Сайтқа кіру Тіркелу

М.Мақатаев Қазақстан

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан. Мұқағали Мақатаев.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыны Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше жұмыс жүргізуге үйрету.
Дамытушылығы: Шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту; өлеңмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру, ой – өрісін дамыту, сөздік қорын байыту.
Тәрбиелілігі: Отанына, еліне, деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, іздену.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың пән аралық байланысы: қазақ тілі, дүниетану, өзін - өзі тану, музыка
Сабақта пайдаланған әдебиеттер:
1. Ана тілін оқыту әдістемесі
2. Ана тілі оқулығы 4 сынып
3. М. Мақатаевтың шығармалар жинағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
1. Психологиялық дайындық
2. Сыныпты 4 топқа бөлу
1 - топ Қырандар
2 - топ Бұлбұлдар
3 – топ Сұңқарлар
4 – топ Қарлығаштар
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығымен қысқаша таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін жатқа сұрау. Өлең бойынша ақын нені сүйеді екен?
1. Топтастыру:
Тапсырмаларды орындау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашуға байланысты сұрақ жауап жүргізу.
2. Сұрақ - жауап жүргізу
1. М. Мақатаевтың өмірге келген жері қалай аталады?
2. М. Мақатаев қай кезде туылған?
3. Ақынның қандай шығармаларымен таныссыңдар?
4. Жазған шығармалары арқылы оны қандай ақын дейді? (лирика дегеніміз не?)
5. Қандай әдеби шығармаларды білесің? (ертегі, аңыз, әңгіме, роман т. б)
6. Біздің ана тілімізде кімдердің шығармалары берілген?
7. Ақын М. Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінде (соңғы жолдарында)
қандай ұқсастық бар? Не байқадың?
8. Поэзия мен поэманың қандай айырмашылығын бар?
9. Отан деген сөзді тағы қалай айтуға болады?
(Оқушылар әрбір сұраққа жауап берген сайын Қазақстан Республикасының картасының суреті ашылады. Оқушылардан ҚР – ның картасы туралы сұрау, дүниетануды байланыстыру, қазақстанның аумағы, ондағы тұратын халық саны, басқа ұлттар, қай елдермен шекаралас екенімізді оқушыларға айтқызу)
ІІІ. Жаңа сабақ:
3. Жаңа сабаққа даярлық.
Кіріспе: Үнтаспа арқылы алдын ала жазылған М. Мақатаев «Қазақстан» өлеңін тыңдату. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Шумақтар бойынша оқып, түсінгенін баяндау.
Мұқағали кім? Біз ол жайында не білеміз? Қандай шығармаларымен таныспыз? Бүгін сендермен осы ақынның тағы бір шығармасы Қазақстан деп аталатын өлеңімен танысамыз. Барлық ақын жазушылар өз елдеріне, отанына шығармаларын арнайды. Барлығы өз бетінше туған еліне деген махабатын көрсетеді. Міне Мұқағали Мақатаев «Қазақстан» атты өлеңінде, ақын өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Қане, осы өлеңді үн таспадан тыңдап көрейік. (аудио жазба тыңдалады)
4. Өлеңді оқыту, талдату
Ақынның Қазақстанға деген шынайы сезімін, ішкі тебіренісін білдіретін сөздерді теріп жаз. (табынатын тәңірім, ием, арқа сүйенерім, сүйегім, қаным, Шолпаным (жарық жұлдыз), махабатым, арманым).
Мұқағали Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі
Жақсы атанды демессің сүйем десем,
Табынатын тәңірім, ием десем.
Адам болып күн кешу қиын маған,
Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.
Сен менің сүйегім мен қанымдасың,
Жанымдасың, ұятым, арымдасың.
Саған деген махаббат дамылдасын,
Тек сенің топырағыңды жамылғасын.
Қазақстан,
пай - пай!!!
Пай - пай Ардағым - ай!
Сен менің щолпанымсың жанған ұдай.
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым - ай.
(ұйқастарын тапқызу)
5. Венн диаграммасы
Сүйемін, өскен Отаным. Қазақстан
6. Топпен жұмыс:
1. топ. Қырандар
Қазақстан қандай?
Критерий Балл Дескриптор
«В»
Топпен жұмыс
«Қырандар»
Қазақстан қандай? сызбасын толтыру
0 Тапсырманы орындамады. Топ бірге жұмыс істемеді.
3 Тапсырманы орындады, топтың кейбір мүшелері толық қатыспады. Мәлімет аз.
5 Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері ойларын толық жеткізген. Мәлімет жеткілікті.
2 топ «Бұлбұлдар»
Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер жазу
Критерий Балл Дескриптор
«В»
Топпен жұмыс
«Бұлбұлдар»
Отан, туған жер туралы мақал - мәтелдер жазу 0 Тапсырманы орындамады. Топтың барлық мүшелері жұмыс істемеді.
3 Тапсырманы толық орындамады, топтың барлық мүшелері толық қатыспады.
(5 мақал)
5 Тапсырманы жақсы орындаған. Отан, туған жер туралы мақалдарды біледі. Топтың барлық мүшелері қатысты. (10 мақалдан асатын болса)
3 топ «Сұңқарлар»
Қазақстан тақырыбына эссе жазу
Критерий Балл Дескриптор
«В»
Топпен жұмыс
«Сұңқарлар»
«Қазақстан» тақырыбына эссе жазу
0 Тапсырманы орындамады. Топ бірге жұмыс істемеді.
3 Тапсырманы орындады, топ бірге жұмыс істемеді, эсседегі ой қорытындыланбаған.
5 Тапсырманы жақсы орындаған. Топтың барлық мүшелері белсене қатысты. Ойларын толық жеткізе алған.
4 топ «Қарлығаштар»
Қазақстан сөзінен жаңа сөздер құра
Критерий Балл Дескриптор
«В»
Топпен жұмыс
«Қарлығаштар»
«Қазақстан» сөзінен жаңа сөздер құра
0 Тапсырманы орындамады.
3 Тапсырманы орындады, кейбір сөздердің мағынасы жоқ. Топтың мүшелері толық қатыспады
5 Тапсырманы жақсы орындаған. Топ мүшелері толық қатысты. 10 сөз таба алды
7. Болмасаң да ұқсап бақ
Тапсырма: Өз ойларынан туған ел, Отан, Қазақстан туралы өлең шығару
Критерий Балл Дескриптор
«С»
Туған ел, Отан, Қазақстан туралы
өз ойыңнан өлең шығар 0
2 - 3
4 - 5
6 Тапсырманы орындай алмады
Тапсырманы орындады, бірақ өлеңді ұйқастыра алмады. Сөздерде қате бар.
Тапсырманы толық орындады. Ұйқастыра білген. 1 - 2 қате бар.
Тапсырманы жақсы орындаған. Өлеңді ұйқастырған. Қатесі жоқ.
(балалар жұмыс істеп отырғанда атамекен әуені орындалады)
Қорытынды:
Ой қорыту. Бүгін не үйрендік? Өлеңнің қай тұсы немесе қай шумағы саған ерекше әсер етті? «Шолпаным» деген сөзді қалай түсінесің?
Балалар біз бүгін сабақта не үйрендік?
ББҰ кестесін толтырайық. (INSERT) картасы
Білемін Нені білдім? Білгім келеді
Бағалау парағы
Тапсырмалар
Топтардың аты Сұрақ - жауап жүргізу
Өлеңді оқыту, талдату Венн диограммасы Топпен жұмыс Болмасаң да ұқсап бақ Жалпы балы Қорытынды
Қырандар
Бұлбұлдар
Сұңқарлар
Қарлығаштар
Мәуе ағашы
(Жапырағы жоқ ағашқа жапырақтар іліп, жайқалту. Әрбір жапыраққа Қазақстанға тілейтін жақсы тілектерін жазып, әрбір жапырақты ілгізу)
Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, жаттау. 2. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×