Сайтқа кіру Тіркелу
загрузка...

Көжек

Әдебиеттік оқу 3 - сынып
Тақырыбы: Көжек (ертегі)
Мақсаты: Оқушыларды мәнерлеп оқуға жаттықтыру, қызығушылығын ояту, ой - өрісін, тіл байлығын дамыту, негізгі ойды анықтай білуге, түсінгенін жүйелі түрде баяндай білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушының таным белсендігін арттыру, шығармашылық қиялын жүйелеу, байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, жан - жануарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнектілігі: мақал - мәтел, суреттер.
Сабақтың әдісі: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
1. Психологиялық дайындық.( тақтаға табиғат бейнеленген сурет ілінеді)
Балалар, мына суреттің үйге берілген тапсырмаға қатысы бар ма?
Дұрыс, кәне өткен тақырыпта қандай өсімдік аты берілген?
- Киелі өсімдік екенін қай жолдардан білуге болады?
- Бізді қоршаған табиғатқа қастандық жасауға бола ма?
Бүгінгі сабағымызда да табиғатпен, ондағы өмір сүретін адамдар, жан - жануарлар жайлы болмақ.

2. Ой ашар. Жұмбақ шешу.
Тақырыптың атын мына жұмбақ арқылы табайық.
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы қырлы жерлермен
Ытқып, ытқып жүгірді
Қарап еді артына
Қиығын сап көзінің
Келе жатқан томпаңдап
...... екен өзінің
- Жақсы. Сонымен бүгінгі ертегіміз «Көжек» деп аталады.
- Балалар, сендер білісіңдер табиғаттағы адам сияқты жан - жануар, құстар, жәндіктер де өз балаларын күтіп бағады. Дегенмен де тірі табиғатта баласын күтпейтін аң, құсты білесіңдер ме?
- Дұрыс, ол көкек пен қоян.

Сергіту сәті.
Ендеше осы бүгінгі ертегіміздің мазмұнын болжап көрейік.
Не туралы деп ойлайсыңдар?
- Жақсы. Енді мына мақалға назар аударыңдар.
«Туған жердей жер болмас,
Туған жердей ел болмас»
- Кәне, кім мағынасын ашып береді.
- Осы айтқан ойымызды мәтін мазмұнымен салыстырайық. Кітабымызды ашып, тізбектей оқимыз.
- Балалар, әр сөйлемді оқыған кезде мағынасы таныс емес сөздердің астын сызып отырасыңдар.
- Жақсы. Алдымен таныс емес, мағынасы түсініксіз сөздерді талдайық.
Пұштиған - бұл кішкентай деген мағынаны береді.
Бір шыбын жанды - қорыққан деген мағына.
- Енді ертегідегі кейіпкерлерді алайық.
Осыдан соң әр топқа сұрақтар беріледі.
1 - топ: Ертегіден қандай ой түйдің? Бізді неге үйретеді?
2 - топ: Осы ертегідегі туған жерге деген сүйіспеншілікті неден көруге болады?
3 - топ: Шаруаның ісіне қандай баға беруге болады? Ол дұрыс істеді ме?
- Өте жақсы.
Енді өздерің іштей бір оқып шығыңдар.
- Осы ертегіден көжектің қатты қорыққан жерін қандай сөздермен берген?
- Шаруа көжектің анасының істеген ісін дұрыс еместігін қандай сөзден көруге болады?
- Сонымен бұл ертегіден түйгенімізді бір - бір сөйлеммен қорытындылайық.
- Үйге туған жер туралы мақал - мәтел жаттау. Осы ертегідегі көжектің суретін салып келу.
Бағалау.

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы
№11 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Асанова Бақыт Қырықбесовна
Кері қайту
Загрузка...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
загрузка...
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Күнделікті сабақ жоспары, Мұқағали Мақатаев, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ашық тәрбие сағаты, ағылшын тілі, ағылшын тілінен сабақ жоспары, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, математика, математикадан сабақ жоспары, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар

Барлық тегтерді көрсету