Сайтқа кіру Тіркелу

Щ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Щ дыбысы мен әрпімен, Щщ дыбысының ерекшелігімен, дыбыстық талдату арқылы дауыссыз дыбыс екенін ажырату. Сөздер, сөйлемдерді жылдам оқуға үйрету.
Дамытушылық: ойлау қабілеті мен дүниетанымын кеңейту. Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Табиғат байлықтарын күтіп ұстауға, табиғатты да, адам өзін - өзі де күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Кеспе әріптер, Щ дыбысына байланысты сөздер, шеткалардың түрлері.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: ертек тыңдау, қызығушылығын ояту, перфокартамен жұмыс, ассоциация әдісі, көрнекілік талдау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг арқылы сабақты бастау
Қол ұстасып бәріміз,
Жылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
ІІ. Үй жұмысын тексеру
Ерте, ерте ертеде барлық нәрсе қолынан келетін, жақсылық жасағанды жанындай жақсы көретін «Жақсылық» атты хан болыпты. Ол Ээ деген әріпті бірінші сыныпта үйренген күні сол сыныпта оқитын балалардың үйінің ішін шам – шыраққа бөлеймін депті. Ол үшін бізге көптеген тапсырмалары бар көрінеді соны егер ойдағыдай орындасақ оның бізге беретін бір сый сияпаты бар екен.
- Б\р үйге қандай тапсырма берілді?
- Электр өлеңін жатқа айту
- Бағандағы сөздерді оқып келу
- Қосымша Ээ дыбысына байланысты өлеңдер жаттап келу.
1. бағандағы сөздерді тізбектей оқу
2. Электр өлеңін жатқа сұрау
3. Ээ дыбысынан келетін сөздерді жазу.
ІІІ. Өтілген материалды пысықтау үшін перфокарта пайдалану
Ээ дыбысынан келетін сөздерді жазу.
Мінекей балалар сендер «Жақсылық» ханның ойындағыдай үй тапсырмасын жақсы орындап келіпсіңдер. Сендердің мектептеріңнің де, үйлеріңнің де, сыныптарыңның да іші жап - жарық болып тұрсын деп сендерге электр шамын сыйға тартпақ.
Шам шырақты сыйға тартқан соң адамдардың да, жерініңі де шаң - тозаңсыз болғанын қалапты.
Ендеше балалар мен сендерге бір жұмбақ қойғым келіп тұр.
Бірі тісті жуады,
Бірі шаңды қуады
Ол - щетка
Буынға бөліп көрейік
Щет - ка
Дыбыстық талдау жасап жіберейік
ызың
Дауыссыз қатаң
Тіл алды
Барлық буында келеді
Теледидар арқылы Щщ әрпін көрсету
Щетка түрлерімен таныстыру
- Балалар Щ дыбысы қай әріпке ұқсайды?
- Ш әрпіне ұқсайды
«Жақсылық хан» бүгінгі берілген мәтіндерді дұрыс оқыса, осы ауылдың жерін, ауасын тап – таза етіп, сайын суға толтырамын депті
ІҮ. Оқулықпен жұмыс
Теледидар арқылы сурет көрсету. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Бағандағы сөздерді оқу. Мағынасын ашу.
Щетка ащы тұщы борщ
Зат дәмі татымы тағам
Слайд арқылы Балқаш көліне тоқталу
Картамен жұмыс
«Балық аулау» ойыны
Аквариумнан балықтар аулау. Әр балық аулаған сайын ащы, тұщы, щетка, борщ сөздеріне сөйлем құрау.
Балық ауланады. Оқушылардың білімінің арқасында ауланған балықтан дәм татқызу.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
Шығармашылық тапсырма сызба арқылы
Ащы
Тұщы
Щетка
Борщ
Бекіту
Кім тапқыр?
А..... ы т ұ...... ы бор.... пла......... тка
(щ)
Бағалау, мадақтау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×