Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақстан – менің Отаным. Шығыс септік

4 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан – менің Отаным

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру, шығыс септігі туралы түсіндіру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу дағдыларын, ойлау қабілеттер дамыту, сөздік қорларын байыту, ой - өрістерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін арттыру, өз туған жерін, елін құрметтеуге баулу.

Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: Әңгімелеу, қайталау, түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың тақырыбын ашатын презентация, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:
- cәлемдесу;
- сұрақ – жауап ұйымдастыру;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Қазақстан Республикасына байланысты суреттерді көрсетіп (интерактивті тақтада), әңгімелесу.

2. Жаңа сөздермен жұмыс:
тәуелсіз – независимый
тұрамыз – живем
бас қала – главный город
мемлекеттік – государственный
қонақжай – гостеприимный
Сөздерді дауыстап, жеке - жеке оқыту;
Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.
Мысалы: Қазақстан, тұрамыз, Тәуелсіз ел, Біз тұрамыз, мемлекет

Біз Қазақстанда тұрамыз.
Біз тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз.

3. Мәтінмен жұмыс: Қазақстан – менің Отаным.
Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақстан – біздің Отанымыз. Ол – тәуелсіз мемлекет.
Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Республикамыздың бас қаласы – Астана.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – өзінің салт - дәстүрі, мемлекеттік рәміздері бар ел. Қазақ халқы – қонақжай халық.
Мәтінді мұғалім оқиды;
1 - 2 оқушыға оқыту;
1 сөйлемнен оқып, аудару;
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;
4. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру:
1) Мәтіннен септік жалғаулары бар сөздерді тауып, оқыту. Қай септіктің жалғауы екенін айту.
2) Шығыс септігі туралы түсіндіру

ШЫҒЫС СЕПТІК
Сұрақтары: Жалғаулары:

Кімнен? - нан, - нен;
Неден? - дан, - ден;
Қайдан? - тан, - тен.

3) Келесі сөздерге шығыс септігінің жалғауларын жалғап жазғызу:
Қазақстан, Астана, халық, Отан, мемлекет, қала.
5. «Кім көп сөз ойлап жазады?» ойынын ойнау.
«Қазақстандықтардың» сөзінде қандай сөздер жасырынған? Кім екі минутта көп сөз ойлап жазады?
(Сөздерін оқытып, жеңімпазды атау)

ІV. Сабақты қорыту:
Мәтінге сүйеніп тірек - сызба құру
Қазақстан

Тәуелсіз мемлекет
Біздің Отанымыз
Туған жеріміз
Бас қаласы – Астана

V. Үй тапсырмасы:
- жаңа сөздерді жаттау;
- тірек сызбаны жаттау;
- «Мемлекет» сөзін септеу;
- Шығыс септігін қайталау.
VІ. Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет.

Мәтіннің мазмұнын меңгерту, Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, білім алушылардың сөйлеу қабілеті мен танымдық деңгейін арттыру, сөздік қорын...
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы

Білімділік. өз өлкеміз Солтүстік Қазақстан өңіріне оқушылардың зейін мен назарын аудартып, қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын арттыру;...
Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан

Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан

Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан...
«Туған жерім – Қазақстан»

«Туған жерім – Қазақстан»

«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С Тақырыбы: «Туған жерім – Қазақстан» ...
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні. Септік жалғаулары

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні. Септік жалғаулары

Павлодар қаласы, "№ 8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені" ММ бастауыш сынып мұғалімі: Смаилова Ә. Ә....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×