Сайтқа кіру Тіркелу

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сабактың максаты:
1. Білімділік: Окушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру, кұрамында күрделі мүшесі бар сөйлемдер кұрастыра білуге үйрету.
2. Дамытушылық: дара және күрделі мүшелерді ажырата білу дағдыларын дамыту, сауатты әрі көркем жазу дағдыларын қалыптастыру
3 Тәрбиелік: тиянақтылыққа, зейінін тұрақтылыққа тәрбиелеу.
Сабактың әдісі: сұрак - жауап, қайталау, салыстыру, көрнекілік, ізденушілік
Сабақтың көрнекілігі: кесте, кубизм әдісі, интерактивті тақта
Сабактың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым бақытым, дара тілім.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
 Сурет бойынша әңгіме құрастыру
 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін табу
III. Өткен сабақты бекіту.
Сөйлем мүшесі дегеніміз не?
Сөйлем мүшелері нешеге болады?
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін ата
Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем қалай аталады?
Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
Баяндауыш көбінесе қандай сөз табынан жасалады?

IV. Жаңа материалмен жұмыс.
Ой ширату
- Балалар, тақтада берілген бағандардағы сөздерге назар аударып, оқып көрейік.. Әр бағандағы сөздердің ішінде қай сөз артық деп ойлайсыңдар?
IV. Артығын тап
Қысқа----жазды----ұзын бойлы---алты
Ұзын----оқыды------қара торы------тоғыз
Қара-----көріп тұр----ала торы---екі жүз
ақ сары---естіді---------бойшаң-----алпыс
жуас------ұшты---------қызыл ала---сексен
• Ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
• Осы сабақтан нені білуіміз керек деп ойлайсыңдар?
Сөйлемдерді салыстыр, ұқсастығын, айырмашылығын тап
1. Айгүл мектепке барды.
2. Айгүл мектепке бара жатыр.
3. Серік Сәпиев – атақты чемпион.
4. Серік чемпион атанды.

Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты
Дара Күрделі Дара Күрделі Дара Күрделі

 жазу барысында е мен л әріптерінің байланысына назар аудар

V. Оқулықпен жұмыс.
1 - жаттығуды орындау барысында, алдымен екі қатардағы сөйлемдерді оқып шығады.
Сөйлем ішінде қарамен жазылған сөздерге назар аударып, сұрақ қою арқылы талданады.
Сөйлемнің қандай мүшесі екені анықталады.
Аула тазартылды. Аула іші тазартылды.
Екі сөйлемді салыстырып оқып шыққаннан соң, өйлемдердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады.. Қарамен жазылған сөздерге бірдей сұрақтар қойылып тұрғанын талдау арқылы анықтайды.
1. Аула тазартылды. Аула іші тазартылды.
2. Алматы – оңтүстіктегі әсем, Алматы қаласы – Қазақстанның жасыл қала. бұрынғы астанасы.
3. Жаңбыр жауды. Жаңбыр жауа бастады.
4. Әсел үйге кірді. Әсел үйге кіріп келді.

2 - Жаттығуда берілген мәтінді оқып шығады. Мәтіннің алғашқы екі - үш сөйлемі тақтаға жазып талданады. Сөйлемдердегі күрделі мүшелерді тауып, астын сызады.
Мен Жамбылды бірінші рет қырғыз елінде көрдім. Керімсаз жайлауында бір үлкен ас болды. Оған арғы жағынан қырғыз, бергі тұстан қазақтар жиналды. Асқа әнші, балуан, ақындар жиналды. Менің Жамбылды көргім келді.
К. Әзірбаев
Сергіту сәті
Бір әріптің ізімен” ойыны
Ооо Ттт Ккк Жжж Ддд Ммм
Ойынның шарты: Сөйлем құрамындағы сөздер тек қана бірдей әріптен басталатын болуы керек. Сөйлем құрамында нақты сұрақтарға жауап беріп тұрған сөздер, сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтайды. Сөйлемді бір оқушы құраса, екінші оқушы талдау жасайды.
Мыс: Орман отқа оранды. Дәурен допты домалатты.

3 - жаттығуда өлеңді мәнерлеп оқиды. Өлеңнің мазмұны сұралады.
Қарамен жазылған сөздер сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтайды..
Дала баласы
Бес жасында ат құлағында ойнайтын,
Ақ шабақша Ертіс суын бойлайтын
Мен баласы даланың!
Жеті түнде бес жүз қойдың түс – кейпін
Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін
Мен баласы даланың!
М. Әлімбай

5 - жаттығуда берілген жұмбақтарды оқиды. Жұмбақтың шешуін тауып, сын есімнен жасалған күрделі мүшелерді анықтайды.

Тігіп алып көк шатыр,
Қызыл күрең доп жатыр. Шешуі: Қызылша

Қара ала тоны бар,
Аңдардың ол ұзыны,
Оны сен де танып ал.
Шешуі: Керік

VI. Сабақты бекіту. Дұрыс па, бұрыс па?
 Құрмалас сөйлем бір ғана тиянақты ойды білдіреді.
 Сөйлем мүшесі дегеніміз – сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз.
 Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
 Дара баяндауыш күрделі етістіктен жасалады.
 Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
 Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
 Берілген сөйлемдегі қатені тап
Қажымұқан Мұңайтпасов, атақты балуан.
VII. Сабақты қорытындылау. Бүгінгі сабақта нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?
Сөйлемнің қандай мүшелері болады екен?
Сөйлемнің дара мүшесі неше сөзден жасалады?
VIII. Үйге тапсырма: 49 - бет, 4 - жаттығу
 Сөйлемдердегі күрделі баяндауыштарды тауып, астын сыз.
 Ережелерді түсініп жатта.
IX. Бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жалаң және жайылма сөйлемдер

Жалаң және жайылма сөйлемдер

Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем...
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Оқушылар сөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы біледі, берілген тапсырмаларды орындай алады....
Сөйлем мүшелері

Сөйлем мүшелері

БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Есқайрова Айсұлу Жақсылыққызы...
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Шығыс Қазақстан облысы, Зырян қаласы, № 9 жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нуксарина Альмира Кабдуалиевна...
Дара және күрделі етістіктер

Дара және күрделі етістіктер

Тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер. Мақсаты: Дара және күрделі етістіктер жайлы түсінік беру. Етістіктерді тауып оларды ажырата білуге үйрету....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×