Сайтқа кіру Тіркелу

Қоршаған ортаны ластанудан қорғау

Жобаның тақырыбы: Қоршаған ортаны ластанудан қорғау (презентация түрінде)

Туған жер қандай көркем мөлдіреген,
Желегі желмен ойнап желбіреген.
Аралап күндіз - түні жүрсем - дағы,
Тыншымай ет жүрегім елжіреген.

Кіріспе.
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзендегі барды адамға, жан - жануарға өсімдікке берген. Өсімдік тіршілік тірегі. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады.
Өсімдіктің қызметін бірде - бір жетілген механизм атқара алмайды.
Экология деген сөз " Тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта " деген ұғымды білдіреді.

Жобаның мақсаты:
Ластанудан табиғатты қорғау жолдарын қарастыру.
Қоршаған ортаның ластануының себептерін жою деген тақырыпта түрлі сайыстар өткізуге ат салысу

Жобаның міндеттері:
* Қоршаған ортаны ластанудан қорғауға қазіргі ұрпақты баулу
* Жасанды ластануды болдырмауға ат салысу.
* Табиғатты қорғау сезімін қалыптастыру
* Әрбір адамға туған жер табиғатының тағдырын ойлап, қадірлеуін ұғындыру

Бүгінгі таңда елді алаңдатып отырған өзекті мәселе - еліміздің экологиясының нашарлап кетуі, қоршаған ортаның ластануы болып отыр. Мен сол себептен осы тақырыпты алдым.

Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтқан адамдар орманды балталап, аң - құстарды шамадан тыс аулап, жерді орынсыз жыртты, суды өлшеусіз, ысыраптап төкті.

Менің осы тақырыпты алуымның тағы бір себебі: қоршаған ортаның ластануынан жұқпалы аурулар көбеюде. Адамдардың қолдан жасаған ластануынан қант диабеті, жүрек, психикалық аурумен ауыратындар көп. Егер мақсатымды көздей отырып қоршаған ортаны ластанудан тазарту жұмыстарын жүйелі түрде қалыптастырса:

Күнделікті дем алатын ауамыз таза болар еді.
Қоршаған ортаның сұлулығы артады.
Адамдар ауру - сырқаудан арылады.
Елімізде дені сау тұлға қалыптасады, жеріміз көркем, әсем болып жайнар еді.
○ Қоршаған орта ластану жүйесі:
○ өнеркәсіп құбырынан шыққан қалдықтары
○ транспорттық ластану
○ радиоактивті, радиациялық
○ жасанды (адамдар өз қолдарымен ластайды)
Қоршаған ортаның табиғи ластануына жер сілкіну, су тасқыны, т. б табиғаттың стихиялық құбылысары жатады.
Қоршаған ортаның табиғи ластануы салдарынан жер бетіндегі өсімдік біткен шайылып, қоқыс көбейіп, адамның және жануардың ағзасына көп зиянын тигізеді.
Табиғи ластанудан зардап шеккен қоршаған ортаны адамдар қорғаудың орнына өз қолдарымен жасанды түрде ластайды. Қарапайым мысал келтірсек: аулада автокөліктерін тоқтатып, барынша улы газын таратады. Темекі шегіп, сыраларын ішеді де, қоқыс салатын шелекке тастамай, жерге тастап кетеді. Мұндай мысалдардың шегі жоқ. Өзіміз күнделікті ішетін судың шығатын көзіне барып, қоқыс тастайды. Сол ластанған суды біз пайдаланамыз.

Өнеркәсіптік құбырлардан шыққан химиялық улы қалдықтар біздің жеріміздің әрбір қаласында тірі ағзаға зиянын тигізетінін білеміз.
Сол химиялық қалдықтардың салдарынан өкпе, рак, аллергия, гайморит аурулары көбейіп барады.

Аузынан от шашқан тажалды бітеу үшін Невада - Семей антиядролық қозғалысын білмейтін адам жоқ. Радиациялық заттардың қоршаған ортаға тигізер салдары мына генетикалық өзгерістерден көрініп тұр.

Қорытынды
Қоршаған ортаны ластанудан қорғау тақырыбын алып, зерттей отырып мынадай тұжырымға келдім:
● “Тәрбие - бесіктен” демекші, әрбір ата - ана отбасында балаға өзін қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеуі керек.
● Өзіміз тұрған жерімізде көбірек өсімдікті баптап, жасыл желекті көбейтсек
● Мектепте “Мені қоршаған орта” деген тақырыпта сайыс өткізіп, әрбір оқушы бір кісідей ат салысуы қажет.
● Табиғатты қастерлеу мақсатымен “Жер - Ана күнін” атап өту іс - шараларын ұйымдастыру керек.
● Егер осы жоғарыда аталған іс - шаралар өз деңгейінде атқарылса, келешекте – көк майса ағаштары жайқалған, мөлдіреген айдын шалқар көлі, ауасы кіршіксіз таза, ғажайып қоршаған ортаға қол жеткізер едік.

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзендегі барды адамға, жан - жануарға өсімдікке берген. Өсімдік тіршілік тірегі. Жасыл желектер ауаны улы газ бен шаңнан тазартады.
Өсімдіктің қызметін бірде - бір жетілген механизм атқара алмайды.
Экология деген сөз " Тіршілік ету мекені, өмір сүретін орта " деген ұғымды білдіреді.
Егер мақсатымды көздей отырып қоршаған ортаны ластанудан тазарту жұмыстарын жүйелі түрде қалыптастырса:
*Күнделікті дем алатын ауамыз таза болар еді.
*Қоршаған ортаның сұлулығы артады.
*Адамдар ауру - сырқаудан арылады.
*Елімізде дені сау тұлға қалыптасады, жеріміз көркем, әсем болып жайнар еді.

Менің арманымдағы қоршаған ортаның көрінісі. (Әдемі табиғат суреттер көрсетіледі)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Табиғатты аялайық (шығарма)

Табиғатты аялайық (шығарма)

Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау міндетіміз....
Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспа ...

Адамның іс әрекеті - аса маңызды экологиялық фактор (күнделікті сабақ жоспа ...

Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның...
Жер тағдыры – Ел тағдыры

Жер тағдыры – Ел тағдыры

Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше...
Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары

Экологияның негізгі заңдары мен қағидалары

Сабақтың мақсаты: Тақырыптың мазмұнын меңгерту, алған білімдерін жүйелі жұмыс істеуге қалыптастыру. - Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту. -...
Құстарды қорғайық

Құстарды қорғайық

Мақсаты - Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру, қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін жүктеу, туған жерге деген...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×