Сайтқа кіру Тіркелу

Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров

Тақырыбы: Арыстан мен тышқан. Сұлтанмахмұт Торайғыров.
Мақсаты: Оқушыны Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен таныстыра отырып, «Арыстан мен Тышқан» арасындағы мысалды оқып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, талдау, көрнекілік.
Көрнекілігі: автор портреті, суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. «Ара мен Шыбын» атты Оспанхан Әубәкіровтің мысал – өлеңінде Шыбын Араға не деді?
2. Ара оған неге бірден келісе салмады?
3. Қонақ күтуге Шыбындардың дайын еместігі жөнінде мәтінде не делінген?
4. Шыбынның қонақты дұрыстап күткісі келмей тұрғанын оның қай сөздерінен байқауға болады?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен араның орнында болсаң, не істер едің? Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады? Кесте бойынша өзіңнің сипаттауың жайлы не айтар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 3 сыныпта қандай шығармасымен танысқан едіңдер? («Кедей» өлең)
- Онда не жайлы еді?
- Кедей деп кімдерді атаған?
Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Сұлтанмахмұт Торайғыров – талантты, дарынды ақын әрі жазушы.(1893 - 1920). Ол небары 27 жас қана өмір сүрген. Сол азғана өмірінде ақын артына мол мұра қалдырды. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп жырлаған жалынды ақын мысал өлеңдер де жазды. Сұлтанмахмұт Торайғыров төмендегі мысал өлеңінде күштінің әлсізді менсінбейтін іс - қылығын әшкерелейді.
Кітаппен жұмыс. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Арыстан мен Тышқан» мысалын түсініп, жалғастырып оқу.
Сөздік жұмыс.
Күпшек – дөңгелектің білік кигізілетін, шабақтар қондырылатын ұңғы тесіктері бар ортаңғы бөлігі.
Зиян – залал, зақым.
Азат – еркін, өз еркі өзінде, ерікті.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:
1. Мысалдан адамдардың бойындағы қандай мінез - құлықтар байқалады? Арыстанның сөзінен оның қандай мінез - құлқын байқауға болады?
2. Мысалды бөліктерге бөл. Ат қой. (Тышқанның ойнақтауы. Арыстанның (көңілшектігі) мейрімділігі. Тышқанның Арыстанды құтқаруы.). Ары қарай не болады деп ойлайсың?
ҮІІ. Қорытынды.
Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Мысал мазмұнына сәйкес келетін мақал - мәтел ізде. Мысалдағы арыстан мен тышқан әрекетінен адамның қандай қасиеттерін аңғаруға болатынын кестеге жазып шық.
Сұлтанмахмұт Торайғыров жөнінде не білесің? Арыстан (қандай?) Тышқан (қандай?)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, мысалды жалғастырып көр.
ІХ Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×