Сайтқа кіру Тіркелу

Гүл- жердің көркі

Мақсаты: 1. Оқушыларға тақырыптың мазмұнын толық ашуға, гүлдер туралы білімдерін жан – жақты толықтыру.
2. Көбею мүшелері гүл, жеміс, тұқым арқылы жүзеге асатындығын баяндау және сөздік қорын молайту, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
3. Гүлдерді баптап, күту мәдениеттілігін қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, орталықтың тапсырмалары,
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (математика, дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі)
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, бөлме өсімдіктері, жапсырмалар, ғаламтордан алынған гүл түрлері, түрлі - түсті гүлдер

Орталықтар: 1. Оқу, жазу орталығы
2. Зерттеу орталығы
3. Өнер орталығы
4. Математика орталығы
Сабақтың барысы:
1. Таңертеңгілік жиын. Шаттық шеңбері
Шеңбер құрып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын ашайық,
Жүрекке жылу шашайық.
** Жұмбақ шешу
Адамдардың бәрі қызығады,
Ұстай берсең сәні бұзылады. ( гүл)
Тақырыпты хабарлау. «Гүл – жердің көркі»
Слайд. «Гүлстан гүл» бағы
Кіріспе: «Гүл өссе – жердің көркі» Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. Гүл - әдемілік өлшемнің шыңы. Гүл беру арқылы біз біреуге ақжарқын көңіліміз бен ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен сыйымызды көрсеткіміз келеді Табиғаттың бөлінбес бөлшегінің бірі — өсімдік. Өсімдік адам баласы үшін, ішсе тамақ, кисе киім, жақса отын, малына өріс, езіне қоныс болған. «Гүл — дүние көркі» десек қателеспейміз. Гүлдердің де біздер сияқты жаны бар. Олар адамға үлкен пайда келтіреді. Әр адамның өзінің сүйікті гүлі болады. Мерекелерде, туған күндерде, жақсылықта гүл сыйлау - үлкен құрметтің белгісі.

1. Топтарға бөлу; гүлдер арқылы 4 топқа бөліну.
( оқу, жазу орталығы, математика орталығы, өнер орталығы, зерттеу орталығы)
2. Топ басшыларын сайлау
Ата – аналар орталықпен жұмыс жүргізеді.
2. « Тәй – тәй» бағдарл. күн тәртібімен таныстыру;
А) Орталықта жұмыс істеу ережесі:
* топта бірлесіп жұмыс істеу;
* орталықтарға берілген жұмыстарды талдау;
* бір – бірлерін тыңдау.
І. Орталықтардың жұмыстарымен таныстыру:
1. Математика орталығы
1 - тапсырма. Есеп шығару
2 - тапсырма. Ойын. «Кел, ойнайық!»

2. Зерттеу орталығы
1 – тапсырма: Кестені толтыр

Өсімдіктің көбею мүшелері
Өсімдіктің өсу мүшелері

Сергіту сәті. Аппақ гүлдер. (әуенімен қосылып айту)
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

3. Оқу, жазу орталығы
1 - тапсырма:
1.«Гүл өссе – жердің көркі» тақырыбында эссе жаз.
2. Мақалдардың жалғасын тап.

4. Өнер орталығы
1 - тапсырма:
1. «Гүл – жердің көркі» тақырыбында сурет салу.
2. Түсті қағаздан гүлдер жаса.
3. «Ұйқасын тап» өлең құрастыр.
...............,................. гүлдер,
................,.............. гүлдер.

Жүректен жүрекке
* Кілем басына жиналу.
Гүл көңілімізге қуаныш сыйлайды. Гүлдің де тағдыры, тіршілігі,, мінезі бар. Олар өте сезімтал. Табиғатта гүлдердің түрі өте көп. Гүлдер бізді әсемдікке, ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгалдандыру, жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
Гүл - дүниенің көркі.
Гүл – жердің көркі.
Гүл - әдеміліктің символы.
Гүл – нәзіктің белгісі.
Гүл – көңіл ашады.

Бағалау: Әр орталықтың басшылары орталықтарының жұмыстарын бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×