Сайтқа кіру Тіркелу

"Жұрнақ пен жалғау" ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: жалғаудың сөз бен сөзді байланыстыру үшін қолданылатындығын түсіндіру; сөздің түбірі мен қосымшасын ажырата білуге үйрету; сөздік қорларын арттыру.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру.
Сөз құрамына талдау жұмыстары жүргізіледі.
Бекіту сабағы.
1 - жаттығу.
Мақалды көшіріп жаз. Сөздерге жалғанған жұрнақ пен жалғауды белгіле.
Мал шөпке тоқтайды,
Ақылды сөзге тоқтайды.
Түйе – байлық, қой – мырзалық, жылқы – сәндік.
2 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңдегі жұрнақ, жалғау жалғанған сөздерді теріп жазып, белгіле.
Менің ағаларым.
Баптаған егінін,
Халқына ұнаған,
Мақтаны елінің
Егінші бір ағам.
Барады алдына
Балалар, кәрілер.
Адамның бағына
Бір ағам дәрігер.
Бір ағам жылқышы,
Үйреткен тай - құлын.
Өткізді бұл кісі
Қырда сан ай - күнін.
Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады: талапты, дәрігермін, татулыққа.
3 - жаттығу.
Берілген сөздердің құрамын сызбамен жаз.
Үлгі: сыйлықтар – сый - лық - тар, …
Сыйлықтар, әншілер, зейінділер, еңбекқорға, білімді.
4 - жаттығу.
Мақалдарды көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай белгіле.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
Еріншектің ісі – екі.
5 - жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы. – тан жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
Тік жартастан аунайды,
Асау өзен сарқырап.
Ақ моншақтан аумайды,
Ақтарылған жарқырап.
Жаңа сабақты қорыту.
Оқушылардың осы тарау бойынша алған білімдері қорытындыланады. Сөздер беріледі, ол сөздерді құрамына қарай кестеге жазады.
Жайлау, оқушылар, дала, баланың, көлшік, білімдіге, сірлу, көкшіл.
ҮІ. Сабақты қорыту.
Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.
ҮІІ. Бағалау.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×