Сайтқа кіру Тіркелу

И дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. И и дыбысы мен әрпін меңгерту. И дыбысының бөлек буын құрайтынын, И дыбысының ұқсас Й дыбысынан айырмашылығын түсіндіру
2. И дыбысы кездесетін сөздерді оқыту арқылы сөздік қорларын дамыту
3. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, әдептілікке баулу
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Өткізу әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, жұмбақтар, суретпен жұмыс
Көрнекілігі: кеспе әріптер, оқулық, мазмұнды сурет
Сабақтың мазмұны
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу
- Партада дұрыс отыруларына көңіл бөлу
- Сабаққа зейіндерін аудару
II. Өткен сабақты еске түсіру
- Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
- Дыбысты естиміз. Әріпті көреміз, жазамыз.
III. Мағынаны тану
1) Жұмбақ жасыру
- Өзі төрт қанатты,
Және алты аяқты,
Сөйтсе де тікұшаққа ұқсайды. (инелік)
- Тұмсығына жібін байлап
Сүңгіп батып, сүңгіп батып, бұл мықты,
Бүтіндейді жыртықты. (ине)
- Ине, инелік сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?
- И дыбысынан басталып тұр
- И дыбысын айтып көрейік
- И - и - и
- Қалай айтылады?
- Созылып айтылады.
- Созылып айтса қандай дыбыс болады?
- Дауысты дыбыс.
- Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Қызыл түсті текшемен.
- И дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
- И дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі?
- Осы әріпке ұқсас қандай әріппен таныстық?
- Й әрпімен таныстық
- И және Й әріптерінің айырмашылығын түсіндіру.
2) Кітаппен жұмыс
- И дыбысына байланысты сөздерді оқыту
3) Топтау
И
4) Мәтінмен жұмыс
- «Ит» мәтінін оқыту
Ит – адамның досы. Олар иесін қорғайды. Балалармен ойнайды. Мал бағады. Аң да аулайды. Итке иесі – қамқоршы.
- Мәтін не туралы?
- Ит туралы
- Ит не істейді?
- Ит мал бағады, аң аулайды
- Мәтінде неше сөйлем бар?
- Мәтінде 6 сөйлем бар
5) Тақтамен жұмыс
- «Ит» мәтінінің бірінші сөйлемін тақтаға жаздыру
- Сөйлемді дауысты, дауыссыз дыбысқа ажырату
- Екінші сөйлемді жаздырту
- Сөздерді буынға бөлдіру
6) Дәптермен жұмыс
- И әрпін ауада жазып көрсету
- И дыбысының бас, кіші әріптерін тақтаға жазып көрсету
- Ине, инелік, шие сөздерін жаздыру
IV. Сабақты қорытындылау
Біз бүгін И дыбысы және әрпімен таныстық
Мадақтау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×