталау
Мақсаты: етістік туралы берілген түсініктерін кеңейту, білімдерін жинақтау, бекіту, шығармашылық жұмыс жасау. ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Түрлі тапсырмалар арқылы негізгі құзіреттіліктерді қалыптастыру. Тапқырлыққа, әдемілікке, адамгершілікке, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, математика.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Психологиялық дайындық
3. Сабақтың ережесімен таныстыру
4. Оқушыларды топқа бөлу (берілген сандардың бірінші әріптерін алу)
1) 9 6 1 ы 8 «Табыс» тобы
2) 3 1000 і 9 «Үміт» тобы
3) Ш 6 ру 6 «Шаруа» тобы
- О лай болса, бүгінгі сабағымызда көктем мезгілінде 3 қожалық болып жарысамыз.
«Табыс» қожалығы бидай өнімін алу үшін
«Үміт» қожалығы қой өнімін мол алу үшін.
«Шаруа» қожалығы құс өнімін алу үшін бүгінгі сабағымызда берілген тапсырмаларға нақты жауап берсек, әр қожалық өзінің көздеген өнімдеріне қол жеткізеді.
Сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады.
1 - бөлім «Білгенге маржан, білмеске арзан»
2 - бөлім «Ой қозғау»
3 - бөлім «Ойға түстім, ойландым»
4 - бөлім «Сәулең болса кеудеңде»
5 - бөлім «Пантомимо» ойыны
6 - бөлім «Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табарсың»
Мағынаны ашу
1 - бөлім «Білгенге маржан, білмеске арзан» Әр топ бір - біріне 4 сұрақтан қояды. Сұраққа толық, нақты жауап беру керек.
2 - бөлім «Ой қозғау» бөлімінде тақтаның бетінен шыққан әріптерді таңдау. Таңдаған әріптер бойынша етістікке мысал келтіру(топпен жарыс, әр топ мүшесі 1 етістік жазу керек)
Е екті
Ж жауды
Қ қарады
К келді
Т толды
А ақты

3 - бөлім «Ойға түстім, ойландым» бөлімінде жұмбақты жатқа айтып жазу. Қай топ бірінші болып жазып, айтса, сол топ ұпай алады.
Асын ішіп, бетін жуады.
Ұйқы қысып, көзін жұмады.
Іші пысып, торғай қуады (Мысық)
Ой сергіту жаттығуы
Берілген зат есімдерге етістік тіркеп бөгелмей айту.
Жел, күн, найзағай, жаңбыр, қоңырау, палуандар.
4 - бөлім «Сәулең болса кеудеңде» бөлімінде әр топқа сурет беріледі.
• Суретке қарап сөйлем құрау
• Әр суретке қарап мақал айту
5 - бөлім «Пантомимо» ойыны бөлімінде әр топ басшысына сөйлем беріледі. сол сөйлемді қимылмен көрсетіп, қалған оқушылар шешеді.
Таңертең ұйқыдан тұрып, жаттығу жасап, төсегімді жинадым.
Беті қолымды жуып, тамақ ішіп, сабаққа киіндім
Балаларға телефон соғып, футбол ойнауға шақырып едім, олар қуанды.
6 - бөлім «Ой түбінде алтын бар, ойлай берсең табарсың»
Шығармашылық тапсырма. Көктем мезгіліне байланысты сөз ұйқасы бойынша төрт жол өлең құрастыру.
Көктем қандай..........
Күміс жаңбыр..............
Мөлдір аспан................
Күннің көзі.................
Етістікті тауып, сұрақ қою.
Сабақты қорытындылау. Ой түйіндеу.
Бағалау. марапаттау.
Үйге тапсырма: «Көңілді көктем» тақырыбында әңгіме жазып келу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×