Сайтқа кіру Тіркелу

Сан есім

Тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сұрақтарымен таныстыру, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, іздену
Көрнекіліктері: мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа даярлау.
Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір – біріңе қарап жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет!
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
56 – жаттығу
«Марқакөл қорығы» тақырыбына әңгімелерін оқытамын.
ІІІ Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ Жан - жақты білімдерін тексеру Сан есім дегеніміз не? Мысал келтір.
Ү Жаңа материалмен жұмыс:
а) оқулықпен жұмыс
57 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қойып, астын сыз. Бұлар қандай сан есімдер? Есептік пе, әлде реттік пе?
58 - жаттығу Анаграмманы шеш. Сан есімдерді тап. Бұлар қандай сан есімдер? Қос сөзін қандай сан есіммен алмастырып айтуға болады?
59 - жаттығу сандарды сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз. 61 - жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен сан есімдермен байланысқан сөзімен бірге теріп жаз.
ҮІІ Қорытындылау
- Балалар, бүгін біз не үйрендік?
- Сан есімнің сұрақтарын ата? т. б.
ҮІІІ Үйге тапсырма: 60 – жаттығу. Ребусті шеш. Қандай мақал шығады. Мақалды жаз. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
ІХ Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×