Сайтқа кіру Тіркелу

Негізгі және туынды сын есімді қайталау

Қазақ тілі 3 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есімді қайталау
Мақсаты:
Білімділік: сын есімнің негізгі және туынды түрлерін пысықтап, оқушылардың білімдерін толықтыру;
Дамытушылық: ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды инабаттылыққа, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: қайталау, жинақтау сабағы.
Әдістері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, салыстыру - ажырату.
Көрнекілігі: суреттер, тапсырмаларға қажетті көрнекіліктер, слайд, дидактикалық материалдар

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
«Мен қандаймын?»
Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есім сөзін қосып айтады. Мысалы: Дәурен – Дарынды Дәурен т. б.
Сабақтың мақсатын хабарлау. Негізгі және туынды сын есім туралы алған білімдерімізді ортаға салып, жұмыс жүзінде қолдану.

II. Өтілген материалды қайталау, пысықтау.
1. «Бәйге» ойыны бойынша ауызша сұрақтарға жауап алу

1. Сол жақтағы 20. Сын есім дегеніміз не?
2. Ортадағы 50. Сын есім нешеге бөлінеді?
3. Оң жақтағы 10. Жаңылтпашты тез айтып, сын есімдерді тап:
Ала қарға қарға қонды,
Қара қарға жарға қонды.
4. Сол жақтағы 30. Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
5. Оң жақтағы 30. Туынды сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
6. Сол жақтағы 10. Сөздерден негізгі сын есім жаса −жүз, біл, тау, тәртіп, өнер.
7. Ортадағы 40. Берілген етістіктерге – ғыш, −гіш, −қыш, −кіш жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса. Біл, жүз, тап, сез, байқа, сөйле, айт.
8. Оң жақтағы 20. Сын есімдердің қайсысы негізгі, қайсысы туынды екенін айт.
Жаңа кітап, көк ту, әдепті оқушы, сүтті сиыр, атақты шопан, жүйрік ат, көктемгі мезгіл.
9. Ортадағы 40. Туынды сын есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Сулы, өнегелі, мұздай.

− Балалар, біз «Бәйге» ойыны арқылы сын есімнің түрлерін, оның сөз таптарының басқа мүшелерімен байланысуын қайталадық.
Ендеше Бб әрпін көркем жазуға кірісейік.

2. Көркем жазу
Бб. Бейбітшілік. Бақыт. Бірлестік.

3. Ой қозғау. Дәптермен жұмыс
Сурет арқылы көктем келбетін бейнелеу. Өлеңнен сын есімді тауып, қай сөз табымен байланысып тұрғанын айту.
Көктем қандай көңілді,
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күннің көзі көрінді.

Көңілді сөзіне дыбыстық талдау жасау.
3 буынды сөз, 7 дыбыс, 7 әріп;
К - қатаң дауыссыз дыбыс
ө – жіңішке дауысты дыбыс
ң - үнді дауыссыз дыбыс
і - жіңішке дауысты дыбыс
л - үнді дауыссыз дыбыс
д - ұяң дауыссыз дыбыс
і - жіңішке дауысты дыбыс

4. Мағынаны тану, түсіну
Тақтадағы сөйлемдерге назар аударту.
Тапсырма: Сөйлемдерді оқып сын есімдерді табу, сөз құрамына талдау.
- Қандай ұқсастық бар?
- Айырмашылығы бар ма?
- Осы мысалдарға қарап сын есім туралы не айтуға болады?

Ол өжет адам еді.
Балалардың талабы таудай.
Айгүл жасыл көйлек киді.
Данияр тәртіпті оқушы.
(Оқушыларға ой тұжырымдамасын жасату).

5. Оқулықпен жұмыс. 2 - жаттығу (өлеңді талдап, жазбаша орындау).
Өлеңді мәнерлеп оқу. Негізгі сын есімді 1 топ, туынды сын есімді 2 топ теріп жазады.

Құлағы пүліштей,
Тұяғы күмістей,.
Көзі жұлдыздай,
Жүні құндыздай.

Ақ емес, шұбар лақ,
Ойынға құмар лақ.
Шақырсаң келеді,
Би билеп береді.

6. Сергіту сәті.
Допты оқушыға лақтырып, «алма» деген сөзді атаймын, оқушы оны қағып алып «қызыл»деген сөзді айтып допты қайтарады. Ойын осылайша басқа сөздермен жалғастырыла береді.

7. Танымдық тапсырма.
Сәйкестікті табу
Білгіш ----- адам
Қоңыр ----- ағаш
Сенгіш ----- бала
Терең ----- ауыл
Әсем ----- қозы
Жуан ----- құдық
Көршілес ----- қала

7. Оқулықтан тыс тапсырма.
Терме диктант.
Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық
(Осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазып, талдау).

8. «Кім тапқыр?» ойыны
Сөздерді негізгі немесе туынды сын есім қатарына орналастыру.
Таза, үлкен, қызыл, өнерлі, сезгіш, арзан, жуас, тәртіпті, айнадай, жүзгіш, білгіш, бақытты, таудай, жасыл, ақылды, инабатты, сәулетті, әсем, жүйрік, доғал, суық, күндей.
(талдау)

III. Ой толғау
9. «Тамшыларды көлшікке түсіру» ойыны
Бұлттан жауған тамшыларда сын есімдер жазылған, негізгі сын есім тамшыларын,
негізгі сын есім атауы жазылған көлшікке түсіру, туынды сын есім тамшыларын, туынды сын есім атауы жазылған көлшікке түсіру. (ойын барысында талдап отыру, сабақты қорыту)
- Ал, балалар, міне, бұлт ыдырап, күлімдеп күннің көзі шықты.

Дәмді алма, көрікті бала, гүлді көйлек, жұлдыздай жарық, сұлу қыз, жаңбырлы күн, қатты тоқаш, жасыл орман, білімді оқушы, ұзын сызғыш, таудай биік, әсерлі әңгіме, пайдалы жұмыс, шөпті жер, қызыл көйлек.

Даламдай кең пейілім
Жүрегім мол мейірім,
Мен үшін жоқ уағың,
Бәріне ортақ шуағым

Осы жарқыраған күндей мейірімді жан шуақты, көңілі ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін азамат болыңдар!

Бағалау: (сабақ барысында түсіндіріп кеткен болатынмын. Әрбір оқушыға жауап беру санына сай жетондар таратылады, соның санына қарай бағаланады.

Үйге тапсырма. 5 - жаттығу, 65 бет
Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды ақын Дихан Әбілев ағамыздың мына өлең жолдарымен аяқтайық. (барлығы бірге)

Туған тілім – бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім – анам тілі - өз тілім!
Туған тілім – далам тілі - өз тілім!
Туған тілім – адам – тілі - өз тілім! – деп, өзіміздің туған тіліміз қазақ тілін қастерлей, қадірлей білейік.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар

Негізгі және туынды зат есім 31 - 37 жаттығулар

Мақсаты: 1. Негізгі және туынды зат есім есімдерді пысықтау. Сөз ішінен негізгі және туынды зат есімдерді тауып, талдай білуге үйрету....
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Сабақтың жабдығы: Кесте, тапсырмалар жазылған үлестірмелер Жалпы мақсаттар: Зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын,...
Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары

Зат есімнің жасалуына жаттығу жұмыстары

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 4 Хромтау орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касенова Жанагул Амангосовна...
Негізгі және туынды зат есім

Негізгі және туынды зат есім

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосы бастауыш сынып мұғалімі Мухтарова Гулмира Танжарбаевна Сабақ тақырыбы: «Негізгі және туынды зат есім»...
«Сын есімді қайталау»

«Сын есімді қайталау»

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, № 8 облыстық арнаулы - санаториялық мектеп – интернаттың тәрбиешісі, бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Шынар...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×